Геннадий Гудков КГБ-ның ардагері әрі «Единая Россия» фракциясының мүшесі ретінде Владимир Путин құрған жүйенің табиғи бөлшегі еді. Бірақ биліктен іргесін аулақ салып, оппозияцияға қосылғанда бәрі өзгеріп сала берді.
Геннадий Гудков парламент сессиясынан соң мемлекеттік Думада өзі басқарған «Справедливая Россия» партиясының мүшелері саяси бәсекелестерімен араласып-құраласып, әдемі қалжыңдасып жататын кешегі күндерді еске алады.
"Қазір ондай жолдастық қарым-қатынас естелікке айналды" дейді ардагер заңгер. Тіпті элитаны дүрбелеңге салып, мыңдаған шерушінің көшеге шығуына себеп болған желтоқсандағы даулы парламент сайлауының алдында да Ресей парламентінің төменгі палатасының ахуалы бірқалыпты болатын.
КАФЕДЕГІ ЖАҒА ЖЫРТЫСУ
- Бірінші рет мемлекеттік Думада фракция депутаттары арасындағы дау кафеге дейін жетті. Ешқашан мұндай болмаған еді. Бұрын сөз таластырып, я елдің көзінше қатты дауласып қалсақ та, соңынан кафеде кездесіп, бір үстелдің басында отыра беретінбіз. Теріс қарау деген жоқ еді. Қазір ондай жағдай бар. Бір жыл болып қалды, - деді Гудков Азаттық тілшісіне.
Заң шығарушылардың бойындағы кішігірім өзгерістің өзі Думадағы үлкен өзгерісті байқатады. Мемлекеттік Дума қазір Кремльдің тапсырмасын заңдастырып қана отыратын мамыражай мекемеге ұқсамай барады. Сарапшылар депутаттардың арасындағы дау-жанжалдың өрши түсуі Ресейдегі билік элитасының өз ішіндегі зор алауыздықты көрсетіп тұр деп санайды.
Гудковтың бойынан да осы ала-құла ахуал байқалады.
1980 жылдардағы КГБ-шы, «Единая Россия» фракциясының бұрынғы мүшесі, 55 жастағы Геннадий Гудков, қай жағынан алып қарасаңыз да, осы жүйенің жемісі.
Парламенттің төрт мәрте сайланған мүшесі, Думадағы қауіпсіздік және жемқорлыққа қарсы комитет төрағасының орынбасары болған Гудков парламенттің ұзын коридорымен алшаңдай басып, үстіне жұқа жолақты костюм киіп, әзілдесіп, әріптестерінің қолын қысып кетіп бара жатыр.
Оның кабинеті төсбелгілер мен түрлі сыйлықтарға толы. Феликс Дзержинскийдің портреті КГБ-ның 10 жылдығына орай берілген.
Гудков солшылдау «Справедливая Россия» партиясына 2006 жылы құрыла салысымен мүше болып кірді. Кремльдің ондағы мақсаты Коммунистік партияның дауыстарын билікке бағынышты, жуас оппозициялық партияға аудару болатын.
Сол кездері Гудков оппозицияның пікірлерін айтып жүргенімен, бар болғаны әдеттегі режимге жағымды оппозиция мен формалды түрде ғана өмір сүретін партияның бет-бейнесін жасап шыққан.
ӨЗГЕРІСТІҢ БАСЫ
Бірақ уақыт өте келе Кремльге бағынышты биліктегі «Единая Россия» мен ашық оппозицияға айналған «Справедливая Россия» партиясының арасындағы тірес анық көріне бастады.
2009 жылы Гудков пен «Справедливая Россия» партиясы сол айда жергілікті сайлау учаскесінде «Единая Россияның» мүддесіне жұмыс жасайтын заңсыз дауыс беруге қарсылық көрсетті. Думада дау шығып, коммунистер мен Владимир Жириновскийдің ұлтшыл либерал-демократтар партиясымен бірігіп кетті.
2011-2012 жылғы сайлау науқаны жақындаған кезде Гудковтың оппозициясы Путиннің билікке қайта келуіне және «Единая Россияның» билеуші партия болып қала беруіне қарсы шыққан элита фракциясының өкілі ретінде танылғандықтан оның оппозициялық орны айқындала түсті
Гудков былтыр қараша айында трибунада сөйлеп тұрып, «Единая Россияны» заңсыз сайлау өткізуді жоспарлады деп айыптап, бұл әрекет ресейліктердің көшеге шығуына әсер етеді деп ескерткен.
Оның сол сөзі айнымай келді. Келесі айда-ақ Гудков Путинің билікке қалайда қайтып келгісі келетін әрекеті мен Дума сайлауындағы заң бұзушылыққа наразы мыңдаған ресейліктің алдында Болотная алаңында сөз сөйлеген алғашқы саясаткерлердің бірі болды.
