Accessibility links

Мұнайлы Жаңаөзен қираған қалаға айналып барады


Жаңаөзен қаласының тұрғыны Күнсұлу Отарбаева. 2 қыркүйек 2011 ж.
Жаңаөзен қаласының тұрғыны Күнсұлу Отарбаева. 2 қыркүйек 2011 ж.

Маңғыстау облысының көптеген елді мекендері сияқты мұнайшылар қаласы Жаңаөзен де жұмыссыздық пен жоқшылыққа батқан.


Жаңаөзен тұрғындары қылмысқа, бүлінушілікке, азық-түлік қымбатшылығына, электр энергиясымен қамтудағы кемшілікке, ауыз су тапшылығына наразылықтарын білдіреді.

ОРАЛМАНДАР АРҚАСЫНДАҒЫ ӨСІМ

1968 жылы іргесі салынған мұнайшылар қаласы Жаңаөзен Манғыстау шөлді үстіртінде орналасқан. Бұл жерде мұнайды жыл сайын көп өндіріп жатыр, ал мұнай - Қазақстанның көптеген миллиард долларлық бюджетінің негізін құрайды. Жергілікті тұрғындардың деректеріне қарағанда, о баста 60 мың адамға есептелген қаланың халқы соңғы жылдары 120-130 мың адамға дейін өсті. Өсім Өзбекстан мен Түркіменстаннан келген оралмандардың есебінен артып отыр. Қаланың шет жағы арзан саман кірпіштен салынған жеке меншік үйлермен қоршалған.

Азаттық радиосының тілшісі бұл жерден советтік көпқабатты жүдеу үйлерді, қазіргі геттоға ұқсайтын тұтас бір ықшамаудандарды көрді.

Орталық алаңда еңбекақыларын арттыруды талап етіп, жүздеген мұнайшының ереуілдеп жатқанына, міне, төртінші айдың жүзі болды. Ал қала, жазда шыжыған күннің астында, қыста сүйектен өтетін желдің астында өз бетінше өмір сүріп жатыр. Қала тұрғындарының айтуынша,
Жаңаөзеннің орталығындағы ескі тұрғын үйлердің бірі. 2 қыркүйек 2011 ж.

қаланың негізін құрайтын кәсіпорындарда, негізінен мұнай компанияларында аз дегенде 18 мың адам жұмыс істейді.

– Егер 18 мың мұнайшының отбасыларында орта есеппен төрт-бес адам болса, 75-80 мыңға жуық адамның тұрмысы мұнай саласына тәуелді. Сегіз мыңдай адам бюджеттік салада еңбек етеді. Екі-үш мың адам саудада жұмыс істейді. Белгісіз болып отырғаны: қалған 35 мың жаңаөзендік қалай өмір сүріп жатыр? – дейді Жаңаөзеннің тұрғыны Күнсұлу Отарбаева.

Күнсұлу Отарбаева Жаңаөзенде мұнай өндіруші салаға қатысы жоқ жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар құру қажеттілігі жайлы айтады. Сонда жаңа жұмыс орындары пайда болады, бірақ бұған көп уақыт керек деп есептейді ол.

Оралмандар негізінен қосалқы шаруашылықпен айналысады, мал өсіреді,
Біздің балаларымыз мұнайшы болады. Ол жерде жалақы жақсы.

дейді Өзбекстаннан қоныс аударған Сабыржан. Мұнай-газ саласында жұмыс істейтін оралмандар өте аз. Себеп – мамандықтары жоқ.

– Мен 1998 жылы Қарақалпақстаннан келдім. Мұнай кәсібінен түк түсінбеймін, арнайы машиналарды айдай алмаймын. Қолымнан келетін жалғыз-ақ нәрсе – құрылыс. Құрылысшы болып жалданамын да. Үй саламыз, жөндеу жұмыстарын жасаймыз. Біз көп ақша алмайтындықтан, сұраныс бар. Бізді арзан жұмыс күші деп атайды, – дейді Сабыржан.

Оралмандар балаларының көбі Жаңаөзеннің мұнай колледжінде оқиды, олардың арасында құрылысшы Сабыржанның балалары да бар.

– Біздің балаларымыз мұнайшы болады. Ол жерде жалақы жақсы. Мұнайшылар орта есеппен 120-150 мың табады. Жаппай жұмыссыздықты ескерсек отырып, бұл - әжептәуір ақша, – дейді Сабыржан.

