Жаңаөзен тұрғыны Гүлжамал Нұрғалиеваның айтуынша, «қаладағы ахуал өте нашар».
– Жаңаөзендегі оқиғаларда қаза болғандардың саны ресми мәліметпен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, – дейді ол.
Гүлжамал Нұрғалиева ері, «Өзенмұнайгаз» компаниясының бұрынғы жұмысшысы Нұрлыбек Нұрғалиевтің 16 желтоқсанда Жаңаөзендегі оқиға барысында оқ тиіп жараланып, қазір Ақтаудағы ауруханада жатқанын айтты.
Жаңаөзен тұрғыны Айгүл Жалғасбаеваның айтуынша, «қаладағы жағдай қиын, бірақ дүкендер ашыла бастаған».
Осы кенттің енді бір тұрғыны Гүлбаршын «билік Жаңаөзендегі оқиға туралы жалған ақпарат беріп жатыр» дейді.
Ал Қазақстан бас прокуратурасы бүгін "Жаңаөзен, Ақтау қалалары мен Шетпе ауылындағы, жалпы аймақтағы жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының бақылауында" деп хабарлады.