Мамырдың 28-і күні Астанада жоғарғы соттың қадағалау алқасы Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотталған алты адам - Нұрлан Асқарұлы, Марат Әминов, Қайрат Әділов, Жарас Бесмағанбетов, Бауыржан Непес пен Мұрат Қосбармақовтың жазасын екі жыл мерзімге шартты жазаға алмастырды. Сот оларды қамаудан босату туралы шешім қабылдады.
Осы іс бойынша тағы сегіз адамға - Таңатар Қалиев, Шабдал Өткелов, Талғат Сақтағанов, Нарын Жарылғасынов, Қанат Жүсіпбаев, Мақсат Досмағамбетов, Сисен Әспентаев, Роза Төлетаеваға шығарылған сот үкімдері өзгеріссіз қалды.
Бұл туралы Азаттыққа сотталушылардың адвокаты Гүлнар Жуаспаева хабарлады.
«СОТТАР МЕН АЙЫПТАУШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛІСІ»
Азаттық тілшісі шартты жаза алған Мұрат Қосбармақовтың әйелі, Жаңаөзенде тұратын Айнұрмен тілдесті. Ол жаңалық хабарды естігенде бес және алты жасар екі баласының қуанғанын айтты.
– Бізге олардың барлығы шыққаны жақсы еді. Мұрат қазір Оралдағы түрмеде жатыр. Бірнеше күннен кейін барамыз. Адвокаттың айтуынша, жоғарғы соттың шешімі үш-төрт күнде барады, содан кейін босатады. Балаларым қуанды, «әкеміз келеді» деп күтіп жүр, - деді Айнұр Қосбармақова Азаттыққа.
Астанадағы жоғарғы соттың қадағалау алқасының отырысына «Жаңаөзен
оқиғасының» тексерілуін бақылау мақсатында құрылған қоғамдық комиссияның өкілі журналист Рысбек Сәрсенбай да қатысты.
– Роза Төлетаеваның ісі адвокатсыз қаралды. Ол былтыр Ақтаудағы сотта қалай қысым көргенін, өзіне қатысты қорқыту болғанын дәлелдеп берген. Оның тек өзін қорқытып, қинағаннан кейін өзіне қарсы сөйлегені үшін ғана соттың үкімі бұзылуы керек еді. Шартты жаза туралы шешім, әрине, түрмеде отырғандар үшін жақсы хабар. Бірақ оларды жазадан босатқан жоқ. Бәрібір «қылмыс жасағандар» санатында қалды. Бүгінгі соттың шешімін әділетті деп айта алмаймын. Бұл тек сол азаматтарды жазаға кескен соттар мен мемлекеттік айыптаушылардың «жеңілісі» деуге болады, - деді Рысбек Сәрсенбай Азаттыққа.
Былтыр маусымда Ақтау сотының үкімімен түрлі мерзімге түрме жазасына кесілген бұл 14 адамның адвокаттары сот үкіміне келіспей, жоғары сотқа арыз берген еді. Жоғарғы соттың қадағалау алқасы осыдан екі апта бұрын арызды алдын ала қарап, шағым түскен үкімдерді 28 мамырда қайта қарауға шешім қабылдаған.
ЖАҢАӨЗЕН ОҚИҒАСЫ МЕН СОТЫ
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында полиция мен арнайы жасақ әлеуметтік жағдайын жақсартуды талап етіп ереуілдеп тұрған мұнайшыларға оқ атты. Ресми мәліметтерге сәйкес, Жаңаөзен оқиғасында 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған.
Жаңаөзен оқиғасына қатысты 2012 жылы қаңтар айында ресми мәлімдеме жасаған Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев «жаппай тәртіпсіздіктердің алты ұйымдастырушысы – Сақтағанов, Жарылғасынов, Ермұқанов, Досмағамбетов, Өткелов және Төлетаева анықталып, оларға қылмыстық кодекстің 241-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып, қамалды» деп мәлімдеді.
Жаңаөзендегі оқиға бойынша сот 2012 жылы наурыздың 27-сі күні басталды. 37 айыпталушыға «Жаңөазенде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, оған белсене қатысты», «билік өкілдеріне күш қолданды», «ұрлық жасады» және «тонаумен айналысты» деген айыптар тағылған.
Бұл іске 100-ден аса жәбірленуші, 45 куәгер мен 6 мемлекеттік айыптаушы қатысты.
Айып тағылған адамдардың аты-жөндері сот басталғанша көпке жария етілмеді. Айыпталушылар «алдын ала тергеу кезінде полицейлердің ұрып-соққанын, азаптағанын» айтса, айыптау тарапынан келген кейбір куәгерлер де жауаптарының қысыммен алынғанын мәлімдеді.
Жаңаөзен оқиғасына қатысты «айыпты» деп танылған мұнайшыларға 2012 жылғы маусымның 4-і күні үкім шықты. 37 мұнайшының үшеуі толық ақталып, бесеуі рақымшылыққа ілінді, 16 сотталушыға шартты жаза кесілсе, 13 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Маңғыстау облыстық соты 2012 жылы тамыздың 6-сы күні сотталған 15 адамның апеляциялық шағымын қарап, тек Роза Төлетаеваға кесілген үкімді ғана өзгертіп, оның жазасын 7 жылдан 5 жылға дейін азайтқан.
Жаңаөзен оқиғасынан кейін бұрынғы абақты басшысы, бірнеше полицей, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Жаңаөзен қаласы әкімі, мұнай компаниясы менеджерлері және оппозиция өкілі де сотталды.
Осы іс бойынша тағы сегіз адамға - Таңатар Қалиев, Шабдал Өткелов, Талғат Сақтағанов, Нарын Жарылғасынов, Қанат Жүсіпбаев, Мақсат Досмағамбетов, Сисен Әспентаев, Роза Төлетаеваға шығарылған сот үкімдері өзгеріссіз қалды.
Бұл туралы Азаттыққа сотталушылардың адвокаты Гүлнар Жуаспаева хабарлады.
«СОТТАР МЕН АЙЫПТАУШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛІСІ»
Азаттық тілшісі шартты жаза алған Мұрат Қосбармақовтың әйелі, Жаңаөзенде тұратын Айнұрмен тілдесті. Ол жаңалық хабарды естігенде бес және алты жасар екі баласының қуанғанын айтты.
– Бізге олардың барлығы шыққаны жақсы еді. Мұрат қазір Оралдағы түрмеде жатыр. Бірнеше күннен кейін барамыз. Адвокаттың айтуынша, жоғарғы соттың шешімі үш-төрт күнде барады, содан кейін босатады. Балаларым қуанды, «әкеміз келеді» деп күтіп жүр, - деді Айнұр Қосбармақова Азаттыққа.
Астанадағы жоғарғы соттың қадағалау алқасының отырысына «Жаңаөзен
Балаларым қуанды, «әкеміз келеді» деп күтіп жүр