Ресейліктер зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсылық білдірді
Шілденің 1-і күні Ресейдің ондаған ірі қаласында ел азаматтарының зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы акциялар өтті. Өткен айда Ресей үкіметі парламентке елде әйелдердің зейнетке шығу жасын 55 жылдан 63 жылға, ерлердікін - 60-тан 65 жасқа дейін ұлғайтуды ұсынатын заң жобасын енгізген. Бұл жолғы наразылық акцияларын оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары, кәсіподақтар, сонымен бірге Ресей коммунистік партиясы, ЛДПР, "Справедливая Россия", "Яблоко" партияларының өкілдері ұйымдастырды. Наразылық шарасын өткізу туралы өтініштер Ресейде футболдан әлем чемпионаты ойындары өтпейтін қалаларда берілген. Қалалардың көбінде наразылық акциялары биліктің келісімімен өткен. Азаттықтың Орыс қызметінің видеосы.
ПІКІРЛЕР