Аймақтар партиясының өкілдері заң жобасын Еуропа құқық қорғау ұйымдарының қолдағанын және халықаралық стандарттарға сай жасалғанын айтады.
РАДАДАҒЫ "АЙДАҺАРЛАР"
Алайда Рададағы (Украина парламенті - ред.) оппозициялық партиялар фракциясы бұл құжатты талқылауға қарсы шығып, трибунаны басып алған. Олар парламент залында заң жобасын ұсынған депутаттардың суреттері айдаһарға ұқсатып салынған үлкен плакат жайған. Айдаһар аузынан Ресей туының түсіне ұқсайтын отты "Украин тілі" деп жазылған Украина картасына үрлеп тұр.
Парламент отырысы осыдан соң, қолма-қол төбелеске ұласқан. Төбелеске қатысқан бір депутат басынан ауыр соққы алып, ауруханаға түсті.
Парламенттегі төбелес жайлы украиндық телеарнаның сюжеті:
Заң жобасын жасауға қатысқан Аймақтар партиясының депутаты Вадим Колесниченко Украинада орыс тілі мен украин тілін бір-біріне қарсы қоятын саяси қақтығыс жоқ деген пікірде.
– Бұл заң жобасы парламентте осымен бесінші рет талқыланып отыр. Соңғы рет 2011 жылы наурыз айында талқыланып, өтпей қалды. Сол кезде құжаттың мазмұнына Венеция комиссиясы ескерту айтқан. Біз сол ескертулермен қоса, Еуропарламент пен Еуропа Одағының ұсыныстарын да қаперге ала отырып, заң жобасын қайта жасап шықтық, - дейді ол.
Вадим Колесниченконың айтуынша, осы уақытқа дейін парламент спикері Владимир Литвин бұл заңды күн тәртібіне өткізбей келген екен. Бірақ соңғы отырыста күн тәртібіне қоюға қарсы болмаған. Талқылау кезінде украин тілін қорғау мәселесі алға шығып, "Украинада орыс тілін қорғау дұрыс емес" деген пікірлер айтылған.
Депутаттың айтуынша, дау-дамай қыза келіп, оппозиция депутаттары бұл заң қабылданатын болса, парламент ғимаратын өртеп жіберетіндерін мәлімдеген. Ал орыс тілін қолдаған депутаттар "орыстарды күшпен ассимиляциялауға қарсы шыққан".
Заң жобасының авторлары - Аймақтар партиясының депутаттары "Украинаның аз ұлттардың тілі туралы Еуропа хартиясын 2003 жылы ратификация жасағанын, онда орыс тілі аймақтық тіл ретінде бекітілгенін" дәлел ретінде ұсынған.
"ОЛАР УКРАИН ТІЛІН ЫҒЫСТЫРУДЫ КӨЗДЕЙДІ"
Мамырдың 24-і күні Украина парламентінің сыртында украин тілін қолдаушылар шеру өткізген. "Біздің Украина - халықтық қорғаныс" ("Наша Украина – Народная самооборона") фракциясының депутаты Олесь Доний "Заң жобасының авторларының түпкі мақсаты - украина тілінің өз елінде аясы тарылған советтік кезеңге қайтып оралу" деген пікірде. Олесь Доний:
– Заң жобасының авторлары (Аймақтар партиясы - ред.) гуманистік ұрандарды жамылып, ал шын мәнінде украин тілін Украинадан ығыстырып шығаруды көздейді. Заң жобасында "Украин тілін қолдану міндетті емес" деп анық жазылған, "мемлекеттік тіл" деген ұғым да алынып тасталған. Кейбір аймақтарда украин тілін 10 пайыз ғана халық қолданады. Қазір бұл аймақтарда білім беру саласында, телевизияда, жарнама саласында украин тілі міндеттелген. Демек, Украина мектептерін бітірген оқушылар украин тілінде сөйлеп шығады. Ал бұл заң жобасын ұсынып отырғандар Мәскеудің ықпалын күшейтуді армандайды, - дейді.
Олесь Доний егер бұл заң жобасы қабылданса, қоғамдағы наразылық асқынып, тұрақсыздық болады деген болжам жасайды.
Украинада елдің орыс тілді шығыс және оңтүстік аймақтары мен украин тілінде сөйлейтін батыс аймақтарының арасында бөлініс бар. Шығыс және оңтүстік аймақтары Украина президенті Виктор Януковичті қолдайды және Мәскеумен жақындасуды қалайды, ал батыс аймақтары НАТО-мен және Еуропа Одағымен тығыз байланыс орнатқанды қолдайды.
Украина парламентінде болған төбелес пен ғимарат алдында өткен наразылық шарасының суреттерін мына жерден көре аласыз: