Орыс ұлтшылдары саяси атрибуттары Өзбекстанда жасалып жатқанда қайда қарап жүрген? Олар мұны киімдерін киер кезде ғана білген.
Орыс ұлтшылының киімдердің Өзбекстанда тігілгенін көрсетіп, «бұл не былжырақ?!» деп наразы болған видеосы «Вконтакте» әлеуметтік желісіне жарияланды.
Видеода сөйлеген адам әңгімесін "Менің орыс, славян бауырларым, патриоттық жейделер мен біздің туымызды, футболкаларымызды көрсетейін» деп бастайды.
Ол «Ресейді Орталық Азиядан келетін миллиондаған мигранттардың басып алуын қаламайтын ұлтшыл бауырларым осы киімдерді киіп жүр» дейді қынжылып. Сосын ол жейделердің астарын ашып «Made in Uzbekistan» («Өзбекстанда жасалған») деген жазуды көрсетеді.
«Вконтакте» әлеуметтік желісіне жарияланған видеоны мына жерден көре аласыз:
Бұл киімдерге «Біз орыспыз» деген сөз жазылған.
Ресейде мардымсыз жалақыға ауыр жұмыстарды істейтін Орталық Азиядан келген мигранттар мен жергілікті орыстар арасы шиеленісіп тұр.
Осы жазда Ресейде мигранттарды ұстау науқаны ұйымдастырылды. Милиция оларды жаппай тұтқындап, 600-ден астам мигрант депортациясын күтіп, шатырларда тұруға мәжбүр болды.
«Левада» тәуелсіз зерттеу орталығы жүргізген сауалнамалар бойынша, ресейлік респонденттердің 55 пайызы өзі тұратын қаладағы ең басты проблема ретінде мигранттарды атаған.