Accessibility links

Мәскеулік баспа Абайдың кітабын шығарды


Ресейдегі «Альпина нон фикшн» баспасы шығарған Абай шығармалары жинағының мұқабасы. 28 маусым 2012 жыл. (Баспа сайтынан жасалған скриншот)
Ресейдегі «Альпина нон фикшн» баспасы шығарған Абай шығармалары жинағының мұқабасы. 28 маусым 2012 жыл. (Баспа сайтынан жасалған скриншот)
Ресейдегі «Альпина нон фикшн» баспасы Мәскеу жұртына #ОккупайАбай қарсылық шарасы кезінде аса танымал болған Абай шығармалары жинағын әуелі байқап көру үшін 330 данамен шығарған екен.

Баспа директоры Павел Подкосовтың айтуынша, сандық тәсілмен басылған бұл алғашқы тираж бірінші күні-ақ сатылып кеткен.

«ҮШ МЫҢ ДАНАСЫ БАСЫЛЫП ЖАТЫР»

– Қазір типографияда үш мың данасы басылып жатыр. Шілде айының соңында дайын болуы керек. Кітаптың біразы Қазақстандағы «Меломан» дүкендер желісіне түседі, – дейді Павел Подкосов.

Оның айтуынша, кітап шығару идеясы ең алғаш рет #ОккупайАбай жиынында пайда болған.

– Кітап шығару идеясы Болотный алаңындағы жиыннан кейін, Чистые прудыдағы «ОккупайАбай» лагеріне барған кезде туды. Сосын бұл идеяны редакция ұжымымен және жазушы Сергей Шаргуновпен бірге талқыладық. Сергей Шаргунов алғысөзін де жазып берді. Кейін кітаптың төртінші мұқабасына Борис Акунин, Лев
Абай ескерткіші алдына жиналған шерушілер. Мәскеу, 9 мамыр 2012 жыл.
Абай ескерткіші алдына жиналған шерушілер. Мәскеу, 9 мамыр 2012 жыл.
Рубинштейн, Артемий Троицкий шағын рецензия жазды. Бізде қоғамда болып жатқан оқиғаларға жылдам реакция танытып, кітапты тез басып шығару тәжірибесі бар, – дейді Павел Подкосов Азаттық тілшісіне.

Бағасы 250 рубль (шамамен 8 доллар), көлемі 128 бет кітап жазушы Сергей Шаргуновтың «Абаймен танысу» деп аталатын алғысөзімен басталады.

«Егер Абайдың өмірбаянына үңілсек, ерекше адам екенін оңай байқауға болады. Өміріне разы болып, заманына көне беруіне болар еді. Бірақ ол наразылық танытып, қоғамынан суырылып шықты» деп жазады Сергей Шаргунов.

ОППОЗИЦИЯ СИМВОЛЫНА АЙНАЛҒАН «ТҮСІНІКСІЗ ҚАЗАҚ»

Ресей азаматтық қозғалысы өкілдерінің Абай туралы жаза бастауына блогер Алексей Навальныйдың бір сөзі себеп болды.

Ол полицияның кезекті тарату операциясынан кейін, мамырдың 8-інде демонстранттарды Чистые пруды тоғанының қасындағы Абай ескерткішінің маңына жиналуға Twitter арқылы шақырып: «Нас с Удальцовым выпустили, едем на #чистыепруды к памятнику непонятному казаху» («Удальцов екеуімізді босатты, #чистыепруды жақтағы түсініксіз қазақтың ескерткішіне барамыз») деп жазған еді.

Алексей Навальныйдың Абайды «түсініксіз қазақ» («непонятный казах») деп сипаттауы қазақстандық Twitter қолданушылардың шамына тиіп, біраз талқылауға
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин Абай ескерткішінің ашылу салтанатында. Мәскеу, 4 сәуір 2006 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин Абай ескерткішінің ашылу салтанатында. Мәскеу, 4 сәуір 2006 жыл. (Көрнекі сурет)
себеп болады. Кейін блогер бұл сөзі үшін ғафу өтініп, Абай туралы біраз мәлімет қарап, хабардар болғанын жариялады.

Кейін ресейлік Путин режиміне қарсы шерушілер үшін Twitter-де #Оккупай Абай («Абай ескерткішінің маңын басып ал» деген мағынадағы ағылшын сөзі) деген хэштег (кілт сөз) танымалдығы бойынша бірінші орынға шығады. Шерушілер осы кілт сөз арқылы әлеуметтік желіде бір-бірімен табысып, жөн сұрасып, қолдау көрсетті.

10 мамыр күні Чистые пруды маңында өткен шарада Абай ресейлік оппозиция үшін біріктіруші символдардың біріне айналып үлгірді.

«Түсініксіз қазақтың» тарихын зерттей бастаған Ресей азаматтық қоғамы белсенділері қазақтың классик ақыны сөзінен «жандарына жақын ұғымдар тапқандарын» жазды.

Азаматтық қарсылық қозғалысы жетекшілерінің бірі Алексей Навальныйдан бастап Livejournal, Twitter мен Facebook-тің қарапайым қолданушыларына дейін ақын өлеңдерін Путин режимін сынайтын метафоралы қаруға айналдырған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG