Ескерткішке қатысты әңгіме қазан айының 11-і күні Мәскеу қалалық думасы депутаты, «Единая Россия» партиясының мүшесі Андрей Метельский «Дзержинскийдің ескерткіші Лубянка алаңындағы өзіне тиесілі орынға қайтадан орнатылуы мүмкін» деген соң тараған. СССР кезінде КГБ-ның штаб пәтері де сол жерде орналасқан еді.
Андрей Метельский бұл жайында Мәскеу әкімшілігінің жеті ескерткішті (арасында Дзержинскийдің де ескерткіші де бар) қалпына келтіру жоспары сөз болған кезде айтқан. Бұл жобаға 50 миллион рубль (бір жарым миллион доллар) қаржы бөлінген.
– Бұл ескерткіштер – тарихымыздың бір бөлшегі. Жобаға қаржы бөлінген соң, жоспар орындалуы тиіс, – деді Андрей Метельский.
Оның мәлімдемесі баспасөз бетінде шу туғызып, ақыры Метельский алғашқы сөзін жоққа шығарып, «бұл жобаға орай жеке пікірімді ғана айттым» деп ақталды, «сөзімді бұрмалады» деп журналистерді айыптады.
Мәскеу думасы спикері Владимир Платонов та бұл дауға араласып, қала көркі саналатын ескерткіштерді әкімшіліктің өзі ғана таңдауға хақы жоқ екенін айтты.
«ТЕМІР ФЕЛИКС»
1917 жылы Дзержинский құрған ЧК (чрезвычайная комиссия – төтенше комиссия) қауіпсіздік қызметі Ресейдегі азамат соғысы кезінде қарсыластарын жаппай қамап, қинап, атып-асу жұмыстарын жүзеге асырған.
1917 жылғы большевиктер революциясынан кейінгі алты жылдың ішінде бұл мекеме жүздеген мың адамды репрессияға ұшыратып, оларды аяусыз азаптап, атып өлтіргені үшін Дзержинскийді «Темір Феликс» деп атады.
Осы қанды қырғын СССР-дің диктатор басшысы Иосиф Сталиннің 1930 жылдары репрессия жүргізуіне жақсы сылтау болды.
1991 жылдың тамыз айында саяси бюро мүшелерінің СССР-дің ең бірінші және ең соңғы президенті Михаил Горбочевқа қарсы ұйымдастырған бүлігі күйреген соң шеруге шыққан көпшілік Дзержинскийдің ескерткішін кранмен құлатып тастады. Осындай ұсақ оқиғалардың соңы ақырында СССР-дің құлауына ұласқан.
СОВЕТ ОДАҒЫН АҢСАУ
Совет өкіметі құлаған соң Дзержинскийге қатысты дау да өршіді. Кейінгі жылдары оның ескерткішін орнына қайта қою туралы ұсыныс бірнеше рет айтылған.
Ресей президенті Владимир Путин де Совет дәуірін сағынатынын айтып, әскери символ саналатын қызыл жұлдызды қайтарып, СССР-дің ескі гимні әуенін қалпына келтірді.
2005 жылы Дзержинскийдің бюсті Ресейдің ішкі істер министрлігінің кеңсесіне қойылғанда біраз сын айтылған.
Бірақ Путин СССР құлаған соң Музеон паркіне ауыстырылған Дзержинскийдің үлкен ескерткішін бұрынғы орнына қайтару мәселесін уақытша тоқтатқан еді.
Адам құқықтары үшін күресетін белсенді Людмила Алексеева бұл жобаның іске асарына күмәнмен қарайды.
– «Ескерткіш орнына қайтарылады» деген алып-қашты әңгіме жиі айтылып жүр. Меніңше, олай бола қоймас. Бұл ескерткіш – миллиондаған адамды жазықсыз қырған қорқынышты жүйенің симолы. Бұл бастама көпшілік тарапынан тегеурінді қарсылыққа тап болады деп ойлаймын. Жобаның жүзеге асу екіталай, – дейді ол.
Мәскеу мэрі болған Юрий Лужков та – ескерткішті Лубянка алаңына қайтаруға ықыласты тұлғалардың бірі. Бірақ бұл бастамаға либералдар, құқық қорғаушылар мен дін адамдары қарсы. Әсіресе православие шіркеуі мүшелері репрессия жылдары ЧК тарапынан көп қуғын-сүргін көрген.
Жобаны сынаушылар Дзержинский ескерткіші құлаған соң Лубянка алаңына бір жылға жетпейтін уақыт ішінде репрессия жылдарында құрбан болғандарға арнап Соловецкий тасы қойылғанын уәж етеді.
Азаттық тілшісі Клэр Бигтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Сағынай Кәрім.