Ақпанның 18-і күні оппозициялық депутаттар Украинаны 2004 жылғы конституцияға оралуға шақырды. Жоғарғы Рада бұл ұсынысты қабылдаған жағдайда президент Януковичтің өкілеттігі шектелетін еді. Бірақ ол ұсыныс қабылданбады.
Сейсенбі күні оппозициялық депутаттар конституция мәселесін көтеріп жатқанда оларды қолдау үшін парламент ғимараты алдына 20 мыңға жуық шеруші жиналды.
Полиция шерушілерге қарсы тосқауылға шықты. Жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат алтыда ішкі істер министрлігі барлық шерушіден Киевтің Тәуелсіздік алаңынан кетуді талап етті. Осыдан кейін полиция мен шерушілер арасында қақтығыс басталып, ол түні бойы жалғасты. Таңға жуық 25 адамның қаза тапқаны анықталды.
НЕГЕ ҚАН ТӨГІЛДІ?
Наразылық акциясы басталған қараша айынан бергі ең сұмдық оқиға осы болды. 25 адамның қазасы екі жақ мәмілеге келуге әрекет ете бастаған кезде болды.
Ақпанның 17-сі күні үкімет жүздеген шерушіге амнистия жариялады, содан кейін шерушілер елдегі үкіметтік ғимараттарды, соның ішінде Киев мэриясын торуылдағанды қойды. Бірнеше күн бұрын (ақпанның 15-сі күні – ред.) үкімет шеруге шыққаны үшін жазасын өтеп жатқан 234 тұтқынның соңғысын босатқан еді.
Бірақ киевтік саясаттанушы Иван Лозовой «бұл қадамдардың шиеленісті басуға жеткіліксіз болғанын» айтады.
- Босатылған тұтқындардың айыптары алынған жоқ, оларға қарсы қылмыстық іс жабылмады. Екінші жағынан, адамдарға күш көрсеткен, тіпті өлтіруге дейін барған ОМОН қызметкерлеріне қарсы бірде-бір қылмыстық іс қозғалмады. Сондықтан соңғы екі жарым айдың ішінде ашу-ыза күшейе түсті, бұның соңы парламент ғимараты алдындағы қанды оқиғаға ұласты, - дейді ол.
Лозовой қарсылық танытушылар ақпанның 17-сі күні Мәскеудің Киевке көмектесу үшін 2 миллиард доллар береміз деген мәлімдемесіне ызаланғанын айтады. Қарашада Янукович Еуропа Одағынан (ЕО) бас тартып, Ресеймен ынтымақтастықты таңдаған кезде 15 миллиард доллар көмек алуға келіскен еді.
- Шерушілер арасында Янукович шеруді қуып таратса, желтоқсан айында келісілген соманың екінші траншын алады деген лақап тарады, - дейді Лозовой.
КЕЛІСІМГЕ КЕЛУІ МҮМКІН БЕ?
Бұл сұраққа жауап беру қиын. Екі тарап та мәмілеге келудің жолдарын қарастырып көрді.
Янукович қаңтар айында «үкіметті тұтас таратып жіберуге дайынмын» деп мәлімдеді. Бірақ оппозиция «президенттің өзі кетсін, елде мерзімінен бұрын сайлау өтсін» деген талап қойды. Бұдан соң Янукович үкіметті тарату ойынан айныды.
Варшавадағы халықаралық саясат сарапшысы Эугениуш Смоляр «енді екі жақтың да көшедегі тіресуден басқа амалы қалмағанын» айтады.
- Демократиялық жолмен сайланған президент адамгершілік ұғымына сыймайтын, демократияға қарсы әдістерді қолданып, билікті қолына алу үшін адамдарды атып жатыр. Ал оппозиция оны кеңсесінен қуу үшін күш қолдануға мәжбүр, - дейді ол.
ЖӘРДЕМ СЫРТТАН КЕЛЕ МЕ?
Бірнеше айдан бері ЕО мен АҚШ Украина билігі мен оппозициясын дағдарыстан шығу үшін мәміле жасасуға шақырып келеді. Әзірге олардың әрекетінен нәтиже шықпады. ЕО пен АҚШ шенеуніктері «екі жақпен де сөйлесуге даярмыз» дейді, бірақ Киев оларға оппозицияның сүйеніші ретінде қарайды.
Ресей де бітімгер рөлін атқаруға жарамайды. Мәскеу Януковичтің саясатын толық қолдап, АҚШ пен ЕО саясаткерлерін «Украинаның ішкі ісіне араласты» деп айыптайды.
Сыртқы күштердің бітімгер болуға жарамайтыны да Украинадағы дағдарысты шиелестіре түсті. Бұдан Батыс пен Мәскеудің қарым-қатынасы да нашарлап барады.
Смолярдың айтуынша, «Вашингтон мен Брюссельдің қақтығысты бақылап отырғаннан басқа амалы жоқ».
- ЕО-ның да, АҚШ-тың да араласуға құқығы жоқ. Егер Батыс тікелей араласса, бірден қырғи-қабақ соғыс басталады, - дейді ол.
УКРАИНАДА АЗАМАТ СОҒЫСЫ БОЛА МА?
Бұндай сауал еріксіз туындайды. Украиндардың бір бөлігі орысша сөйлейді, елдің болашағын Ресеймен бірге елестетеді. Екінші бөлігі украин тілінде сөйлеп, ел Еуропамен бірге болса дейді. Бірақ жуық арада азамат соғысы басталып кетеді деуге келмейді.
Қазіргі жағдайларды 1991 жылы тәуелсіздігін алған Украинаның бақытты болашақ жолындағы саяси күресі деп сипаттауға болар. 2004 жылғы қызғылт-сары революциядан кейін еуропашыл күштер билікке келді. Ал 2010 жылы ресейшіл Янукович президент болды. Келесі жылдың басында елде тағы сайлау болмақ, сол кезде украиндар өз болашағын анықтап алар деген үміт бар.
(Чарльз Рекнагельдің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)