Accessibility links

«Новороссияны» қолдайтын «Орыс маршы» да өтті


Мәскеудегі «Орыс маршы»
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:51 0:00

Мәскеудегі «Орыс маршы». 4 қараша 2014 жыл.

​Ресей қалаларында қарашаның 4-і – Халық бірлігі күні «Орыс маршы» деп аталатын шерулер өтті. Мәскеудің өзінде ғана ұлтшылдардың бірнеше шеруі болды.

Мәскеу қаласының Люблино ауданындағы «Орыс маршын» Дмитрий Демушкин басқаратын «Русские» бірлестігі ұйымдастырған. «Белый счетчик» ұйымының дерегінше, бұл акцияға 2 мыңнан аса адам қатысқан.

Акцияға қатысушылар маршқа «Орыс бірлігі!», «Орыстарға еркіндік пен әділеттілік берілсін!», «Чекистік террорға қарсымыз! Түрмедегі ұлтшылдарға бостандық берілсін!» деген ұрандармен шықты.

Ұлтшылдар шеруіне «Новороссия» жақтастарымен қатар Ресейдің Украинаға қатысты қазіргі саясатына қарсылар да қатысқаны хабарланды.

Ұйымдастырушылар «Новороссияны» қолдау маршы» деп атаған тағы бір шеру Мәскеудің Щукино ауданында өтті. Оны «Великая Россия» партиясы ұйымдастырды. Шеруге қатысушылар «Новороссияны қолдайық!» деп ұрандатты.

"Орыс маршына" қатысушылар. Мәскеу, 4 қараша 2014 жыл.
"Орыс маршына" қатысушылар. Мәскеу, 4 қараша 2014 жыл.

Осындай тағы бір акция Тверь көшесінде «Біз біргеміз» деген атаумен өтті. Оған Біріккен халық майданы, мәдениет қайраткерлері, дәрігерлер мен спортшылар, парламенттегі төрт партия – «Единая Россия», «Справедливая Россия», ЛДПР және КПРФ өкілдері қатысты.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, шеруге 9 мыңдай адам қатысқан. Ал ішкі істер министрлігінің Мәскеу басқармасы «75 мың шеруші қатысты» деп мәлімдеді. «Біз біргеміз» акциясы Театр алаңындағы жиынмен аяқталады.

BBC-дің Орыс қызметінің хабарлауынша, халық бірлігі күнінен бірнеше күн бұрын интернетте «Мәскеу орталығында өтетін бұқаралық шараға қатысамын деушілерді жинаймыз, қатысушыларға 200-300 рубль төлейміз» деген хабарландыру жарияланған.

Ұлтшылдардың «Орыс маршы» Петербург, Хабаровск, Краснодар, Екатеринбург, Калининград, Киров қалаларында да өтті.

ВИДЕО: Хабаровскідегі «Орыс маршы»

Хабаровскідегі «Орыс маршы»
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:24 0:00

Иркутскіде екі марш пен екі жиын, дәстүрлі халық хоры өтті. Ұлтшылдар өткізген бір марш пен жиынға биыл адам аз қатысты. «Новороссияны қолдау маршына» 70-тей ғана адам жиналды. Белсенділердің қала орталығына дейінгі дәстүрлі маршруты император Үшінші Александрдың ескерткіші жанындағы жиынмен аяқталды.

Ресейдегі «Левада орталығы» жүргізген сауалнама нәтижелеріне қарағанда, ресейліктердің үштен біріне жуығы «Орыс маршы» ұлтшылдар шеруін өткізуді қолдайды, үштен бірі қолдамайды. Әлеуметтанушылардың мәлімдеуінше, 2014 жылдың 4 қарашасында «Ресейдегі орыстардың құқығын қорғау» ұрандарымен «Орыс маршы» өтетінін ресейліктердің 70 пайызы мүлде естімеген, 23 пайызы естіген, ал қалғандары жауап бермеген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG