Украина президенті Виктор Януковичтің аты бұған дейін де бірнеше оғаш істерге орай айтылған еді.
Ол Львовтағы сайлаушылардың алдында сөйлеп тұрып, жиналған жұртты «генофонд» деп атаймын деп, «елдің ең күшті геноциді» деп айтып қалған; 2010 жылы жаңа жыл қарсаңындағы сөзінде украинның «ялынка» сөзін ұмытып қалып, оның орнына орысша «елка» сөзін айта салған; сайлауға қатысу үшін берген арызында өзінің «профессор» деген атағын да қате жазған.
«ТАБЫСЫ КӨП ЖАЗУШЫ»
Бірақ Янукович 2011 жылы «Украинаның ең көп ақша табатын жазушысы» болды. Оның былтырғы салық декларациясына қарағанда, кітаптары үшін алған 16,4 миллион гривен (екі миллион долларға жуық) мөлшеріндегі қаламақысы негізгі табыс көзіне айналған. Бұл сома Виктор Януковичтің декларациясындағы жылдық табыстарының 90 пайызынан артық.
Виктор Януковичке мұнша қаламақыны Донецкідегі «Новый мир» баспасы президенттің жарыққа шыққан кітаптары мен болашақта жазылмақ кітаптарын шығарып тұру құқы үшін төлеген. Ол шығармалардың арасында «Год в оппозиции», «Год у власти» және «Как Украине жить дальше» деген кітаптар бар.
Бір жыл ішіндегі кітап жазудан екі миллион долларға жуық ақша тапқан Виктор Янукович тағы бір танымал автор — АҚШ президенті Барак Обаманы да қуып жетті.
Обама отбасы өткен жылы 789 мың 674 доллар табыс тапқан. Бұл ақшаның жартысына жуығы – президенттің жалақысы, қалғаны – Обама жазған кітаптарды сатудан түскен ақша. Барак Обама 2008 жылы, яғни президент болып сайланған жылы ғана кітаптарынан 2,5 миллион доллар тапқан еді.
«ӘР АДАМҒА – ЕКІ КІТАП»
Украиналық белгілі жазушылардың пікірінше, орташа айлық еңбекақы 300 доллар шамасын құрайтын елде мұндай табыс – адам сенгісіз.
«Пуговица» кітабының авторы Ирен Роздобудьконың айтуынша, Украинада кез- келген жазушы мұндай қаламақы алуы мүмкін емес – өйткені баспалардың қаламақысы өте аз.
– Бұл – сыбайлас жемқорлықтың белгісі. Украинада әлем мойындаған, Уильям Фолкнердің деңгейіндегі жазушылар бар. Олар жүз есе, мың есе кем алады, – дейді Ирен Роздобудько.
Жазушы, Шевченко сыйлығының 2011 жылғы лауреаты, «Черный ворон» кітабының авторы Василий Шкляр «Украинада осыншама қаламақы алу үшін сәбилерді, соқырлар мен сауатсыздарды ескергенде, жазушы әрбір адамға екі кітаптан сатуы керек» дейді.
– Бұл түсініспеушілік авторлардың қаламақысының қандай болатынын президентіміздің білмеуінен шығып отыр, – дейді Василий Шкляр.
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ»
«Президенттің қаламақылары сыбайлас жемқорлықтың астыртын түрі болуы мүмкін» деп есептейді танымал детективтер мен жасөспірімдерге арналған кітаптар топтамасының авторы Андрей Кокотюха.
– Мұның кері кету екенін ұғу үшін адамға жоғары білімнің қажеті жоқ. Оның үстіне мұны табыс декларацияларын талап еткелі украиналық саясаткерлердің көбі жасап жүр. Януковичтің шығармаларын оқысаңыз, бір де бір жолын өзі жазбағаны түсінікті болады. Не дегенмен, Янукович «елкадан» бастап «Анна Ахметоваға» дейінгі барлық жаңылыс сөздерін патенттеп, оларды біреу-міреу дәйекке келтірген сайын авторлық қаламақы алып отырғанда, 16 миллионнан әлдеқайда көп табыс табар еді, – дейді жазушы.
Көптеген жазушылар президент жазған «еңбектердің» сапасына күмәнмен қарайды. Виктор Януковичке Венада жарық көрген «Украина – страна возможностей» деген кітабында «плагиат жасаған, басқа авторлардың жұмыстарынан дереккөзін көрсетпей, кесек-кесек үзінділер көшіріп алған» деп кінә тақты.
Бұрын Виктор Януковичке «сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін және жекешелендіру бойынша мәмілелер жасасқанда қызметтік құқықтарын асыра пайдаланған» деп бірнеше рет мін тағылған еді. Бірақ президенттің жақтастары «бұл қаламақылардың әбден заңды екенін» айтады.
– Біз нарықтық экономика заманында өмір сүріп жатырмыз, сондықтан баспа өзін-өзі шығынға батырып жұмыс істемейді, олар әр тиынын есептейді, – дейді депутат Михаил Чечетов.
Ал президент Виктор Янукович әдеби қызметінен тапқан қаржысынан «жарлы, сырқат адамдарға, ең әуелі балаларға көмекке беретінін» мәлімдеді.