Accessibility links

Чемпионат қарсаңында Украинадағы нәсілшілдік пен педофилизм туралы ақпарат тарады


Англия футбол құрамасының бұрынғы қорғаушысы Сол Кэмпбелл. 22 қыркүйек 2010 жыл.
Англия футбол құрамасының бұрынғы қорғаушысы Сол Кэмпбелл. 22 қыркүйек 2010 жыл.

Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдары Украинада нәсілшілдік пен расизм басым деген ақпарат таратты. Ал украиналық шенеуніктер «Бұл - Еуропа чемпионатының алдында біздің елге қара күйе жағу» деп отыр.


Мамырдың 28-інде ВВС телеарнасына Англия футбол құрамасының бұрынғы ойыншысы Сол Кэмпбелл сұхбат берді. Футболшы «Еуропа чемпионатын Украина мен Польшада өткізу - үлкен қателік. Бұл елдерде нәсілдік кемсіту мен жанкүйерлер арасындағы қақтығыс жиі болады» деп мәлімдеді.

БРИТАНИЯ БАСЫЛЫМДАРЫ МЕН УКРАИНА БИЛІГІ АРАСЫНДАҒЫ АЙТЫС

Кэмпбелл ВВС эфирінен отандастарын футболдан Еуропа чемпионатына бармауға шақырған. Сюжетте Харьков стадионындағы футбол фанаттарының арасында болған төбелестер мен қақтығыстар, Азия елдерінен келген студенттерді украиналық фанаттардың соққыға жыққаны көрсетілген.
Ресей фтуболшысы Динияр Билялетдинов (қызыл жейдемен) Англия құрамасының ойыншысы Сол Кэмпбеллмен (оң жақта) допқа таласып жатыр. Мәскеу, 17 қазан 2007 жыл.
Ресей фтуболшысы Динияр Билялетдинов (қызыл жейдемен) Англия құрамасының ойыншысы Сол Кэмпбеллмен (оң жақта) допқа таласып жатыр. Мәскеу, 17 қазан 2007 жыл.

Мамырдың 29-ы Украина сыртқы істер министрі Олег Волошин шұғыл түрде брифинг өткізіп, «Мұндай айыптауларға негіз жоқ» деп мәлімдеді. Волошин «Украина сыртқы істер министрлігі британиялық БАҚ-та жарияланған материалдарға алаңдаулы. Бұл - Еуропа чемпионатының алдында елді дүрліктіру және Украинаға күйе жағу» деген.

Волошиннің айтуынша, «Расизм мәселесі қазір Еуропаның көп елінде бар және олар нәсілдік кемсіту жағынан Украинадан асып түседі».

Ал Украина құрамасының ойыншылары Андрей Шевченко мен Олег Лужный және Ұлыбританиядағы Украина елшісі Владимир Хандогий «Елде нәсілшілдік жоқ» деп отыр.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР: «ПЕДОФИЛИЗМ МЕН ТӘН САУДАСЫ ДА УШЫҚҚАН»

Украиндағы адам құқықтары жөніндегі ұйымның төрағасы Юрий Павленко бұл елде педофилизм оқиғаларының да жиі болатынын айтқан.

Ол «Сондықтан, әрбір ата-ана Еуропа чемпионаты кезінде балаларын бақылауды күшейтсін. Әрбір ата-ана баласының қайда жүргенін біліп отыруы керек. Еуропа чемпионаты кезінде педофилизм оқиғалары көбеюі мүмкін. Мүмкіндік болса, балаларын чемпионат өтпейтін маңға апарып оқшаулай тұрса да болады» деген.

Ал «Ла Страда Украина» халықаралық әйелдер құқығын қорғау ұйымының президенті Екатерина Левченко Украинада тән саудасының қызып тұрғанын айтқан.
Әйелдер құқығын қорғайтын «Ла Страда» ұйымының президенті Екатерина Левченко.
Әйелдер құқығын қорғайтын «Ла Страда» ұйымының президенті Екатерина Левченко.

Левченко УНИАН агенттігіне берген сұхбатында «Украинаға келетін туристердің көбі тән саудасын қыздырады. Бұл елге Еуропадан бөлек, Канада, АҚШ және Таяу Шығыстан көп туристер келеді. Қазір Украинада 14 жастағы қыздар да саудаланып жатыр» деген.

ЮНИСЕФ ұйымы да Украинада тән саудасынан бөлек, адам сату мәселесі бар екенін мәлімдеген.

Ал Украина президенті Виктор Янукевич Еуропа чемпионаты кезінде тәртіп күшейтілетінін айтып отыр.
XS
SM
MD
LG