Қырым түбегінің мәртебесіне байланысты наурыздың 16-сы күні өтетін референдум қарсаңында Ресей Қырым татарларын өз жағына шығарудың амалдарын жасап жатыр.
Украинаның Қырым түбегінде ресейшіл күштер үстемдік құруға ұмтылып жатыр, ал жергілікті татарлар Кремльдің тегеурінді қысымына түсті.
Наурыздың 16-сы күні өтетін даулы референдумда жергілікті тұрғындар «Қырым Украинаның құрамында қалуы керек пе, әлде Ресейдің қоластына өтуі қажет пе?» деген сұраққа жауап береді. Украина билігі бұл референдумды заңсыз деп отыр.
Соңғы күндері Қырымға Ресейден түрлі делегациялар ағылып келе бастады, ал аймақтың ресейшіл басшылары татарларға уәдені үйіп-төгіп жатыр.
«УКРАИНА ТҰТАСТЫҒЫН ҚҰРМЕТТЕУ КЕРЕК»
Күні кеше ғана Қырым татарларының лидері Мұстафа Жемилев Ресей басшыларының шақыруымен Мәскеу барып қайтты. Онда ол Ресейдің құрамындағы Татарстан Республикасының бұрынғы президенті Минтемир Шаймиевпен кездескен.
Осы кездесулерден бұрын Азаттық радиосының татар-башқұрт қызметіне сұхбат берген Жемилев «Ресейден Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтеуді талап ететінін» айтты.
- Біздің бірінші шартымыз - [Қырымнан] Ресей күштері шығарылуы тиіс. Содан кейін ғана біз басқа мәселелерді талқылай аламыз. Қырым татарларының көзқарасы бойынша, [Қырым парламенті] қабылдаған шешімдер мен жасаған мәлімдемелердің ешқандай құқықтық салмағы жоқ, себебі сепаратистік құрылым ретінде әрекет ете бастағандықтан, парламенттің өзі заңсыз орган саналады, - деді ол.
ТАТАР ТІЛІНЕ – РЕСМИ МӘРТЕБЕ
Қырымдағы Мәскеуді қолдайтын билік өкілдері де жергілікті татарларды өз жағына шығармаққа жанталасып жатыр.
Наурыздың 11-і күні Қырым парламенті «Қырым татарлары құқықтарының сақталатынына және олардың Қырым қоғамымен интеграцияланатынына кепілдік беретін» қарар қабылдады.
Қарарда реформалар туралы айтылады. Соның ішіндегі маңыздысы – орыс және украин тілдерімен қатар, татар тіліне де ресми тіл мәртебесі берілмек.
Бұдан бөлек, құжатта Қырым татарларына аймақ үкіметіндегі лауазымды орындардың кем дегенде 20 пайызы берілетіні әрі жергілікті атқарушы органдарда татар ұлы өкілдерінің болатыны және Меджлистің өзін-өзі басқарудың заңды институты ретінде мойындалатыны айтылған.
Бұған қоса, депутаттар көбіне мұсылман дінін ұстанатын татарлардың діни бостандығына кепілдік береді және Қырым татарлары қауымдастығын қолдауды қаржыландыруға, Сталиннің әмірімен жер аударылғандардың отбасыларын қайта көшіріп әкелуге уәде береді.
Азаттық радиосының татар-башқұрт қызметіне берген сұхбатында Жемилев мұны «татарларға пара беру» әрекеті деп сынады.
МИННИХАНОВТЫҢ НӘТИЖЕСІЗ САПАРЫ
Мәскеу Татарстан президенті Рустам Миннихановты соңғы екі апта ішінде Қырымға екі мәрте жіберді.
Минниханов Ресей және Қырым татарларының арасындағы мәдени-тарихи байланысқа ерекше назар аударып, Қырымның бас мүфтиі, әрі меджлис төрағасы Рефат Чубаровпен кездесті.
Бірақ Минниханов келіп кеткен соң Чубаров Қырым халқын наурыздың 16-сы болатын Ресейге қосылу жөніндегі референдумға қатыспауға шақырды.
Ол АҚШ Президенті Барак Обамаға хат арқылы «Қырым татарлары аймақтағы дағдарысты шешуге көмектеседі деп АҚШ-тан үміт күтіп отырғанын» хабарлады. Бас мүфти Чубаровтың айтуынша, «Қырымдағы дағдарыс Ресей солдаттарының көмегімен, жауапсыз сепаратист саясаткерлердің кесірінен басталған».
Жергілікті татарлар арасында «Қырым Ресейге қосылу туралы шешім қабылдаған жағдайда бізге қысым күшейеді» деген үрей басым болып тұрған тұста Кремль де, Симферопольдегі ресейшіл күштер де оларға қамқор екендерін сездіруге тырысып жатыр.
Қырым татарлары қазірдің өзінде үйлерін қирату сияқты қоқан-лоқы әрекеттердің жиілеп кеткенін айтып отыр. Кейбір татарлар орысша сөйлейтін, өздерін «сайлау комиссиясының өкілдеріміз» деп таныстырған біреулердің үйлеріне келіп, паспорттарын алып кеткеніне наразы.
(Рон Синовиц пен Алсу Курмашеваның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)