Маңғыстаулық ақсақалдардың бір тобы Жаңаөзен қаласының атауын "Бекет ата" деп өзгерту жөнінде ұсыныс жасады. Биыл желтоқсан айында Жаңаөзендегі қанды оқиғаға бір жыл толады.
«Жаңаөзен қаласының атауы Бекет ата деп ауыстырылуы мүмкін. Маңғыстау облысы ақсақалдар кеңесінде ауыл қариялары басшылыққа осындай ұсыныс жасады» деп хабарлады бүгін бірқатар қазақстандық ақпарат құралдары.
Бұл ақпаратқа қарағанда «ақсақалдар ресми түрде құжат толтырып, 40 шақты қол жинаған. Облыстық әкімшіліктен соң ресми өтініш аймақтағы мәслихаттың қарауына жіберіледі. Әрі қарай Жаңаөзен қаласын Бекет ата деп атау мәселесін ономастикалық комиссия қарайды».
«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің айтуына қарағанда «ақсақалдар Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджановпен сенбі күні, яғни 27 қазанда Оғландыдағы Бекет ата мешітінде кездескен».
Осы кездесуден кейін Жаңаөзен қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Айдаров Жаңаөзен қаласына Бекет атаның есімін беру жөніндегі ұсыныстары туралы ақпарат құралдарына баяндап берген.
«Бекет атаның есімі жастар тәрбиесіне жағымды әсер етеді» деген Асылбек Айдаровтың сөзіне қарағанда Жаңаөзенге Бекет атаның есімін беру жөнінде ұсыныс осыдан екі жыл бұрын да айтылған.
«ТАҢ ҚАЛУ»
Азаттық тілшісі Маңғыстау облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Сайын Назарбекұлымен сөйлескенде ол ұсынысты қолдайтынын білдірді.
«Жаңаөзен қаласының алғашқы қазығын қаққан адамдардың бірімін» деген Сайын Назарбекұлы «Бекет атаның әруағы қазақ халқының әлемге танылуына еңбек етуі керек» деп санайды.
Маңғыстау облыстық ақсақалдар кеңесінің облыс әкіміне жасаған ұсынысы жөнінде Азаттық тілшісі жергілікті тұрғындардан сұрағанда олар "өздерінің де
таң қалып отырғанын" жеткізді.
Мұнайшы Дінмұхаммед Төлеуов мұндай ақпараттар кешеден бері таралып жатқанын, бірақ кеніш жұмысшыларының ол туралы толық хабары жоқ екенін айтты.
Оның сөзіне қарағанда «мұндай ұсынысты билікке жақын жүрген ақсақалдар жасауы мүмкін». Ал Сайын Назарбекұлы бұған қатысты былай деді:
- Бұл да бір сәйкес келіп қалған ұсыныс болуы мүмкін. Ал Жаңаөзен оқиғасына шетелдің үлкен адамдары ықпал еткені, қатысқан кісілерді жалдап, ақша беріп, көп ықпал жасағаны туралы хабарымыз бар. Ұсталғандар да, қашып кеткендер де сол оқиғаны әдейі ұйымдастырушылар екеніне халық сеніп отыр. Оған дәлел көп, - деді Сайын Назарбекұлы.
«ЖАҢАӨЗЕН КӨШЕСІ МЕН ЖЕЛТОҚСАН КӨШЕСІ ҚАТАР ЖАТСА...»
Жаңаөзен қаласының атауын өзгерту жөніндегі ұсыныс әлеуметтік желілерде де талқыланып жатыр.
Соның ішінде Серікжан Мәмбеталин парақшасында «Жаңаөзенді Бекет ата деп атаймыз деп жатыр. Менің ойымша, ең әуелі Алматыдағы Фурманов көшесін
Жаңаөзен деп атаған дұрыс. Жаңаөзен көшесі Желтоқсан көшесімен қатар жатса, қалай қарайсыздар?» деген сауал тастаған екен.
Бұл сауалға жауап қайтарушылардың бірі «Abeke Bektibayev» «Қаланың атын өзгертіп, Жаңаөзен атауын лексиконнан шығарып тастағысы келеді, сөйтіп қанды оқиғаны тарихтан өшірмек» деп жазады.
Ал тағы бір әлеуметтік желі қолданушысы «Фурманов көшесінің папа есімін күтіп тұрғанын» жазыпты.
Былтыр 16 желтоқсанда болған қанды оқиғадан кейін Жаңаөзен республикадағы белгілі қалалардың біріне айналған еді. Осы оқиға кезінде ресми ақпарат бойынша 17 адам қаза болып, жүздеген адам жараланған болатын.