Шойгу үш аптадан соң Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірді
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу «Ресей «ДХР» мен «ЛХР» аймақтарын азат ету жоспарын кезең-кезеңмен орындап жатыр» деп мәлімдеді. Ол АҚШ пен Батыс елдерін «Украинаға қару-жарақ беріп», соғысты «барынша созып отыр» деп айыптады.
Шойгу кейінгі уақытта соғыс жайлы сирек пікір білдіріп жүр. Соңғы рет ол 29 наурызда пікірін айтқан. Наурызда интернетте Шойгудың жұрт алдына ұзақ уақыт шықпай кеткені сөз болған еді.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров үндістандық India Today басылымына сұхбат берді. Негізгі айтқандар
- Ресей Украинада ядролық қару қолдануды жоспарламайды, кәдімгі қару-жарақты қолданып жатыр.
- Украинадағы «арнайы операция» (Ресей Украинаға басқыншылығын соғыс деп атамай, «арнайы операция» деп келеді – Ред.) «ДХР» мен «ЛХР» аймағын толық босатуға бағытталған. Қазір «арнайы операцияның» келесі фаза басталды.
- Ресей Украинадағы режимді өзгертуді жоспарламайды. Біз Украина халқының алда қалай өмір сүретінін өздері шешкенін қалаймыз.
- «Арнайы операцияның» негізгі себебі – НАТО-ның шығыстағы тоқмейілсінуі.
- Батыс Зеленскийді Ресейге қарсы қолданып отыр. Оның әрбір айтқан сөзіне қатты көңіл бөлудің қажеті жоқ, себебі оның ойы жиі өзгеріп жатыр.
Подоляк: Келіссөздің келесі раундты қашан болатыны белгісіз
Украина келіссөз тобының мүшесі Михаил Подоляк «бетпе-бет отырып бейбіт келіссөзді қашан талқылайтынымыз белгісіз» деп мәлімдеді. Ол Ресей Донбасстағы операциясына байланысты келіссөзді тоқтатып қойды деп санайды.
Подоляк Мариупольдегі жағдай «Ресеймен келіссөзді тіпті қиындатып жіберді» деді.
Ұлыбритания барлауы қызметі: Украина күштері Донбасста Ресей әскерінің көптеген шабуылының бетін қайтарды
Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Украинадағы соғыс жөніндегі күнделік барлау деректерін жариялады:
Ресей Донбасстағы бақылау линиясы бойынша артиллериялық шабуылын үдетіп жатыр. Ал Украина Ресей әскерінің көптеген шабуылының бетін қайтарды
Ресей әскерінің алға жылжуына осыған дейінгідей қоршаған орта, логистика және техника қиындықтары және Украина әскерінің жанкештілігі кедергі келтіруде.
ПІКІРЛЕР