Accessibility links

Украинадағы соғыс: 18-24 сәуір аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз:

  • Ресей зымыраны Одессадағы көп қабатты тұрғын үйге түсті. Президент Зеленскийдің айтуынша, 8 адам қаза болған, арасында үш айлық нәресте де бар.
  • Украина президенті Владимир Зеленский 23 сәуірде Киев метрополитенінде баспасөз жиынын өткізді. Ол Ресей бақылауға алған аумақты Украина көп ұзамай қайтарады деді.
  • 24 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі Киевке барады.
  • Ресей қорғаныс министрлігі "Москва" крейсерінде адам шығыны болғанын алғаш рет мойындады.
  • Молдованың сыртқы істер министрлігі жуырда жарияланған Ресей әскерінің жоспарына алаңдаушылық білдірді. Онда Молдова да аталған еді.
  • Мариуполь маңындағы Виноградное елді мекенінен бауырластар зиратына ұқсас орын анықталды.
  • Путин БҰҰ бас хатшысымен кездеседі.

Украина вице-премьері Ирина Верещук 20 сәуір күні Мариупольден гуманитарлық дәліз ашылатынын айтты

"Әйелдерге, балаларға және егде жастағыларға арналған гуманитарлық дәліз жөнінде келісе алдық" деп жазды Верещук. Колонна Мариуполь-Мангуш-Бердянск-Тоқмақ-Орехов-Запорожье бағыты бойынша жүрмек.

Ресей әскері Мариупольде түгел дерлік жермен жексен етіп, бақылауға алды. Бірақ "Азовсталь" зауытына тығылған Украина әскері әлі қорғанып жатыр. Зауытта жүздеген бейбіт азаматтың бары айтылады. Мұның алдында Верещук гуманитарлық дәліз жөніндегі келіссөздердің нәтижесіз аяқталғанын хабарлаған.

Ресей төтенше жағдай министрлігінің порталында "НАТО-ның қарымта ядролық соққысы жасалса" не істеу керегі жөнінде нұсқаулық жарияланды. Осыдан кейін портал жұмысын тоқтатқан, сайт бетінде оның кибершабуылға ұшырағаны айтылады.

Бір күн бұрын әлеуметтік желіде Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің ресми порталы mchsmedia.ru сайтынан алынған мынадай скриншот тарады. Онда сайт бетінде "РФ ТЖМ-нің НАТО тарапынан қарымта ядролық соққы жасалған жағдайға арналған нұсқаулығы" дейтін мақала жарияланғаны көрінеді. Мақалада мұндай соққы 24 сәуір күнгі Пасха мерекесінде жасалуы мүмкін екені айтылады.

Кейінірек министрліктің Vkontakte желісіндегі аккаунтында сайттың бұзылғаны, ал "жарияланған ақпараттың шындыққа жанаспайтыны хабарланды. Министрліктің бұл мәлімдемесінде нақты ненің шындыққа жанаспайтыны айтылмайды. Сайт әлі істемей тұр.

"Азовстальдегі" жағдай:

19 сәуір күні Ресей әскері Мариупольдегі "Азовсталь" зауытын басып алуға кіріскенін мәлімдеді. Зауыт – Мариупольде Ресей әскеріне қарсылық танытып отырған жалғыз жер. Әскери қызметкерлермен бірге ол жерде жүздеген бейбіт азаматтың бары айтылады.

20 сәуірге қараған түні Украина теңіз жаяу әскері бригадасының командирі Сергей Волына АҚШ, Ұлыбритания, Түркия және Украина елдерінің басшыларына жүгініп, азаматтарды эвакуациялауға көмектесуді сұрады.

Украина президент әкімшілігі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Ресей әскерінің "Азовсталь" зауытына антибункер бомбаларын тастап жатқанын айтты.

20 сәуірге қараған түні Ресей әскері "Азовстальдег" украин сарбаздарына берілуді ұсынды. Ұсыныс қабылданса, 20 сәуір күні атқылауды тоқтата тұратынын айтты. Украина күштері олардың бұған дейінгі осындай ұсыныстарынан бас тартып келген.

Ресей қорғаныс министрлігі Мариупольдегі "Азовсталь" зауытын қорғап жатқан Украина күштеріне тағы да берілуді ұсынды. Мұндай ұсыныстар 4 сәуірден бері тұрақты түрде жасалып жатыр, бірақ Украина әскерилері бас тартып келеді.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы маңызы жоғары порт-қала Мариупольді 2 наурыздан бері толық жаулап ала алмай келеді. 17 наурызда қаланы құрсауға алды, ал 13 сәуірде "Азовстальден" өзге жердің бәрін бақылауға алғанын мәлімдеді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG