«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің айтуынша, өткен жұмадағы жарыссөзде прокурорлардың бірі «тәртіпсіздікті қандай да бір «үшінші күштер» ұйымдастыруы мүмкін» деген. Бүгін адвокат Гүлнар Жуаспаева осы мәселеге тоқталған кезде прокурорлар оның адвокаттық лицензиясын тартып алу мәселесін көтерген.
– Гүлнар Жуаспаева осыған байланысты «Егер тәртіпсіздікті «үшінші күш» ұйымдастырған болса, сот барысында бұл неге анықталмады? Мұндағы айыпталушылар не себепті қамауда отыр?» деп сұрақ қойды. Ал бұған қатысты прокурорлардың бірі сөз жарысы кезінде оның адвокаттық лицензиясын тартып алу қажеттігін айтты. Ол «Жуаспаеваның сот тыйым салса да, сот залындағы дауыстарды көшіріп отырғанын» заңсыздық ретінде атады, – дейді Ерлан Қалиев.
Адвокат Гүлнар Жуаспаева бұған дейінгі сот отырыстарының бірінде үзіліске кеткенде сот өкілдері оның залда қалған ноутбугын рұқсатсыз ақтарып, судья ноутбук ішінен табылған, сот залынан жазылған аудиофайлдарға қатысты ескерту жасағанын айтқан еді. Прокурор бүгін осы «заңсыз» әрекетке қатысты әлі күнге дейін судьяның анықтама шығармағанын атап өтіпті.
Мемлекеттік айыптаушылардың бірі өз сөзін адвокат Венера Сәрсенбинаның үтір-нүктесіне шейін бұлжытпай қайталағанын айтып, «ол да дәл осындай заңсыздық жасап отыр» дегенге меңзеген.
– Бұған жауап қайтарған адвокат Венера Сәрсенбина оқуды қызыл дипломмен бітіргенін, Абай шығармаларының барлығын дерлік жатқа білетінін, жалпы есте сақтау қабілеті нашар емес екенін айтты. Бұдан кейін прокурорлардың бірі әй-шәйсіз адвокаттың «Жаңаөзен оқиғасын тергеу тобының өкілі, ҰҚК полковнигі Қыдыралиевпен бірге бір университетті бітіргенін» айтты. Мұнымен не айтқысы келгені сол күйі көпке түсініксіз болып қалды, – дейді Ерлан Қалиев.
Twitter-дегі ақпараттарға сүйенсек, бүгін түстен кейін айыпталушылар да сөйлеп, прокурорлар таққан айыппен келіспейтінін, соттың әділ үкім шығаратынына үміт артатындарын айтқан.
Блогшы Дина Байділдаеваның айтуынша, бүгін кешке қарай сот төрағасы Аралбай Нағашыбаев «үкім 10-12 күннің ішінде қаралады, нақты шығатын күні қосымша хабарланады» деп, сот отырысын бітірген. Осылайша Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот отырыстары аяқталған.