«БИЛІК ӨЗ МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙДІ»
Ұлтшылдар заңсыз мигранттарды іздеп, Мәскеудің оңтүстігіндегі көкөніс қоймасына басып кіріп, қиратқан кезде билік өкілдері бүлікшілерге қатаң шара қолданар деп ойлағандар болды. Бірақ құқық қызметкерлерін басқа нәрсе - қойманың шаруашылық мәселесі көбірек қызықтырған сияқты.
Біріншіден, полиция Мәскеудің Бирюлев ауданындағы «Покровский» көкөніс қоймасындағы 1200 мигрантты тұтқындады. Бұдан кейін Ресейдің бас санитары Геннадий Онищенко қойманы санитарлық мақсатта жабуды ұсынды, сот бұл ұсынысты орындауды міндеттеді.
Содан соң Мәскеу мэрі Сергей Собянин 16 қазанда «оның жабылғаны дұрыс болған сияқты, орнына сауықтыру клубын салармыз» деп мәлімдеді. Басқа баспасөз құралдары «сауда орталығы салынады-мыс» деп жазды.
Осы екі арада полиция қойманы қадағалайтын компанияның иесі Магомед Чуриловты тұтқындады. Заңсыз мигранттардың жұмысқа орналасуына жағдай жасаған кәсіпкердің бизнесі өрге баспай қалды. Полиция енді компанияның бас директоры Алисхаб Гаджиевті іздестіріп жатыр.
Чуриловтың қорғаушысы Асма Шамилова «бұның бәрі кездейсоқтық емес» деп санайды.
– Мигранттарға қарсы көңіл-күйді билік өз пайдасына пайдаланып қалмақ, қойманы өзіне қаратып, ол орналасқан үлкен аумақты да басқармақ, - дейді ол.
Шамилова биліктің ісін «базарды қайтадан бөліске салу» деп сипаттайды.
– Базарды тазартып, жаңа қожайындарды отырғызу үшін билік әкімшілік және қаржылық тетіктерді пайдаланып отыр. Бұл саяси деңгейдегі тартып алу әрекеті екеніне шүбә келтірмеймін, - деді адвокат.
БӨЛІСКЕ САЛУ
Ресейлік басылымдар бұл оқиғаға ерекше назар аударды. «Покровский» қоймасының жылдам жойылуы Ресейде бизнеспен айналысудың қауіпті екенін көрсеткендей болды.
Ресейде саяси тұлғаларға қатысы бар компанияның немесе топтың құқық қорғау органдарының көмегімен бизнесті тартып алуын «рейдерлік» деп атайды.
1980 жылы Мәскеуде жазғы олимпиада ойындары кезінде ашылған «Покровский» қоймасы – қаладағы ең ірі базарлардың бірі. Ол кезінде советтік бюрократтарға қызмет көрсеткен еді. Ресей астанасын 70 пайыз қызанақ, тұздалған қияр және аскөкпен осы базар қамтамасыз етеді. Сауда айналымы жылына 30 миллион долларды құрайтын базар көлемі үлкен жерді алып жатыр.
«Росбалт» ақпарат агенттігінің дерегі бойынша, базар иелері бұрыннан бұзақылармен күресіп келе жатқан. Агенттік аты-жөні аталмаған құқық қорғау органы қызметкерінің сөзін келтіреді: «Қойманың басына бұлт үйірген бүліктің қолдан ұйымдастырылғаны анық» дейді ол.
Қойманың қазіргі қожайындары Алисхаб Гаджиев пен оның бауыры Игорь Исаев бұл нысанды 2007 жылы, Юрий Лужков мэр болып тұрған кезде сатып алған еді. 2010 жылы Лужковтың орнына Собянин келген кезде қазіргі қойма қожайындары биліктегі қамқоршыларынан айрылған еді.
Том Бэлмфорд пен Наталья Джанполатованың мақаласын аударған – Динара Әлімжан.