Front Line Defenders халықаралық құқық қорғау ұйымы дүние жүзіндегі қудалау көрген құқық қорғаушыларға арналған кеш өткізді.
Желтоқсанның 9-ы күні Ирландияның Дублин қаласындағы Vicar Street театрында өткен кеште құқық қорғаушылардың бастан кешкен оқиғаларын белгілі актерлар оқып, арасында музыка ойнады. Бұл кеш Ирландияның RTE телеарнасының көмегімен YouTube-тен тікелей эфир арқылы көрсетілді.
Актерлар өз мемлекетінде қуғынға ұшырап, жапа шеккен жандардың хикаяларын олардың суреттерінің алдында тұрып оқыды. Көрермендер Гватемаладағы экология үшін күресіп, зорлық-зомбылық көрген адамның хикаясын тыңдап, Тяньаньмен алаңындағы оқиға кезінен бері түрмеде отырған Қытай құқық қорғаушысының тарихымен танысты. Египеттің Тахрир алаңына наразылық білдіріп шыққандардың тағдыры, Ирандағы жасөспірімдерді жазалау көріністері және тағы басқа көптеген көріністер де жұртшылық назарына ұсынылды.
Американың белгілі актері Мартин Шин қырғызстандық Әзімжан Асқаровтың куәлік сөзін оқыды. Әзімжан Асқаров – этникалық өзбек, журналист және 2010 жылы өмір бойы түрмеда отыру жазасына кесілген құқық қорғаушы. Экраннан Әзімжан Асқаровтың бейнесі беріліп, Мартин Шин Қырғызстанның оңтүстігінде болған жаппай тәртіпсіздіктердің жай-жапсарын ағылшын тілінде баяндап берді.
Ол оқиғаларға деректемелік сипат беруге тырысқан журналист Әзімжан Асқаровты полиция ұстап әкетіп, үш күн бойы асқан қатыгездікпен ұрып-соғып, «тәртіпсіздіктерді мен ұйымдастырдым» дегенді күшпен мойындатуға тырысқан. Әзімжан Асқаров халықаралық қауысдастыққа «Болмаған дүниені қалай мойындаймын?» деген сауал қойды. Оған «полицейді өлтірді» деген айып тағылып, өмір бойы түрмеде отыру жазасы тағайындалған.
Қазақстандық құқық қорғаушы Роза Төлетаеваның тағдыры жайлы хикаяны ирланд әншісі және актриса Андреа Корр оқыды. Бұл хикаяда Роза Төлетаеваның басқа мұнайшылармен бірге Жаңаөзенде ауыр еңбек жағдайларына қарсы наразылық білдіргені туралы әңгімеленеді.
«Біз ереуілді бастағанда наразылық шарасы мұндай ауқымда өрбіп кетеді деп ойлаған жоқпыз. Бірақ бұдан былай компанияның бізді қанауына жол бермейміз деп бел байладық» деді Роза Төлетаева ирландтық актрисаның дауысымен.
2011 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздік күнін тойлай бастағанда Роза Төлетаева «Неліктен бұлар ереуіл кезінде мерекелемек?» деп сұраған. Ешкім «Үкімет ереуілшілерге қарсы күш қолданады» деп ойлаған жоқ. Бірақ ереуіл қанды оқиғаға ұласып, тергеуде көп азап көрген, «Руслан деген полицей шашымды жұлғанын» айтқан Роза Төлетаева жеті жылға түрмеге кесіліп, кейін жаза мерзімі бес жылға дейін қысқартылды. Роза Төлетаеваның айтуынша, қазір оның қызына да қысым көрсетіліп жатыр. Жақында оған «әріптесіне тиісті» деген айып тағылып, жеті күн қамауда отырған.
2011 жылы Қазақстанның батыс өңірінде ереуілге шыққан мұнайшылардың құқықтарын қорғаған Роза Төлетаева биыл маусымда сотталған. Оның жақтастары үкімнің саяси астары бар екенін айтады. Штаб-пәтері Дублиндегі Front Line Defenders ұйымы Роза Төлетаеваның жағдайын бірнеше рет сөз етті.