Accessibility links

Украинадағы соғыс: 18-24 сәуір аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз:

  • Ресей зымыраны Одессадағы көп қабатты тұрғын үйге түсті. Президент Зеленскийдің айтуынша, 8 адам қаза болған, арасында үш айлық нәресте де бар.
  • Украина президенті Владимир Зеленский 23 сәуірде Киев метрополитенінде баспасөз жиынын өткізді. Ол Ресей бақылауға алған аумақты Украина көп ұзамай қайтарады деді.
  • 24 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі Киевке барады.
  • Ресей қорғаныс министрлігі "Москва" крейсерінде адам шығыны болғанын алғаш рет мойындады.
  • Молдованың сыртқы істер министрлігі жуырда жарияланған Ресей әскерінің жоспарына алаңдаушылық білдірді. Онда Молдова да аталған еді.
  • Мариуполь маңындағы Виноградное елді мекенінен бауырластар зиратына ұқсас орын анықталды.
  • Путин БҰҰ бас хатшысымен кездеседі.

Днепропетровск пен Харьков облысына да шабуыл жасалды

Днепропетровск облысы әкімшілігінің басшысы Валентин Резниченко облысқа екі рет ракетадан шабуыл жасалғанын хабарлады. Синельников ауданында екі адамның зардап шеккені айтылды. Резниченко бұл ауданда ракета инфраструктуралық объектіге түскенін, өрт сөндірілгенін мәлімдеді. Ал Павлоград ауданында ракета теміржолды бүлдірген.

Ресей бұл шабуыл жайлы әлі ештеңе айтқан жоқ.

Сондай-ақ Харьковта тұратын журналист Мария Малевская "Настоящее время" телеарнасының эфирінде кейінгі күні Харьков облысына да шабуыл жасалғанын айтты.

"Қалада 40 жерде өрт шықты. Тұрғын үйлерден бөлек, балабақша да өртенді. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өртті сөндіріп үлгермей жатыр" деді ол.

Луганск облысының әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдай Ресей әскері аймақтағы Кременная қаласына кіргенін хабарлады. Оның сөзінше, қаладан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау мүмкін емес. Соғысқа дейін бұл қалада 18 мыңдай адам тұрған.

Львовқа шабуылдан алты адам қаза болғаны айтылды

Львовқа жасалған ракета шабуылынан алты адам қаза болып, сегіз адам жараланды деп хабарлады Львов әскери әкімшілігінің басшысы Максим Козицький.

Оның сөзінше, Львовқа төрт рет ракета шабуылы жасалған: үшеуі әскери объектілерге, біреу көлік дөңгелегін жөндейтін орталыққа.

"Укрзалізниця" (Украина теміржолдары) компаниясы да Львовта бірнеше ракета теміржол объектілеріне түскенін айтқан.

18 сәуір. Қазірге дейінгі негізгі ақпараттарты шолып шығыңыз:

  • Ресей туын тігіп алып теңізде жүрген кемелерге 17 сәуірден бастап Еуропа одағы елдері портына кіруіне тыйым салынады. Ресейге қарсы осындай шараға Эстония, Бельгия мен Болгария да қосылды. Оның алдында Румыния мен Италия ресейлік кемелердің келуіне тыйым салған. Бұл 24 ақпанда Мәскеу Украинаға соғыс ашқалы бері Еуропа одағы мақұлдаған Ресейге қарсы санкциялардың бірі. 24 ақпанға дейін Ресей туы астында жүріп, содан кейін басқа елдің туын іліп алған кемелер де осы санкцияға ілігеді.
  • Вашингтонның Киевке қауіпсіздігін нығайтуы үшін бөлген 800 млн доллардың көмегі аясында АҚШ жіберген қару-жарақ, оқ-дәрілер Украинаға келе бастады. Бұл жөнінде Америка үкіметіндегі дереккөзге сүйенген CNN телеарнасы хабарлады.
  • Ресей әскері Украина қалаларын атқылауды жалғастырды. Украина қарулы күштері Ресей Харьков маңындағы әскерін көбейтуге тырысып жатқанын айтады. Спутниктен түсірілген суреттерде әскери техникалардың Харьков облысы Липчановка елді мекенінде шоғарланғаны байқалады. Техниканың біраз бөлігі Изюм қаласына қарай бара жатыр.
  • Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Ресей Украинадағы соғыста тактикасын өзгерткенмен, мақсатын өзгерткен жоқ деп мәлімдеді.
  • Украина президенті Владимир Зеленский "Мариупольдегі украин күштерінің қазасы Ресеймен келіссөзге нүкте қоюы мүмкін" деп мәлімдеді. Қоршауда қалған Мариупольдегі украин күштері Ресейге берілуден бас тартқан.
  • Журналистер "Москва" крейсерінде қаза болған теңізшінің аты-жөнін анықтады. Пентагон Ресей крейсері Украинаның екі зымыраны түскеннен кейін суға батқан дейді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG