Азаттық тілшісін аза тұтуға арналған жиын
Бішкекте Азаттықтың Қырғыз редакциясының журналисі Уланбек Егізбаевты еске алуға арналған қаралы жиын өтті. 28 жастағы Уланбек Егізбаевтың 22 шілде күні отбасымен Ыстықкөлдегі пансионатта демалып болып қайтар кезінде суға түскенде батып кеткені хабарланған. Ол Қырғызстандағы шенеуніктер арасындағы жемқорлық оқиғаларын зерттеумен айналысты. Журналист әзірлеген арнайы репортаждар Қырғызстан қоғамында талқылауларға ұласқан. Уланбек Егізбаев 24 шілде күні туған жері - Нарын облысындағы Көкжар ауылына жерленеді.
ПІКІРЛЕР