Қарулы исламшыл содырлар тамыздың 16-сы күні түнде Пәкістанның Пенджаб уәлаятында, Камра қаласы маңындағы ірі «Минхаз» әуе базасына кенеттен шабуыл жасады. Шабуыл мұқият дайындалған. Содырлар түнгі сағат екілер шамасында тікенек сыммен қоршалған бетон қабырғаны бұзып, ұшу алаңына басып кірген. Олар «Ил-78» ұшағын гранатометпен қиратып, авиациялық техника тұрған қоймаға оқ жаудырды.
Исламшыл содырлардың Пәкістандағы маңызды әскери объектілерге шабуыл жасағаны бір бұл ғана емес.
2011 жылы мамырда елдің оңтүстігіндегі Карачи қаласында «Мехран» әскери-теңіз базасына жасалған шабуылдан кем дегенде екі ұшақ қирап, он адам қаза тапқан.
Содырлар 2009 жылы қазанда Исламабад маңындағы Равалпиндиде тұрған Пәкістан армиясының бас базасына шабуыл жасап, көп адамды кепілдікке алды. Үкімет әскері жиырма сағат бойғы атыстан кейін ғана содырлардың тоғызын өлтіріп, кепілге алынған адамдарды босатты.
МАҢЫЗДЫ ӘСКЕРИ БАЗА
«Минхаз» әуе базасы – Пәкістандағы басты әскери нысандардың бірі. Базада әскери ұшақтар, кейін шыққан заманауи қарулар бар. Онда ядролық қару да болуы мүмкін деген болжам айтылады.
Ел билігі «әскери техникамыз жақсы қорғалады» дегенімен, тамыздың 16-сы күнгі шабуыл Пәкістандағы ядролық қарудың қауіпсіздігі жайлы пікірталасты тағы қоздатты.
Пәкістандағы ядролық қарудың қайда тұрғаны – құпия. Қару «Минхаз» базасында сақталуы мүмкін деген долбар көп айтылғанмен, сарапшылардың дені ол пікірмен келіспейді.
ҚАУІП
Отставкадағы генерал Талат Масудты әскери насындарға жасалған шабуылдардың жиілеп кеткені алаңдатады.
— Осыған дейін бас қолбасшының штабына, «Мерхар» теңіз базасына шабуыл жасалды, енді міне әскери-әуе күштері базасына соққы берілді, егер әскери нысандарға осылай оп-оңай шабуыл жасала берсе, Пәкістанның ең әлсіз, жанды жері - осы әскери сала демеске шара жоқ. Онда бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту керек деген сөз, - дейді Талат Масуд.
Отставкадағы бригада генералы, бұрын әскери барлау саласында лауазымды қызмет атқарған Асад Мунир «барлық азаматтық және әскери ядролық объектілердің қырағы күзет астында тұрғанын» айтады.
Оның айтуынша, Батыс елдерінің ядролық қарудың сенімсіз адамдардың қолына түсуі туралы қаупі негізсіз.
— Олар (Батыс елдері – ред.) ядролық қауіпсіздік саласындағы күзеттің қаншалықты мықты екенін біледі. Олар мұндағы күзетін жүйесін де көрген. Оны білмесе, ендігі тиісті әрекеттерге кірісіп те кетер еді. Тиісті адамдар ядролық қаруды ұрлаудың мүмкін емес екенін біледі, - дейді Асад Мунир.
«ҚАУІПСІЗ ӘРІ СЕНІМДІ»
Атом қуаты бойынша халықаралық агенттік Пәкістанның ядролық бағдарламасын қауіпсіз әрі сенімді деп санайды. Исламабадта жан-жақты ойластырылған, «Стратегиялық жоспарлар бөлімі» деп аталатын ядролық аппарат жұмыс істейді.
Ақпараттар бойынша, бұл бөлімде ядролық бомбаны алып ұшатын құрылғылар мен қарудың өзін бөлек-бөлек сақтайды. 2001 жылы қыркүйектің 11-і күні АҚШ-та болған терактілерден кейін Исламабадқа ядролық қару қауіпсіздігін күшейту үшін 100 миллион долларға жуық қаржы бөлінді. Бұдан бөлек, Пәкістанның өзі орнатқан қауіпсіздік технологиясы мен күзет бөлімдерінің бірін-бірі іштей бақылау жүйесі де жұмыс істейді. Асад Мунир:
— Пәкістан армиясы тұрғанда, ядролық қаруға ешқандай да қатер төнбейді, тіпті бір пайыз қауіп жоқ, - дейді.

Осылай оп-оңай шабуыл жасала берсе, Пәкістанның ең әлсіз, жанды жері - әскери сала демеске шара жоқ.