Маңғыстау облысының көптеген елді мекендері сияқты мұнайшылар қаласы Жаңаөзен де жұмыссыздық пен жоқшылыққа батқан.
Жаңаөзендегі өзге ереуілші мұнайшылармен бірге жұмыстан шығып қалған Мырзабай Ілесовтің бала-шағасы үш айдан бері қара нан, қара суға қарап отыр.
Жаңаөзен мен Ақтаудағы мұнайшылардың ереуілдеп жатқандарына төрт ай болды. Жұмыс берушілер ереуілшілер талабын орындаған жоқ. Еңбек дауы енді саяси сипат алып барады.
Орал қалалық әкімшілік соты президент Назарбаевтың өкілетін ұзарту туралы референдум өткізуге қарсылық білдіргендердің бірі, «Уральская неделя» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедияровқа қатысты үкім шығарды.
Бейсенбі күні Оралда бірнеше адам Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзарту туралы референдум өткізуге қарсылық білдіріп, алаңға шықты. Оларды полиция ұстап әкетті.
Блогерлер президент Назарбаевтың өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізуді жақтап қол жинау барысында байқалған заң бұзу фактілерін тіркейтін арнайы форум ашты.
«Шекарасыз репортерлер» ұйымы украин журналисі Василий Клементьевтің жоғалғаны туралы іс Георгий Гонгадзенің өлімін тергеу ісі тәрізді көп кабинеттің ішінде тығырыққа тіреле ме деп қауіптенеді.
Дүйсенбі күні Беларусь астанасында жұрт белгілі журналист Олег Бебенинді ақтық сапарға шығаруға жиналды. «Хартия-97» оппозициялық сайтының негізін қалаған әрі жетекшісі болған журналист қыркүйектің 3-і күні Минск түбіндегі саяжайында асылып тұрған жерінен табылған еді.
Қырғыз билігі көптеген қылмысы үшін Асқар Ақаевты жеке басына қол сұғылмаушылық мәртебесінен айырды. Оның ішінде «Қазақстан мен Қытайға ежелгі қырғыз жерін беріп жіберді» деген айып та бар. Ал біраз мәселеге Қазақстанның көнгені айтылмайды.
Жыл басынан бері Тәжікстанда қыз-келіншектер арасында 165 суицид дерегі тіркелген. Өзін өлімге қиғандардың 34-і – әлі кәмелетке толмағандар. Тәжік билігі осы оқиғалардың жартысына жуығы тұрмыстағы зорлықтан туындаған дейді.
Өзбекстан Тәжікстанға бағыт алған жүк составтарының жолын бөгеп тастады. Бүгінде орта жолда тоқтап қалған вагондардың саны күрт көбейіп, тәжіктер азық-түліктен тарыға бастады. Алайда екі жақ мәселені бейбіт жолмен шешуге асығар емес.
Шілденің 16-сы күні Ақтөбедегі оппозицияшыл саясаткер Айдос Садықов екі жылға сотталды. «Кәнігі бүлікші», әрі «ымыраға келмейтін қарсылас» ретінде танылған Садықовтың өмірбаяны қудалау мен арандатуға, түрлі қоқан-лоққыға толы.
Башқұрт президенті Мұртаза Рахимов жуық арада президенттік орынтағын босатуы мүмкін. Отставкаға кететіні туралы Рахимов шілденің 12-і күні Мәскеуде Ресей президенті әкімшілігінің жетекшісі Сергей Нарышкинмен болған кездесуде мәлім етіпті.
Маусым айында Қырғызстанның оңтүстігінде болған жаппай толқу мен қақтығыстың кесірінен мемлекет жетпіс миллион доллардан аса шығынға ұшыраған. Қырғыз шенеуніктерінің мәліметі бойынша бұл сома әлі де өсе түсуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы киіктердің жаппай қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бүгінге дейін белгісіз дерт баудай түсірген бөкендердің саны 12 мыңға жетті. Мамандар пастереллез кеселі киіктердің қырылуына себеп болды деген бір болжам айтады.
Осыдан бес жыл бұрын Прагада Совет Одағының батыры Мәжит Жүнісовтың зираты табылған болатын. Жастайынан жетім қалған қазақ батыры өмірінің көптеген тұстары оның туысқандарына да беймәлім боп қалды.
Орал қалалық соты «Уральская неделя» газеті мен осы басылымның тілшісі Лұқпан Ахмедьяровқа «Тенгизнефтестрой» компаниясына моральдық тұрғыдан залал келтіргені үшін өтемақы ретінде 20 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге шешім шығарды.
Оралдағы дәрігерлік айықтырғыш қызметкерлерінің үстінен адамның денсаулығына залал келтірген деген айыппен қылмыстық іс ашылды. Тергеу орындары бұл істі айықтырғыштан шыққан соң мүгедек боп қалған Жұмабай Тамаевтың туыстарының арызы бойынша қозғаған.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов егер бұрынғы кеңесшісі бұдан кешірім сұрағанда ол сотталмаған болар еді деп мәлімдеді. Әкім сондай-ақ өз күйеу баласы жайлы айтылған сындарға да жауап берді.
Батыс Қазақстан облысында қасқырдың адамға шабуы жиілеп кетті. Ақпан айының аяғында мұндай келеңсіз оқиғалардың саны төртеуге жетті. Түз тағыларын аулау науқаны басталғанымен қасқыр азаймай отыр.
Тағы