Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
15:32 1.3.2022

Украинадағы соғыста кемінде бір Ресей қазағының опат болғаны хабарланды

Украинадағы соғыста Ресейдің Краснояр өлкесі Астрахань облысының тумасы Арман Нарынбаев қаза болған. Бұл жөнінде өлке губернаторы Игорь Бабушкин Инстаграм парақшасында хабарлады.

Бұл - төменгі Еділ бойын мекендеген халық арасында соғыста қаза болғаны ресми түрде расталған алғашқы мәлімет. Бұған дейін жергілікті чаттар мен әлеуметтік желілерде Астраханнан барған солдаттардың қаза болғаны жайлы мәліметтер тараған. Володар ауданы (Астрахань облысындағы елді мекен - ред.) тұрғындарының бірінің сөзінше, бұл жаққа алты мәйіт жіберілген. Астрахань облысында негізінен қазақтар тұрады.

Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісі Тодар Бақтемір Twitter'де соғыста тағы бірнеше қазақ қаза болуы мүмкін екенін, әзірге ресми түрде расталмағанын жазды. Оның айтуынша, ақпараттың ресми түрде расталмауына Нарынбаевтың офицер болғаны, ал қаза болған өзге қазақтардың "әскери салада тәжірибесі жоқ, Украинаға заңсыз жіберілгені" себеп болуы мүмкін.

"Қаза болған солдаттардың туыстары қысымға ұшыраған, сөйлеуден қорқады" деп жазды журналист.

16:22 1.3.2022

Киевке қарай Ресейдің әскери техникалары жылжып барады

Беларусь шекарасы жақтан ресейлік әскери техникалардың ұзын колоннасы Киевке қарай кетіп барады. Maxar компаниясы спутниктен түсірген суреттерді жариялап, колонна 65 шақырымға жететінін мәлімдеді.​ Мына суретте сол колоннаны көре аласыз.

Вашингтон Ресей Украина астанасына екінші екпінмен тағы да шабуыл жасамақ деді.

Колонна ішінде бронетехникалар, танкілер, артиллерия, әскерилер мінген және бензин бактары тиелген жүк көліктері бар.

Америкалық сенатор Крис Мёрфи Конгресс мүшелерінің жабық брифингінен кейін твиттерде "осы аптада ресейлік әскерилер Киевті қоршауға тырысады" деп жазды.

"Қала үшін шайқас ұзақ әрі қанды болады, украиналықтар соғысқа тез дайындалып жатыр" деді ол.

1 наурызға қараған түні ресейлік әскерилер Украинаның оңтүстігіндегі Херсон қаласына шабуылдап, қоршады. Бірақ қала украиналық әскерилер мен әкімшіліктің бақылауында екені хабарланды.

16:47 1.3.2022

Қысқа-нұсқа

  • Харьков қаласындағы қираған үйінділер астынан алты адамның мәйіті табылған. Жалпы қалада кемі он адам қаза тапқан. Ондаған адам жараланған. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады. УНИАН ақпарат агенттігі қалада жарылыс дауыстары естіліп жатыр дейді.
  • Украина тарабының сұранысынан соң YouTube ресейлік Первый канал, "Звезда", ТНТ және басқа да телеарналардың осы желідегі каналдарын Украина аумағында бұғаттады.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Харьков қаласына шабуылдаған Ресейді "террорист мемлекет" деп атады.
16:54 1.3.2022

Ресей билігінің соғысты "соғыс" деп атаудан бас тартқан тағы бір риторикасы

Ресей президенті Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков телефон арқылы өткен брифингте «ресейлік әскерилер азаматтық инфраструктураға шабуыл жасап жатқан жоқ» деді, ал Украинадағы соғысты "соғыс" деп атаудан бас тартты.

"Президент Путин бас қолбасшы ретінде арнайы операция жүргізуге бұйрық берді" дейді Песков.

Бірақ мынандай фотолардан Ресей әскерилерінің Украинаның қалаларындағы үйлерге, қала орталықтарына шабуыл жасағанын көруге болады. Бейбіт тұрғындар арасында да қаза тапқандар бар.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG