Жұма намазға келетін мұсылмандар мен жергілікті халық арасындағы ерегіс шиеленісіп барады. Мәскеу Еуропадағы мұсылмандар ең көп тұратын қаланың бірі болғанымен, мұнда бес-ақ мешіт бар.
Полиция қызметкерлері жұма намазға жиналған, болмашы қарсылық әрекеттер жасаған мұсылмандарды жаппай тұтқындап жатыр.
«ҰРДЫ, СОЙЫЛМЕН САБАДЫ, ТЕПКІЛЕДІ»
«Мәскеудегі ең үлкен мешітке келерден бұрын, екі рет ойланатын болдым» дейді 52 жастағы Шермамет Суяров.
Ұлты қырғыз, бірақ Ресей азаматы Суяров «қыркүйектің 17-сі күні намазға келіп, көлігін қойып жатқан жерінен полиция тұтқындап әкеткенін» айтты. Оны намазға келген басқа да кісілермен бірге автобусқа сүйреп кіргізген, одан кейін полиция бекетіне апарып аямай соққан.
- Мені ұрып, сойылмен сабап, тепкіледі. Жабылып сабады. Қаншасы жабылғанын санаған жоқпын - талып қалдым. Қабырғам сынды, - дейді ауруханаға жатуға мәжбүр болған азамат.
Сол күні қамалғандар арасында Қырғызстаннан келген мигрант, 39 жастағы жұмысшы Әли Муратов та болған. Ол Суяровтың көмек сұрап шыңғырғанын былайша сипаттайды:
- Жасы келген кісіні себепсіз сабады. Шамамен 30 шақты адам болдық. Оның қасында Қырғызстаннан келген тағы бір бала тұрған. Полиция оны да қоса сабады. Осындай азапты көрдім.
Бұл бірлі-жарым оқиға емес. Суяров пен Муратовтың басынан өткен жайт Мәскеу мұсылмандары мен полиция арасында соңғы апталарда күшейіп кеткен шиеленісті көрсетеді. Ресей астанасындағы бес мешітке мұсылмандар жиналғанда жергілікті жұрт бұған наразы болады. Сол кезде мұсылмандарды полиция үнемі аяусыз жаншып тастап отырады.
«ЛОНДОНДА - МЫҢ МЕШІТ, МӘСКЕУДЕ - БЕС МЕШІТ»
Мәскеудегі Карнеги орталығында ислам мәселесін зерттейтін маман Алексей Малашенконың айтуынша, «проблеманың бір жағы - Мәскеуде көбейіп бара жатқан мұсылмандар еркін сыятын кең мешіттердің жетіспеушілігінде».
- Мәскеуде бір жарым миллиондай мұсылман бар. Осының өзі Мәскеуді мұсылмандар тұратын Еуропадағы ең үлкен қалаға айналдырып отыр. Ал бізде - бар болғаны бес-ақ мешіт. Кейбір санақтар бойынша Мәскеуде екі миллионға жуық мұсылман тұрады. Олар 600 мың мен 1 миллион арасында болса да, мыңдаған мешіті бар Лондонмен салыстырғанда айырмашылық қатты байқалады. Оған қоса миллиондаған мигранттардың көбеюіне мәскеуліктердің наразы болуы да мәселені ушықтырып отыр. Ресей астанасына жұмыс іздеп келіп, тұрып қалып жатқан мұсылман мигранттардың көбі - Орталық Азиядан және Кавказдан келгендер. Біздің үкімет пен саяси элитаның бұл жайында нақты түсінігі жоқ. Исламның қаншалықты проблема туғызып жатқанынан бейхабар. Олар диалог туралы көп айтады, бірақ оның мәні жоқ. Диалогтың мәнсіз болатын себебі - проблема исламофобиядан және мұсылмандар мен басқа тұрғындардың арасындағы қақтығыстан туып отыр, - деді Алексей Малашенко.
Ресейдің исламға қатысты ұстанған саясаты Мұхаммед пайғамбарды мазақ қылған «Мұсылмандар пәктігі» фильмі YouTube желісіне шыққан соң, осы фильмге қатысты мұсылман әлемінде толқулар басталған сәтте анық білінді.
«ЖАҢА МЕШІТ САЛДЫРМАЙМЫЗ»
Мешіт проблемасын шешу үшін Ресейдің мүфтилер кеңесі қала басшылығынан намазға жиналған көп адам сыятын мешіт салуға рұқсат беруді өтінді.
«Мешіт көбейсе, мұсылмандардың бір жерге шамадан тыс көп жиналу проблемасы жойылады» деді олар.
Алайда Мәскеуде жаңа мешіт құрылысын бастау - күрделі мәселе. Қыркүйектің 19-ы күні мың жарымға жуық мәскеулік өздері тұратын ауданға салынады деп жоспарланған мешіт құрылысын бастауға қарсылық білдіріп, қаланың шет жағындағы Митино ауданында шеру өткізді. Қарсылық шеруін орыс ұлтшылдары ұйымдастырды. Келесі күні жергілікті басшылар жаңа мешіт салуға берген рұқсаттарын қайтарып алды.
Ең үлкен шиеленіс таяуда Мәскеудегі «Олимпиада» стадионының жанында орналасқан, жергілікті мұсылмандар бүгінге дейін «Үлкен мешіт» деп атайтын нысанда болды.
Билік өкілдері 1904 жылы салынған, Ресейдің орталық мешіті деп саналатын осы құлшылық орнын 2011 жылы қыркүйектің 11-інде жауып тастады. Ресми себеп - мешіт ғимараты әбден ескірген және құлау қаупі бар.
Мешіт қазір жөнделіп жатыр. Жергілікті мұсылмандар бұл мешіттің жанынан уақытша салынған ғимаратқа жиналып жүр. Олар ол жерді әлі де «Үлкен мешіт» (Кафедральды мешіт) деп атайды.
«ҚУЫП ТАРАТУ КЕРЕК, СОНДА МЕШІТКЕ АЗ БАРАДЫ»
Суяров пен Муратов қыркүйектің 17-сі күні «Үлкен мешіт» маңында қамауға алынған.
Мұсылмандарды жаппай тұтқындау оқиғасы қыркүйектің 14-і күні жұма намазына жиналған мұсылмандар мен полиция сарбаздарының арасында болған қақтығыстан соң басталған. Келесі жұма, қыркүйектің 21-і күні орталық мешіттің жанына полиция жасағы өте көп жиналды. Ол күні қамауға алынған мұсылмандар қарасы бұрынғыдан да мол болды.
Белгілі мұсылман құқық қорғаушысы Бахром Хамроев та қамалғандар арасында болған.
- «Мұсылмандарды қуып тарату керек, сонда олар мешітке аз барады» деген көзқарас бар. Мәскеуде мұсылмандар өте көп. Ал мешіттің шамадан тыс аз екені - көрініп тұрған факт, - дейді ол.

Мәскеуде мұсылмандар өте көп. Ал мешіттің шамадан тыс аз екені - көрініп тұрған факт.