Accessibility links

Қолдаушысы көп, көсемі жоқ Ресей солшылдары


Ресей солшылдары Болотный алаңына келе жатыр. 4 ақпан 2012 жыл.
Ресей солшылдары Болотный алаңына келе жатыр. 4 ақпан 2012 жыл.

Ресей қоғамындағы Путинге қарсы саяси белсенділік кезінде электораттың басым бөлігінің солшылдарға бүйрегі бұратыны байқалды. Азаттық радиосы "Олай болса ресейлік солшыл партиялар неге сайлауларда жеңіске жетпейді?" деген сауалға жауап іздейді.


Қақаған аязға қарамай, қызыл жалау көтеріп шеруге шыққан жұрттың ішінде 31 жастағы жас коммунист Евгений де бар. Ол Ресей социалистерінің жаңа буыны қалыптасып жатқанын, бірақ солшылдарға қарсы биліктің әрекеттері де көп екенін сезеді.

СОЦИАЛИСТЕРДІҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫ

Евгений 1990-жылдары коммунистік партияны қолдады. Алайда ол партияның ұзақ жылдар бойы саяси сахнадан түспей келе жатқан, наурыздағы президент сайлауына төртінші мәрте ұсынылып отырған жетекшісі Геннадий Зюгановтан көңілі қалды.
КПРФ жетекшісі, президенттікке кандидат Геннадий Зюганов шеруге келгендер алдында сөйлеп тұр. 23 ақпан, 2012 жыл.
КПРФ жетекшісі, президенттікке кандидат Геннадий Зюганов шеруге келгендер алдында сөйлеп тұр. 23 ақпан, 2012 жыл.

Дәл қазір Евгений сайлауға өз кандидатын ұсыну мүмкіндігінен айырылған солшыл топтардың коалициясы - «Левый фронтты» жақтайды. Бірақ олар сайлауға қатысса да, Евгений қоалиция жетекшісі Сергей Удальцовқа дауыс бермейтін еді. Себебі ол радикалды шаралар өткізіп жұрт сенімінен айырылып қалған.

- Білмеймін, анығын айта алмаймын. Удальцов мен дауыс беретін саяси тұлға емес, - дейді Евгений.

ӘРІ-СӘРІ САЙЛАУШЫЛАР

Солшыл күштерді қолдайтындардың көбі Евгений сияқты кімге дауыс беретінін әлі анықтай алмай жүр. Әлеуметтанушылардың айтуынша, электорат ішінде әрі-сәрі күйде жүргендердің үлесі әжептәуір. Бірақ сарапшылар «экономикаға мемлекеттің тікелей араласуы мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қолдайтындардың дауыстарын алатын тұлға әзірше жоқ» дейді.

Ресей солшылдарының көрнекті өкілі - Геннадий Зюганов. Бірақ ол билікпен шынайы бәсекеге түсуден гөрі, өкіметтің айтқанынан шықпайтын «оппозициялық тұлға» рөлін - қазіргі орнын сақтап қалуды ғана көздейді.

Дума сайлауының нәтижесіне наразылар Мәскеудегі орталық сайлау комиссиясының алдында. Оларды полиция тұтқындап жатыр. 21 ақпан 2012 жыл.
Дума сайлауының нәтижесіне наразылар Мәскеудегі орталық сайлау комиссиясының алдында. Оларды полиция тұтқындап жатыр. 21 ақпан 2012 жыл.
Ал Сергей Мироновтың орташыл-солшыл «Справедливая Россия» партиясының «қалтадағы оппозиция» деген аты бар.

Сергей Удальцов басқаратын «Левый фронт» - ресми тіркеуден өтпеген және тым радикалды қозғалыс. Оны қазіргі жағдайда бір нәтижеге жетеді деу қиын.

Сайлаушылардың солшыл көзқарасын Путин тиімді пайдаланып отыр. Ол қазір популистік саяси ұрандарды, «әлеуметтік төлемдерді көбейтіп, бюджет қызметкерлерінің жалақысын өсіремін» деген уәделерді көп айтатын болды.

СОЛШЫЛ ИДЕЯЛАРДЫ ХАЛЫҚ ҚОЛДАЙДЫ, БИЛІК ҚОЛДАНАДЫ

Социализмді зерттеуші ғалым Борис Кагарлицкийдің айтуынша, орнығып қалған солшыл партиялар Ресейдегі жаңа солшылдықтың дамуына бөгет болып отыр.

- «Ескі» солшылдарды енді тек қуатты жаңа партия ғана ығыстыра алады. Қазір ондай партияның қалыптасуына солшылдардың өздері кедергі болып отыр. Олар - саяси спектрдің дәл осы бөлігінің дамуына бөгет, - дейді сарапшы.

Мәскеудегі Болотный алаңына келгендер. 4 ақпан 2012 жыл.
Мәскеудегі Болотный алаңына келгендер. 4 ақпан 2012 жыл.
Қазір «Единая Россия» партиясын қолдайтындар азайды. Желтоқсанда өткен парламент сайлауы кезінде коммунистік партия сайлаушылар даусының 20 пайызын алып, екінші орынға шықты.