ЕЛЕС-ҚАЛАДАҒЫ ҚЫМБАТШЫЛЫҚ

Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі Жаңаөзен дүкендеріндегі бағаға әсер етпейді. Азық-түлік бағасын Алматымен салыстыруға болады, бірақ ет өнімдерінің қымбатшылығына ештеңе тең келмейді. Бір килограмм еттің бағасы Жаңаөзенде 1600-1800 теңгеге дейін жетеді. Түйе еті ғана арзан, 1000-1200 теңге. Мұнайшыларға еңбекақы беретін күндері азық-түлік
"100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша салынған мектеп, Жаңаөзен, 2 қыркүйек 2011 ж.

бағасы тағы да 100–200 теңгеге артатынын айтады қала тұрғындары. Бірақ баға одан соң әуелгі қалпына қайта түспейді.

Жаңаөзендіктер жұмыссыздық, азық-түлік қымбатшылығымен қатар электр энергиясы мен сумен қамтудағы кемшіліктерді айтып шағымданады.

– Кейде суық суды бүтін бір аптаға өшіріп тастайды, ал ыстық суды сөткесіне екі сағатқа ғана – таңертең және кешке береді. Электр энергиясын да анда-санда өшіріп тұрады. Себебі не екенін мен білмеймін, – дейді Жаңаөзеннің тұрғыны Жидегүл Аманшина.

Қалада фонтан мен саябақ, бақ, демалып, серги алатындай жақсы ойын-сауық орталықтары жоқ. Жаңаөзен орталығындағы су жаңа спорт кешені – жаңаөзендіктер мақтан тұтатын, бос уақыт өткізуге арналған жалғыз орталық. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда,
Кейде суық суды бүтін бір аптаға өшіріп тастайды, ал ыстық суды сөткесіне екі сағатқа ғана – таңертең және кешке береді.

«ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» компаниясы осы кешеннің құрылысына екі миллиард теңге жұмсаған.

– Мұнайдан түскен бүкіл доллар Астана мен Алматыға кетеді. Ал біз осы бүліншілікте, елес-қалада өмір сүреміз. Бірақ, шетелдіктер айтпақшы, осынау жерасты байлықтары барда Жаңаөзен үйлерінің шатырлары алтын шиферден құйылса керек еді. Қайдағы, адамдар әрең күнкөріп жүр, – дейді өзін Талғатпын деп таныстырған Жаңаөзеннің тағы бір тұрғыны.

1960–1970-жылдары салынған Жаңаөзеннің көпқабатты үйлерінің сыртқы кескіні мәз емес. Олардың көбі апатты күйде тұр.

– Біздің үйіміз ескі. Подъездердің жағдайы тым нашар. Кісі өлтіру, зорлау дегенді дәл подъезді үйлерде жасайды. Қаламызда қылмыс белең алған. Жөндеу жасауға шамамыз жетпейді, мұны биліктен де талап ете алмаймыз. Тұрғындар да құнттап қарамайды, ластап, былғап тастаған - өздері, – дейді Жаңаөзеннің бір тұрғыны.

2009 жылы Жаңаөзенде бірнеше жаңа балабақша, мектеп пен аурухана сала бастады. Тұрғындар бұл жаңа нысандардың дер кезінде, тіпті ресми
Жаңаөзендегі 1989 жылғы маусым оқиғаларын еске алуға қойылған ескерткіш. 2 қыркүйек 2011 ж.

тұсаукесерден соң да ашылмай қойғандарын айтады.

– Ресми тұсаукесер үшін Ақтау мен Астанадан шенеуніктер келеді, осы әлеуметтік нысандарды сыртынан сән-салтанатпен ашып, кетіп қалады. Ол кезде бұл нысандар іс жүзінде қолданысқа өткізілмеген болатын. Аурухана тек бір жылдан соң ғана қабылдай бастады. Осылай өзін-өзі алдаудың не қажеті барын ұқпаймын, – дейді Жаңаөзен тұрғыны Қайыржан Шағырбаев.

Ресми статистикаға сенсек, Жаңаөзен қаласының кезек күттірмейтін әлеуметтік проблемаларын шешуге бюджеттен жыл сайын бір миллиард теңге бөлінеді. Бірақ бұл қаражаттың қалай жұмсалатынын жаңаөзендіктер білмейді. Олардың жалғыз көріп отырғандары – Жаңаөзеннің біртіндеп қираған қалаға айналып бара жатқаны.
XS
SM
MD
LG