Конституцияға өзгеріс: манипуляция ма, реформа ма?
5 маусымда дауысқа салынатын конституцияға өзгеріс демократияға бастай ма? «Суперпрезиденттік» жүйе шынымен ауысып, билік тармақтарының арасында тепе-теңдік орнай ма? Әкімдерді мәслихат сайлайды деген рас па? «Демократия сабақтарында» елдің көкейіндегі осы және өзге сұрақтарға жауап іздеп көрдік.