Нигердің әділет министрі Мароу Адамоудың айтуынша, Муаммар Каддафидің 38 жастағы ұлы Саадидің осы елге кірген.
«ФУТБОЛШЫ» СААДИ
Ливияның әскери тобын басқару үшін футбол командасынан кеткен бұрынғы ойыншы Саади Каддафи Нигер еліне Ливияның оңтүстігіндегі шөл дала арқылы өткен. Нигер әділет министрі айтуынша, Саади Каддафи Агадез қаласына бара жатқанда оның көлігін нигериялық қарулы күштер тоқтатқан.
– Қыркүйектің 11-і күні 9 ливиялықтың көлік керуені елге кіргенін білдік. Арасында Каддафидің баласы Саади Каддафи де бар. Оларды елдің қауіпсіздік күштері ұстады, – дейді Нигер министрі.
Каддафидің жеті баласының үшіншісі Саади өткен айда «егер қантөгіс тоқтайтынына кепілдік болса, өзінің оппозициялық күштерге берілетінін» айтқан еді.
Бұрынғы футболист Саади 2003 жылы Италияның бірінші Перуджа футбол құрамасына кіріп, кейін қанынан есірткі табылған соң сегіз айға алаңнан шеттетілген. 2004 жылы футболды тастап, Ливия армиясының бригадасына қосылған.
НИГЕР ЛИВИЯНЫҢ ӨТПЕЛІ КЕҢЕСІН МОЙЫНДАЙДЫ
Жақында ғана Ливияның өтпелі кеңесін уақытша үкімет ретінде мойындаған Нигер республикасы өткен аптада «іздеуде жүрген ливиялықтар елге кіретін болса, халықаралық міндеттемелерді орындайтынын» айтып, уәде берген.
Нигер үкіметі сондай-ақ Каддафи режимінің кемінде үш генералы, оның
ішінде әуе күштерінің басшысы генерал әл-Рифи Али әл-Шарифтің де еліне кіргенін растады.
Ливияның өтпелі кеңесінің жетекшілері елден қашқан Каддафи режимінің ресми өкілдері Нигерге Ливияның орталық банк қорындағы көп алтын мен ақшаны алып кеткенін айтады.
Ливия өтпелі кеңесі басшысының орынбасары Махмуд Жибрил жексенбі күні Триполиде «уақытша үкімет Ливия азат етілген кезде 10 күннің ішінде құрылатынын, елдің бар тарабы өкілдері үкімет құрамынан табылатынын» айтты. Оның айтуынша, Каддафиге қарсы күштер әлі де елді азат ету үшін күресіп жатыр, төңкерісшіл күштер бұрынғы режимге берілгендерге қарсы соғысып жатыр.
КАДДАФИДІҢ ЖАҚТАСТАРЫ БЕРІЛМЕЙ ЖАТЫР
Каддафиге қарсы күштер дүйсенбі күні Бани-Валид қаласы маңына жетті. Бұл аймақта бұрынғы билік күштері бекініп жатыр. Көтерілісшілер Каддафидің туған жері Сирт қаласына шығыс жағынан енгенін хабарлады. Бірақ бұл маңға билігі жүріп тұрған Каддафи жақтастары қарсылық танытып отыр.
Каддафиге қарсы күштер «48 сағаттың ішінде Бани-Валид қаласын басып аламыз, Бани-Валид, Сирт және оңтүстіктегі Сабха қаласын әуе базасымен басып алу – уақыттың еншісінде» дейді. Олар Бани-Валидті басып алу үшін қолбасшыларынан бұйрық күтіп отырғандарын айтады.
Ливия өтпелі кеңесінің бұл аймақтардағы тайпа жетекшілеріне «соғыссыз беріліңдер» деген талабы сәтсіз аяқталды. Каддафиді жақтаушы Варфала тайпасының бақылауында бұл өңір жексенбі күні өтпелі кеңестің екі өкілін өлтіріп тастады.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, Каддафи жақтастары Рас-Лануф қаласындағы мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған. Оқиға орнында болғандар «қақтығыста 15 адам қаза тапты, мұнай өңдеу зауытына зақым келмеді, тек қақпасы ғана қирады» деп хабарлайды.