Зорлық-зомбылық құрбандары өздерін жәбірлеген жандардан алыста отырса да, ашық сөйлесуден қорқады. Бас сауғалап келген орындары оларды көбінесе уақытша ғана паналатады. Орталықты паналаған кейбір әйелдер «танып қоймасын» деген қорқынышпен жүздерін жасырып, суретке түсуден бас тартты.