«Левада-Центр» тәуелсіз сараптама орталығының өкілі Алексей Левинсонның айтуынша, «коммунистердің бұл жеңісіне таңдануға болмайды».

- Солшыл идеялар электораттың да, элитаның да басым бөлігінің көзқарасымен сәйкес келеді. Сондықтан солшыл көзқарастарды сайлаушылар қолдайды, - дейді Левинсон.

Оның пікірінше, «осыған қарамастан коммунистердің қолдаушылары аса қатты көбейген жоқ. КПРФ қазіргі заманға сай социал-демократиялық партияға айналудың орнына Зюгановтың жетегінде Совет Одағын аңсаумен жүр».

«ҚАЛТА ПАРТИЯСЫ» МЕН «МАТРИЦА» КЕЙІПКЕРІ

Нью-Йорк университетінің профессоры Марк Галеотти «ең ірі оппозициялық күш болғанымен, Зюгановтың партиясы қажетсіз партияға айналып барады» дейді.

- Солшыл бағыттағы саяси күштерді қайта қалыптастырудан екі нәтиже шығуы мүмкін. Біріншісі, коммунистердің жетекшілері оппозицияда қуғында жүргеннен гөрі билікте болуды жөн көретіндердің ықпалынан шыға алмай қалады. Екіншіден, басқа саяси қозғалыстар құрылады, - дейді америкалық сарапшы.

Қаңтар айында Сергей Удальцов өзі басқаратын «Левый фронттың» президент сайлауында
Полицей Удальцовты тұтқындауға келе жатыр. Мәскеу, 29 тамыз 2011 жыл.
Полицей Удальцовты тұтқындауға келе жатыр. Мәскеу, 29 тамыз 2011 жыл.
67 жастағы Геннадий Зюгановты қолдайтынын мәлімдеді.

Алайда «Левый фронттың» ұйымдасып бітпеген жүйесіз ұйым екенін ескерген сарапшылар Удальцовтың бұл мәлімдемесінің іске асатынына күмән келтіреді.

Сергей Мироновтың «Справедливая Россия» партиясы әжептәуір ықпалды күшке айналуы мүмкін. Кремльді қолдайтын бұл партия коммунистерге балама ретінде 2006 жылы құрылды. Мемлекеттік дума сайлауында олар 7,74 пайыз дауыс жинады.

Бірақ бұл партия қазір Кремльден іргесін аулақ сала бастады. Партияның осы әрекетінен соң Сергей Миронов Ресей парламентінің жоғарғы палатасы – федералдық кеңес төрағасы лауазымынан айырылды.

Билікке қарсы үндеулермен сайлауға түскен партия 2011 жылғы желтоқсандағы сайлауда қолдаушыларының санын екі есе арттырып, 13,24 пайыз дауыс алды.

Бірақ солшыл электорат президент сайлауына түсіп жатқан Мироновқа сенім артпайды. Себебі ол ұзақ жылдар бойы Путинмен бірге жұмыс істеген.

Ал «жалтырбас» Удальцов оппозиция жетекшісінен гөрі тіршіліктен безген маоистке немесе «Матрица» фильмінің кейіпкеріне көбірек ұқсайды дейді сарапшы.

«ДАУЫС БЕРУГЕ ЛАЙЫҚ ЕШКІМ ЖОҚ»

Сергей Удальцов радикалды шаралар ұйымдастырғаны үшін түрмеге көп түскені сонша, қанша мәрте ұсталғанын санамаған. Тек өткен жылдың үш айын абақтыда өткізгені есінде. Былтыр рұқсат етілмеген наразылық шарасына қатысқаны үшін қамалғанда түрмеде жатып аштық жариялады. Бұл әрекетінен кейін оны жұрт біраз танып қалды.

Удальцов өзін социал-демократ санайды. «Стратегиялық өндіріс орындарын мемлекетке қайтарып, салық салу тәртібін өзгерту керек» дейді. «Мемлекеттің табысын кедейлерге бөліп беру керек» деген жоспары да бар.

Оның айтуынша,
Ресей жастары Путинге қарсы шеруде. Мәскеу, 5 ақпан 2012 жыл.
Ресей жастары Путинге қарсы шеруде. Мәскеу, 5 ақпан 2012 жыл.
Батыс әлемін жайлаған экономикалық дағдарыс және АҚШ-тағы «Уолл стритті жаулап алайық» қозғалысы экономиканың неолибералдық моделінің дұрыс болмағанын дәлелдейді.

Евгений мен оның құрбысы Дарья сияқты солшыл жастар Удальцовтың мұндай пікірлерін қолдайды.

Бірақ нақты дауыс берер сәтке келгенде өміршең идеялары бар ірі саяси тұлғаны іздейді.

- Біздің қоғамнан дауыс беруге лайықты тұлғалар шығатын болар, - дейді үмітін үзбеген Евгений.
XS
SM
MD
LG