10 тамыз күні кешке Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына наразылар Минск пен өзге қалаларда тағы да көшеге шықты. Полиция жасағы наразыларды көшеде қуып жүріп ұстап, жас ағызатын газ шашты, резеңке оқ пен жарқылдақ граната қолданды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.