Стамбул - әлеуметтік медиа жағынан дамыған қала. Мұндағы жұрттың Twitter мен Facebook арқылы хабар таратуы - қалыпты жағдай.
«АҚПАРАТ ДОСТАРЫҢНАН ТҮСЕДІ»
Қазір Түркиядағы наразылар арасында құны бір доллардай смартфон қосымшасы ең қажет құралға айналған.
Шерушілердің айтуынша, оларға Twitter мен Facebook-тен гөрі, WhatsApp қосымшасын пайдалану тиімді болған. Өйткені бұл қосымша шағын топтар арасында 3G жүйесі мен Wi-Fi арқылы мәтіндер мен құпия ақпараттарды шексіз алмасуға мүмкіндік береді.
Шерушілердің айтуынша, WhatsApp смартфон қосымшасы - Twitter мен басқа да әлеуметтік желілердегі Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған тарапының қарсы риторикасын айналып өтудің құралы.
Оның үстіне Ердоған осы аптада Twitter-ді «өтіріктің ордасы» деп атады. Ал Измир қаласында 25 адам әлеуметтік желіде «жала жапқаны» үшін тұтқындалған.
WhatsApp қосымшасы телефон нөмірі негізінде жұмыс істейді. Қолданушы таныстарынан 50 адамнан тұратын топтар құрып, олардың смартфонына мәтін, фото, видео жібера алады. Хабарламаларды алған адамдар оларды ары қарай өз топтары арасында тарата алады. Бірақ ол мәліметтер Twitter мен Facebook-тегі сияқты жалпыға жарияланбайды, бір-бірімен қосылған телефондарға ғана тарайды.
Өткен аптада басталған қарсылық шерулерінің қайнаған ортасы – Таксим алаңы. Осы жерде дәрігерлер мен медициналық оқу орындары студенттерінен құрылған еріктілердің топтары бар. Олар төрт-бесеуден топқа бөлінген. Көз ашытатын түтіннен немесе полициямен арадағы қақтығыстан зардап шеккен адамдар шақырған кезде ақ халат киген еріктілер медициналық қораптарын алып, тез жетуге тырысады.
23 жастағы Чагатай Нухоглы медициналық оқу орнында бірінші курста оқиды. Ол зардап шеккен бір шерушіге медициналық жәрдем көрсетті.
Оның айтуынша, WhatsApp дәрігерлер тобына жақсы сеп болады. Бұл қосымша Twitter-дегі шерушілерді адастыратын жалған ақпараттардан құтқарған. WhatsApp зардап шеккендерді тез табуға жәрдемдеседі.
- Дезинформация көбейді, сондықтан біз WhatsApp-қа көштік. Ондағы ақпарат танитын достарыңнан түседі, - дейді Нухоглы.
БИЛІКТІ ТІКСІНТКЕН ҚОСЫМША
Жергілікті блогшы, әлеуметтік желілер бойынша сарапшы Арзу Гейбулла WhatsApp-ты Twitter мен Facebook сияқты маңызды құрал деп ойламайды. Ол бұл қосымшаның оқшау топтардың арасында ғана ақпарат алмасуға ыңғайлы құрал санайды.
Ол шерудің алғашқы күні WhatsApp арқылы жоғарыда айтылған дәрігерлердің жәрдем беруге дайын екенін білген.
- Адамдар ол ақпаратты Facebook-ке ілгеннің орнына, WhatsApp арқылы басқа топтарға таратуды сұрайды. Олар полиция адамдардың аттарын біліп алады деп қорқады, - дейді Гейбулла.
WhatsApp
Смартфондарға арналған хабарлама (мәтін, аудио, видео, фото және анимациялық бейнелер) жолдаушы. iPhone, BlackBerry, Android, Windows Phone, Nokia сияқты платформаларда жұмыс істейді.
Стамбулда шығатын Hurriyet басылымының журналисті Ердем Гүнеш ақпаратты әлеуметтік желілерге жарияламас бұрын өз телефонындағы WhatsApp арқылы алып отырғанын айтады.
- Мәселен Гези паркіндегі бір адам «маған мынадай нәрсе керек» деп жазып жіберсе, оны оқыған адам сұраған затын жеткізеді, - дейді журналист.
WhatsApp көптеген елдерде қарсылық құралы ретінде танылды. Компанияның өзі былтыр күніне 18 миллиард хабарлама жеткізгендерін мәлімдеген. Бірақ бірқатар елдердің билігі бұл құралды жақтырмайды. Мәселен, Сауд Арабиясында осы аптада Viber қосымшасының қызметі тоқтатып, WhatsApp-қа да ескерту жасаған.
WhatsApp қосымшасы кейбір құқық қорғаушылар жеке өмір құпиялары қауіпсіздігін сақтамайды деп сынайды.
Мақаланың авторы - Азаттық тілшісі Глен Кейтс.

WhatsApp деген не?
Сарапшылардың айтуынша, 2012 жылы пайдаланушылар саны жүздеген миллион адамнан асқан WhatsApp ұялы байланыс операторларының мықты бәсекелесі болуы мүмкін.