Стамбулдың Ататүрік әуежайы 28 маусымда болған атыс пен жарылыстардан соң жұмысын қайта жалғастырды. Қала әкімдігі жарылыстан 41 адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Жарылыстан кейінгі Ататүрік әуежайы

1
28 маусым күні кешке қарай Стамбулдағы Ататүрік әуежайында үш жарылыс болған. Бомбаны үш жанкешті жарған. Стамбул мэрі жарылыстан қаза тапқандардың саны 41 адамға жеткенін мәлімдеді.

2
Жарылыс болған Ататүрік әуежайының маңы. Түркия үкіметі бұл жарылысты теракт деп мәлімдеді. Стамбул, 28 маусым 2016 жыл.

3
Жарылыс болған әуежайдың іші. Стамбул, 28 маусым 2016 жыл.

4
Ататүрік әуежайындағы жарылысты ешқандай ұйым мойнына алған жоқ. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.

5
Жарылыста мерт болғандардың туысқандары Ататүрік әуежайының маңында тұр. Қаза тапқандардың арасында шетелдіктер де бар екені хабарланды. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.

6
Ататүрік әуежайының сыртында тұрған күзет. Стамбул. 29 маусым 2016 жыл.

7
Ататүрік әуежайында және Түркияның басқа да әуежайларында тексеру күшейтілген. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.

8
Жарылыс болған Ататүрік әуежайында Түркия прьемер-министрі Бинали Йылдырым (ортада) келді. Ол бұл жарылысты "Ислам мемлекеті" ұйымы жасауы мүмкін" екенін мәлімдеді. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.

9
Ататүрік әуежайының маңындағы қарулы күзет. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.

10
Жарылыстан кейін әуежайда жөндеу жұмыстарын жүргізу сәті. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.

11
Ақпарат агенттіктерінің мәлімдеуінше, қазір Ататүрік әуежайының жұмысы қалпына келіп, рейстер уақытымен ұшып-қонып жатыр. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.

12
Ататүрік әуежайында тіркеуден өтіп жатқан жолаушылар. Стамбул. 29 маусым 2016 жыл.

13
Ататүрік әуежайындағы ұшақтар. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.