"Вагнер" жалдамалы әскерінің Ростовтан кетуі
Ресейде 20 жылдан астам уақыт мемлекетті басқарып отырған президент Владимир Путиннің билігіне аса үлкен қауіп төндіріп, бүкіл елді 24 сағат бойы әрі-сәрі жағдайда ұстап, азамат соғысы жақындағандай әсер қалдырған, қол астындағы жалдамалы әскерін бастап Мәскеуге жорыққа аттанатынын мәлімдеген Евгений Пригожин аяқ астынан райынан қайтып, кері шегінді.