Accessibility links

Өзін өртеген әйелдің бала-шағасы үйден шығаруды күтіп отыр

Жуырда қазақстандық омбудсмен биліктің көпбалалы бірнеше отбасын баспаналарынан шығаруға қатысты әрекеттерін айыптап, Қоржынбаевтар отбасы құқығы бұзылғанын мәлімдеді. Оның дерегінше, бұл отбасы тұрғын үйді белгіленген тәртіппен сатып алған әрі меншік құқығын мемлекеттік тиісті органдарда заңға сай тіркеген. Бірақ үйдің бұрынғы қожайыны көпбалалы отбасыны үйден шығаруды талап етіп отыр. Үй иесі, көпбалалы ана Светлана Тұрғымбаева өзін өртегеннен кейін, әкелері де қайтыс болғаннан кейін бұл үйде олардың бес баласы отбасыларымен тұрып жатыр.

XS
SM
MD
LG