Сәуір айында Путин президент қызметіне үшінші рет сайланған соң Думада сөз сөйлеп тұрған кезде «Справедивая Россия» фракциясын бастап залдан шығып кетіп, оның қитығына тиген.
Қазір Гудков осының бәрі аяқ астынан бола қалғандай, өзінің «оппозиция лидеріне» қалай айналғанын айтып күліп отыр.
«БІЗ ӨЗГЕРГЕН ЖОҚПЫЗ, ПУТИН ӨЗГЕРДІ»
- Путин өзгеріп сала берді. Ол реформашыл президенттен кез-келген қарсылық әрекетті жаншып тастайтын қорқынышты консерваторға айналып шыға келді. Енді репрессия механизмі жұмыс жасап тұр. Бұл мүлде дұрыс емес. Мұнымен келісу - өрескел қате. Менің өзгергенім, Путинге деген көзқарасымның өзгергені қазіргі жағдайға мүлдем қатысты емес. Керісінше, Путиннің өзі адам танымастай болып құбылып шыға келді, - дейді Геннадий Гудков.
Гудков Путиннің бірінші мерзімге сайланған кездегі реформа жасауға берген уәдесі мен іске асырған салық реформаларына жылы лебіз білдіріп өтті.
"Бірақ қазір демократия орнатуға әрекет етіп жатырмын" дегенімен, Гудков
2003 жылы «Единая Россияның» Ресей Думасындағы фракциясына қосылған. Демократтар сол кезде Путинді «Газпром» компаниясының НТВ телеарнасын сатып алғанына және «Юкостың» президенті Михаил Ходорковскийдің тұтқындағанына байланысты сынап жатқан.
Желтоқсаннан бері Гудков көшедегі наразылық шерулерін ұйымдастыруға көмектесіп келеді. Ол депутат Илья Пономаревтің және өзінің 32 жастағы ұлы Дмитрий Гудковтың көмегімен Думадағы парламенттік оппозицияны бастап шықты. Олардың екеуі де - «Справедливая Россия» партиясының мүшелері.
Осы айда ол үшеуі шерушілерді жазалайтын заңның қабылдануына барынша кедергі жасау үшін қайта-қайта өзгерістер мен толықтырулар кіргізуді ұсынып, уақыт созып отырып алды.
«ТЕТІКТЕРІ ЖЕЛІНІП БІТКЕН ПАРЛАМЕНТ»
Бұл тактика жүзеге аспады. Есесіне бұл жайт елдің бәріне таралып, қазіргі Думаның алдыңғыларынан өзгеше екендігін көрсетіп берді. Бұрынғы спикер Борис Грызлов Думаға «бұл - дауласатын орын емес» деп мазаққа айналған сипаттама жасаған еді.
Мәскеудегі саяси ақпараттар орталығының директоры Алексей Мухин:
- Мемлекеттік Дума ешқандай да талқылауға жол бермейтін ескі форматында қалып отыр. Оның тежегіштерінің кейбір саймандары әбден желініп біткен. «Справедливая Россия», ЛДПР және коммунистер «Единая Россия» партиясының ықпалы әлсіреп, Думадағы жетекшілері ауысқасын батылырақ пікір айтатын жағдайға жетті. Енді мәселені жария түрде талқылау мүмкін болды, - дейді.
САЯСИ ҚАУІП-ҚАТЕР ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ
Ал Гудковтың айтуынша, Кремль қазіргі саяси жағдайды жете бағалап отырған жоқ және оппозициямен мәмілеге келмеу арқылы қателікке ұрынды.
Парламенттік қауіпсіздік мандаты мен кепілдігі болса да, Гудков құқық қорғау органдарының қысымына ұшырады.
Биыл маусымның 26-сы күні прокуратура Гудковты «салық төлеуден жалтарған» деп айыптады. Қаңтар айында ФСБ-мен байланысты Lifenews сайты оның оппозиция лидері Владимир Рыжковпен кафеде кездесіп отырған сәтін видеоға түсіріп алып, жариялап жіберді.
Өткен айларда Гудковты үкімет қуғындай бастаған соң оның өзі құрған қауіпсіздік компаниясында жұмыс жасайтын 3 мың қызметкердің 700-і жұмыстан кетіп қалған. Ол 1992 жылы құрылған компанияны жабылудан сақтап қалу үшін компаниядағы үлесінен бас тарту жайлы ойланып жүргенін айтты.
Қуғындалып жатқанына қарамастан, Гудков әлі де билікпен диалогын үзгісі келмейді. Ол "саяси элитадағы алауыздық бұдан бетер өршіп кетуі мүмкін" дейді.
- Элитаның төрттен бірі әлі де "бәрі тынышталып орнына келеді, қазіргі саяси жағдай алаңдайтындай емес" деп ойлайды. Меніңше, олар алда болуы мүмкін оқиғаларды жете бағалай алмай отыp, - деді Геннадий Гудков.