Блогшы Жанасыл Болатбек бос уақытында видео түсіріп, Youtube-тегі арнасына салып отырады. Ол егер сол арқылы ақша табу мүмкіндігі болса, қазіргіден де көп аудитория жинайтынына сенімді.
- Алғашқы видеомды 2011 жылдың маусымында жүктеген екенмін. Қазір қоржынымда шамамен 50 видео бар. Негізінен өзім түсірген әуесқой видеолар. Жалпы көрілім саны 22 мыңға жуықтап қалыпты. Ең көп қаралған бейнелер - былтырғы Dombyra Party кезінде түсірілген видеолар. Алды 2970 қаралым. Көрілім артсын деп жарнама жүргізген емеспін. Кейде Facebook-та бөлісіп отырам, - дейді ол.
Әлемдегі ең ірі Youtube видеохостингі өткен аптада ақылы жазылу сервисін іске қосатынын мәлімдеп, осы бағыттағы жоспарларымен бөлісті. Жанасыл сияқты желінің тұрақты қолданушылары үшін бұл жаңалық - жаңа бір ынталандыру түріне айналуы мүмкін.
АҚЫЛЫ ВИДЕО-КОНТЕНТ
The New York Times газетінің жазуынша, ақылы арналарға жазылу бағасы 99 цент пен 8 доллар аралығында.
Басылымдағы ақпарат бойынша, әзірге тек ондаған арна ғана қолданушылардан контенті үшін ақы ала алады. Жобаға енген арналардың аудиториясы әртүрлі. Онда Sesame street сияқты балаларға арналған бағдарламадан бастап шығыс жекпе-жек өнері мен мотоцикл фанаттарына арналған өнімдер және The Young Turks ("Жас түркілер" - ред.) атты шоуға дейінгі әртүрлі мазмұндағы арналар бар.
Олардың тізімін мына жерден көруге болады.
Журналистерге арналған жиында Youtube-тың әріптестік орнату бойынша жетекшісі Малик Дюккард «біз неғұрлым кеңейген сайын және неғұрлым өз-өзімізге қызмет көрсетуді арттырған сайын көптеген инновацияға көзіңіз жетеді» деген.
Ақпарат бойынша, ақылы арналар қолданушыларға алғашқы екі апта бойы тегін көрсетеді. Жазылушылар оның ақысын кредиттік карта немесе Google Wallet сервисі арқылы төлейді.
BBC-дің жазуынша, сарапшылар жазылу бағасы айына бір доллар болған күннің өзінде арналардың қанша аудитория жинай алатынын нақты айта алмай отыр.
Google-дан бөлек, бұған дейін Amazon, Hulu, Netflix сияқты компаниялар ақылы интернет-видео ұсынған.
"САПАЛЫ ВИДЕО АВТОРЛАРЫН ҚОЛДАУ"
Веб-мастер Елдар Құдайбергеннің пікірінше, Youtube-те ақылы арналардың пайда болуы контентті сапаландыра түседі.
- Бұл біріншіден, Youtube-тің сапалы контент жасап отырған авторларды қолдауының бір түрі. Екіншіден, сапасы төмен видео-контент жасап жүрген авторларды ынталандыру. Былайша айтқанда мотивация ғой. Қазіргі таңда интернетте сапалы контент тапшы. Авторлардың саны бар, сапасы өте нашар, - дейді ол.
"Qazaq Media" компаниясының жетекшісі Жалғас Ертай "интернет-телеарна мен хостингтің гибридінің" пайдасын қолданушылар да көреді деп есептейді.
- Бұл қарапайым қолданушыларға контентті бірінші дерек көзінен алуына ақылы болса да мүмкіндік туады деген сөз. Яғни, айталық біз BBC-дің сайтына кірместен оның Youtube-тағы арнасына жазыламыз. Және бір сайтта бірнеше функцияны орындап отырамыз. Осылайша сапалы контент аламыз, пікірімізбен бөлісеміз және басқалармен бөлісуге мүмкіндік аламыз. Менің ойымша, бұл болашақ телеарнасының бағыт-бағдарына мысал, - дейді Жалғас Ертай.
ҚОЛДАНУШЫЛАР ТӨЛЕЙ ҚОЯ МА?
Қазақстанда қанша Youtube қолданушысы бар екені туралы нақты дерек жоқ. Бірақ желіде жарияланған қазақстандық видеолар тез танымал болып, қызу талқыланып жатады.
Мысалы, Азаттық радиосының Youtube-тағы арнасында жақында жарияланған мына видео аз уақыт ішінде 150 483 рет қаралып, оған 600-ге жуық коммент түскен.
Кей кезде қарапайым қолданушылар салған видеолар да танымал болып жатады. Мысалы, интернетте жарияланған қазақстандық музыканттың мына видеосын көрушілер саны миллионға жуықтаған.
Әйтсе де, блогшы Мұрат Тұңғышбаевтың пікірінше, "Қазақстанда көпшілік төлеп көретін қызықты контент жоқтың қасы".
- Қазақстанда ақылы арналар пайда болуы мүмкін. Тек оларды ақылы түрде көруге дайын адамдар аз деп ойлаймын. Бізде тіпті ойын-сауық контенттерін көру үшін төлеу мәдениеті дамымаған. Көбісі тегін көргісі келеді, - дейді блогшы.
"Qazaq Media" компаниясының жетекшісі Жалғас Ертай бұған "электрондық сауданың дамымауы мен интернет-сауаттылықтың төмендігі" де кедергі болатынын айтады.
Интернет қолданушы Еркебұлан Қайрахан ақылы арналарға жазылғысы келмейтінін айтады.
- Өз басым ақша төлеп ешқандай арнаға жазылмас едім. Youtube-тен ешқандай онлайн-сабақтар оқымаймын... Бұл қадам интернеті дамыған, халықтың сауаттылығы жоғары елдерде сәтті болуы мүмкін, - дейді ол.
Youtube сервисін 2005 жылы Калифорнияда PayPal компаниясының бұрынғы үш қызметкері ашқан.
2006 жылы Google компаниясы оны 1,7 миллиард долларға сатып алған еді.
Биылғы наурыз айында аталмыш алып әлеуметтік видеожелісі өз қолданушыларының саны бір миллиардтан асқанын мәлімдеді.