Accessibility links

Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 9-13 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Украина қорғаныс министрлігі Киев облысында эвакуация кезінде бейбіт тұрғындардың қаза болғанын хабарлады

Украина қорғаныс министрлігі барлау басқармасы Киев облысында эвакуация кезінде жеті әйел мен баланың қаза болғанын хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, оларды Ресей әскері атқылаған болуы мүмкін. Әзірге бұл деректерді растайтын тәуелсіз дереккөз табылмады.

Барлау басқармасының мәліметінше, оқиға 11 наурызда Перемога елді мекенінен тұрғындарды көшіру кезінде болған.

Киев Ресей Херсонда тәуелсіздік бойынша "референдум" өткізуді жоспарлап отырғанын айтты

Ресей Украинаның оңтүстігіндегі Херсон қаласында 2014 жылғы "сценарийін" қайталап, тәуелсіздік "референдумын" өткізуді жоспарлап отыр. Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба осылай деп мәлімдеді.

Херсон Қара теңізге құятын Днепр өзені маңындағы портты қала. Бұл қала 2014 жылы Ресей жаулап алған Қырымға да жақын. Кремль осылайша Херсонды Ресей мен Қырым арасын жалғайтын құрлық үсті көпір жасауды көздеп отырған болуы мүмкін.

Ресей әскері осы айдың басында Херсонды басып алған, бірақ жергілікті халықтан қолдау таппаған. Қала тұрғындары Ресей агрессиясына қарсы наразылықты жалғастырып келеді.

Ресей агрессиясына қарсылық танытып тұрған тұрғындар. Украина, Херсон, 6 наурыз 2022 жыл.
Ресей агрессиясына қарсылық танытып тұрған тұрғындар. Украина, Херсон, 6 наурыз 2022 жыл.

Херсон аймақтық кеңесінің депутаты Сергий Глан осыған дейін ресейліктердің өзі мен өзге де депутаттарға хабарласып, "Херсон халық респубикасын" құруға "қолдау" білдіруге шақырғанын айтқан. Гланның айтуынша, ол одан түбегейлі бас тартып, өзге депутаттарды да ресейліктердің "ұсынысын" қабылдамауға шақырған.

Мәскеу 2014 жылы ақпанда Қырым түбегіне әскер кіргізіп, "референдум" өткізіп, Қырымды аннексиялаған еді. Украина мен дүниежүзі мемлекеттерінің басым көпшілігі бұл әрекетті айыптаған.

12 наурыз. Қазірге дейін не белгілі? Негізгі оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығыңыз:

  • Ресми Киевтің хабарлауынша, 12 наурызға қараған түні Чернигов, Николаев, Сумы, Васильков және Кроповницкий елді мекендері атқылауға ұшыраған.
  • Сенбі күні Киев маңында шайқастар қызды. Астананың оңтүстігіндегі аэродромды Ресей әскері атқылағаннан кейін әуежай бүлініп, оқ-дәрі қоймасы жарылған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский соғыста 1300 украин жауынгері қаза болғанын мәлімдеді.
  • Украинада мыңдаған адам Ресей әскері басып алған Мелитополь әкімшілігінің алдына жиналып, қала мэрі Иван Федеровты босатуды талап етті. Қала мэрін ұстап алып кеткені жөнінде хабарды Украина билігі жақында хабарлаған. Ресей билігі әзірге түсініктеме бермеді.
  • YouTube сервисі Ресей мемлекеттік арналарының парақшаларын жапты.
  • 11 наурызда Ресей басшысы Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қорғаныс министрлігі Украинамен соғысқа "еріктілерді" тарта алады деп мәлімдеген. Қорғаныс министрі Сергей Шойгу бір ғана Таяу Шығыстан Ресей жағында соғысу үшін 16 мың өтініш келіп түскенін хабарлаған.
  • Қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы 12 наурыздан бастап Ресейге ұшатын рейстерін тоқтатты. Компания мұндай шешімді Ресей әуе кеңістігін сақтандыру мәселесінің туындауымен байланыстырды.
  • БҰҰ дерегінше, соғыс басталғалы Украинадан 2,6 млн адам кеткен. 549 бейбіт адам қаза болған.
  • Украина Қарулы күштерінің мәліметінше, соғыс басталғалы бері Ресей жағы 12 мың солдатынан айырылған. 362 танк, 33 әуе қорғаныс жүйесі, 58 ұшақ, 83 тікұшақ жойылған.
  • АҚШ Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың әйелі мен ересек балаларына, мемлекеттік думаның 12 мүшесіне санкция салды.

Шольц, Макрон және Путин арасындағы келіссөз аяқталды

Германия канцлері мен Франция президенті Украинада атысты дереу тоқтатуды талап еткен. Келіссөзде қозғалған өзге мәселелер жарияланбайтыны хабарланды.

Кремльдің мәлімдеуінше, Путин Шольц пен Макронға "шынайы жағдайды" баяндаған. Владимир Путиннің пікірінше, Украинада "келіспейтіндерді сотсыз зәбірлеу, кепілге алу және бейбіт тұрғындарды тірі қалқан ретінде пайдалану, тұрғын үйлер мен аурухана, мектеп, балабақшаларға қару-жарақтарды орналастыру" әрекеттері байқалған. Ол Украинаны "денацификация және демилитаризациялау" жоспары кезінде де осы пікірін айтқан.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG