Accessibility links

Украинадағы соғыс: 18-24 сәуір аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз:

  • Ресей зымыраны Одессадағы көп қабатты тұрғын үйге түсті. Президент Зеленскийдің айтуынша, 8 адам қаза болған, арасында үш айлық нәресте де бар.
  • Украина президенті Владимир Зеленский 23 сәуірде Киев метрополитенінде баспасөз жиынын өткізді. Ол Ресей бақылауға алған аумақты Украина көп ұзамай қайтарады деді.
  • 24 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі Киевке барады.
  • Ресей қорғаныс министрлігі "Москва" крейсерінде адам шығыны болғанын алғаш рет мойындады.
  • Молдованың сыртқы істер министрлігі жуырда жарияланған Ресей әскерінің жоспарына алаңдаушылық білдірді. Онда Молдова да аталған еді.
  • Мариуполь маңындағы Виноградное елді мекенінен бауырластар зиратына ұқсас орын анықталды.
  • Путин БҰҰ бас хатшысымен кездеседі.

Владимир Зеленский, Светлана Тихановская және «Первый каналдың» экс-редакторы Марина Овсянникова немістің Бостандық бойынша бұқаралық ақпарат құралдары сыйлығын алады. Биыл бұл сыйлық Шығыс Еуропаның бостандығы үшін күрескендерге берілмек.

Шойгу Путинге "Мариупольді алдық" деп есеп берді. Путин "Азовстальға" штурм жасаудың қажеті жоқ деді

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу 21 сәуірде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде "Мариуполь қаласын бақылауға алғаны" жайлы есеп беріп, "тек "Азовсталь" комбинатының аумағына әлі бақылау орнатылмағанын" айтты.

"Украиналық күштер мен шетелдік жалдамалылар "Азовсталь" ішінде қамалып отыр. Қаланы толығымен бақылауға алуға 3-4 күн керек" деді Шойгу.

Путин Мариупольдегі "қарулы жұмысты" "сәтті" деп атап, ресейлік әскерилерге награда беруді тапсырды.

Ресей президенті "Азовстальға" штурмды "бос іс" деп атап, Шойгуға комбинатқа штурмды доғаруды бұйырды.

"Бұл жағдайда біз солдаттарымыз бен офицерлеріміздің өмірін сақтауды ойлауымыз керек. Бұл катакомбаға жолаудың қажеті жоқ, өнеркәсіп базасының астына түсудің де керегі шамалы. Өнеркәсіптік аймақты шыбын ұшпайтындай жауып тастаңдар" деді Путин.

Мариуполь қаласы 1 наурыздан бері Ресей әскерінің қоршауында қалған. Украина билігі қаладағы 80-90 пайыз инфрақұрылым толық қирағанын, қалада 20 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза болғанын мәлімдеген.

Бұл қаланы негізінен украиналық "Азов" батальоны қорғаған. Ресей билігі "Азов" батальонын "националистер" деп, Мариупольді "националистердің астанасы" деп атайды. Киев қалада 10 мыңнан аса адам қалғанын, Ресей күштері оларды қаладан шығармай отырғанын айтқан.

Ресей әскері Луганск облысындағы қалаларды басып алуға тырысып жатыр

Луганск облысындағы Рубежное және Попасная қалаларында ұрыс жүріп жатыр деді Луганск облысы әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдай.

"Жау Рубежноеның батыс және солтүстік-батыс бөлігінде бекініп алуға тырысып көрді, бірақ сәтсіздікке ұшырады. Новотошковскийге шабуылы да сәтсіз болды, қазір Попасныйға шабуылдап жатыр" деп жазды Гайдай.

Рубежное Луганск облысының орталығы Северодонецкіге жақын орналасқан.

Ұлыбритания барлау қызметінің 21 сәуірдегі хабарламасы:

Ресей 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында Украинадағы соғыста едәуір жетістікке жеткенін көрсеткісі келетінге ұқсайды

Ресей күштері Донбасстан Краматорскіге қарай қозғалуда. Бұл аймақта Ресей күштері тоқтаусыз бомбалап жатыр

Ресей әуеде белсенділік танытып, құрлық әскерінің Украина шығысындағы шабуылын демеп отыр

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG