Accessibility links

Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 9-13 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Ресей ақпарат агенттіктері дереккөздеріне сілтеме жасап елде WhatsApp желісі бұғатталмайтынын жазып жатыр.

Бұған дейін Ресей бас прокуратурасы соттан Meta компаниясын экстремистік деп тануды, және осы компания иелік ететін Фейсбук және Инстаграм желісін Ресейде бұғаттауды сұраған. Meta WhatsApp мессенджеріне де иелік етеді.

Бүгін Meta Шығыс Еуропа елдерінде Инстаграмда Ресей билігі мен әскеріне қарсы "хейтспич" жазуға рұқсат берген еді. Мәскеу бұған тиісті түрде жауап береміз деген.

Ресей бас прокуратурасы Фейсбук пен Инстаграм желісін бұғаттауды сұрады

Ресей бас прокуратурасы соттан Meta компаниясын экстремистік деп тануды, және осы компания иелік ететін Фейсбук және Инстаграм желісін Ресейде бұғаттауды сұрады.

Бұған дейін Meta Шығыс Еуропа елдерінде Инстаграмда Ресей билігі мен әскеріне қарсы "хейтспич" жазуға рұқсат берген еді. Мәскеу бұған тиісті түрде жауап береміз деген.

Meta WhatsApp мессенджеріне де иелік етеді. WhatsApp Ресейде алда жұмыс істейтін-істемейтіні белгісіз.

Украина қорғаныс министрлігі барлау бөлімі "Ресей президенті Путин Чернобыль атом станциясында теракт дайындауға бұйрық берген, осы арқылы ол барлық кінәні Киевке аудармақ болды" деп мәлімдеді.

Соғыс уақытында екі тараптың ресми мәліметтерін тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.

Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь режимін қолына ұстап отырған Александр Лукашенко арасында кездесу өтіп жатыр. Кездесуде Лукашенко Путинге ҰҚШҰ мен Еуразиялық экономикалық одақ айналасына топтасайық деп ұсынды. Бұл екі ұйымға да Қазақстан мүше.

Лукашенконың Путинге айтқан ұсынысы:

- Тыңдаңыз, сіз ылғи одақтастарыңызға көмектестіңіз. Қазақтарға көмектестіңіз. Барлығына көмектестіңіз, кейбіріне нарығыңызды аштыңыз, олардың аттарын атамай қояйын, өкпелеп қалар. Осы тұста ҰҚШҰ мен Еуразиялық экономикалық одақтың маңайында топтасу керек, бәрі бірге болуымыз керек деді емес пе? Демек, жиналайық та. Бұл нарықтарды біріктірсек, бір айдан кейін санкциялар салынғанын ұмытамыз. Ұсыныс айтуға құқығым бар ғой, ҰҚШҰ мен Еуразиялық экономикалық одақ Мәскеуде жиналып, сіз мынаны, біз мынаны сатамыз деп ортақ экономикалық саясатымызды құрайық. Сіз бұл ұсынысымды қолдайсыз деп ойлаймын.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG