Харьков мэрі Игорь Терехов "Настоящее время" телеарнасының эфирінде "Харьковты жою жалғасып жатыр" деп мәлімдеді. Мэрдің айтқан негізгі деректері:
- Қазірге дейін 400 көпқабатты үй мен мемлекеттік ғимараттар; 27 мектеп, ауруханаға, перзентхана, балабақша қирады. Түнге қаладағы ең ірі сауда орталылғы "Никольский" бүлінді.
- Коммуналдық қызметіміз қиын жағдайға қарамастан жылу, су беруді, қоқыс шығаруды жалғастырып жатыр. Олар мұны оқ пен оттың ортасында жүріп жасап жатыр, нағыз батырлар.
- Қаладан 600 мың адам кетті деп айтуға келмейді, себебі қазір кеткен адамдарды санау мүмкін емес. Бірақ көп адам Харьковта қалды, көбі кеткісі келмейді.
Соғыс жағдайында мұндай деректерді тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.
- Әлем бойынша ақша аударатын Western Union Ресей мен Беларусьте жұмысын тоқтатты.
- Әлемдегі ең ірі үш музыкалық лейблге кіретін Sony Music Group та Ресейдегі жұмысын тоқтатты. Бұған дейін Universal Music Group пен Warner Music компаниялары да Ресейден кеткен.
Энергетика министрі "Ресейге салынған санкция Қазақстан мұнайына әсер етпейді" дейді
Қазақстан энергетика министрі Болат Ақшолақов Ресейге салынған санкция Қазақстанның мұнайына әскер етпейді деді.
"Қазір Қазақстан мұнайына ешқандай санкция салынған жоқ, Ресей арқылы мұнай тасымалдауға да санкция жоқ. АҚШ кеше Ресей мұнайын сатып алудан бас тартты, бірақ бұл жағдайда Қазақстан үшін бастысы бұрынғыдай жұмысын жалғастыра беру" деді министр 10 наурызда үкімет кулуарында журналистерге.
Ақшолақов Ресей арқылы өтетін мұнай құбырларына, Қазақстан мұнайына ешқандай санкция жоқ деп мәлімдеді. Оның сөзінше, биыл Қазақстан мұнай экспортын азайтпайды, жыл бойы 87,5 млн тонна мұнай өндіру жоспары орындалады.
Министр Қазақстан мұнайын экспорттау үшін "басқа да маршруттар қарастырылып жатқанын" айтып, Қытай мен Еуропаны атады.
"Қазірге санкция салынған жоқ, сондықтан мұнайдың белгілі бір мөлшерін басқа құбыр арқылы жіберу жоспары жоқ. Қалыпты жағдайда жұмыс істеп мұнайды "Каспий құбыр желісі консорциумы" арқылы, Атырау – Самара арқылы жібере береміз" деді Ақшолақов.
"Каспий құбыр желісі консорциумы" арқылы әлемдік нарыққа күніне 1,2 миллион баррель мұнай шығарылады, бұл әлемдік мұнай тасымалының 1,2 пайызын құрайды. Қазақстаннан шығатын мұнайларды Chevron, Exxon Mobil, Eni және Shell компаниялары өндіреді.
Кейінгі күндері "Каспий құбыр желісі консорциумы" Ресей санкциясынан зардап шеге бастады, себебі сатып алушылар бұл құбыр арқылы өткен мұнай Ресейдегі мұнай сортымен араласатынын айтады.
Ресей Украинаға соғыс ашқан соң Батыс елдері Мәскеуге санкцияны күшейтіп, АҚШ пен Ұлыбритания Ресей мұнайы мен газы сатып алудан бас тартты.
Ресей қорғаныс министрлігі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерінің басшысы Игорь Кириллов 10 наурызда өткізген брифингте "Украинада АҚШ-тың қауіпті зертханасы болған", "мұнда АҚШ пен оның одақтастары белгілі бір ұлтқа, соның ішінде славяндарға бағытталған вирус ойлап табу бойынша жұмыстар жүргізген" деді.
АҚШ-тың Украинада "құпия биозертханасы бар" деген сарындағы сөзді ресейлік кремльшіл арналары да бірнеше күннен бері айтып келеді. Бұл сөзді бүгін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та қайталаған.
АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Джейн Псаки "АҚШ-тың Украинада зертханасы бар" деген Ресейдің сөзін "қисынсыз" деген.
Мәскеу мемлекеттік университеті биология факультеті вирусология кафедрасының басшысы Алексей Аргановский "Секрет фирмы" сайтына берген сұхбатында "бір ұлтқа бағытталған биологиялық қару жасау мүмкін емесін" айтқан.
ПІКІРЛЕР