Ресейдің солтүстік-шығысындағы қиыры - Чукотка түбегі. Ол Аляскадан 100 километрге жетер-жетпес қашықтықта жатыр. Халық аз қоныстанған бұл аймаққа баруға шетелдіктерге аз уақытқа ғана рұқсат беріледі. 1930-1950-жылдары Чукотка ГУЛАГ лагерлері шоғырланған өңірдің бірі болған. Мұнда ондаған мың тұтқын қаза тапты. Бұл түбекке Азаттықтың Қырғыз қызметінің репортері Жаңыл Жүсіпжан жақында ғана барып, бұрынғы лагерлерді көріп қайтқан еді.