Accessibility links

Украинадағы соғыс: 18-24 сәуір аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз:

  • Ресей зымыраны Одессадағы көп қабатты тұрғын үйге түсті. Президент Зеленскийдің айтуынша, 8 адам қаза болған, арасында үш айлық нәресте де бар.
  • Украина президенті Владимир Зеленский 23 сәуірде Киев метрополитенінде баспасөз жиынын өткізді. Ол Ресей бақылауға алған аумақты Украина көп ұзамай қайтарады деді.
  • 24 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі Киевке барады.
  • Ресей қорғаныс министрлігі "Москва" крейсерінде адам шығыны болғанын алғаш рет мойындады.
  • Молдованың сыртқы істер министрлігі жуырда жарияланған Ресей әскерінің жоспарына алаңдаушылық білдірді. Онда Молдова да аталған еді.
  • Мариуполь маңындағы Виноградное елді мекенінен бауырластар зиратына ұқсас орын анықталды.
  • Путин БҰҰ бас хатшысымен кездеседі.

Днепропетровск облысы әкімшілігі жексенбіге қараған түні зымыран соққысынан қираған Павлоград ауданындағы өнеркәсіп нысанының суретін жариялады.

Соққы салдарынан бір адам қаза болған. Зымыран өнеркәсіп нысанына түскен. Темір жол инфрақұрылымы да қираған.

Ресей бірқатар экономикалық көрсеткіштерін жариялауды доғарды

Украинадағы басқыншылығына байланысты Батыс санкциясына ұшыраған Ресей ішкі-сыртқы қарыздары, мұнай өндірісі мен экспортының көлемі және өзге де маңызды экономикалық көрсеткіштерін жариялауды доғарды. Бұл жөнінде The Wall Street Journal басылымы жазды.

Ақпаратқа қарағанда, Федералдық кеден қызметі экспорт және импорт жайлы ай сайынғы мәліметін жариялауды тоқтатқан. Шектеулер банк секторындағы мәселелерді жасыруға мүмкіндік береді, дейді сарапшылар. Орталық банктер де сыртқы қарызы жайлы кезең-кезең бойынша шығып отыратын ақпаратты жариялауды тыйған.

Мұндай амал-әрекеттер шет мемлекетке негізгі экономикалық мәліметтерді беруге тыйым салатын заң жобасымен қатар жүзеге асырылып жатыр. Басылымның болжамынша, бұл санкциядан кейінгі Ресей экономикасының шынайы жағдайын жасыру үшін жасалып отыр. Мұндай қадам алдағы санкциялардың нақты параметрлерін де күрделендіре алады. Экономикалық ақпараттың жоқтығы санкцияның Ресей экономикасына әсерін бағалауды да қиындатады.

Осыған дейін көптеген сарапшылар халықаралық қаржы нарығына ену мүмкіндігі шектелген Ресей экономикасының рецессия, жоғары инфляция мен жұмыссыздыққа кезігетінін болжаған.

Ресей үкіметі инфляция, ЖІӨ және өзге де бірқатар көрсеткіштерді жариялауды тоқтатпағанмен олардың көлемі азайған.

Ресей әскері Мариуполь мен "Азовсталь" комбинатын тағы атқылады, Украина шекарасына баллистикалық зымыран қондырғысы орнатылғаны хабарланды

"Қолда бар мәліметке сәйкес, Украинаның мемлекеттік шекарасынан 60 шақырым жерде 9К720 "Искандер" баллистикалық зымыран жүйесін іске қосу қондырғылары орнатылған". Украина қарулы күштері 24 сәуірде таңертең осылай деп мәлімдеді.

Украина тарабы сонымен бірге Ресейдің Белгород облысына қосымша әскери күштер жинап жатқанын хабарлады.

Украинаның Северодонецк, Кураховск және Попасная аумағында шабуыл күшейген. Заречное, Рубежное және Попасная аудандарында ұрыс жүріп жатыр.

Северодонецкіде орыс әскері Красна өзені арқылы понтон өткелін құрған. Ал Мариупольде украин әскері шоғырланған "Азовсталь" маңын әуеден атқылаған.

Ресей мен Украина қарсылас жақ қанша солдатынан айырылғаны туралы мәлімет жариялады.

Екі жақтың 24 сәуір күнгі мәліметі бойынша, 21800 орыс және 23367 украин жауынгері қаза болған.

Бұл мәліметтің дұрыстығын тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.

Ресей қорғаныс министрлігі "арнайы операцияда" қаза болған солдаттар туралы мәліметті құпия деректер санатына қосқан.

Украина жағы қаза болған ресейлік солдаттар туралы ақпаратты күн сайын таратады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG