Қырым татарларының Меджлисі Ресейді Қырымды аннексиялауына табанды түрде қарсылық танытып келеді. Тіпті оның Симферопольдегі ғимаратында әлі күнге дейін украин жалауы желбіреп тұр.
Қырымның іс жүзіндегі басшыларының «экстремистік әрекет» деп шүйлігіп отырғаны да осы екі «айыбы» болса керек.
Түбектегі ұлттар арасындағы алауыздықтың куәгеріне айналған Қырым татарлары Меджлисі – ұзақ тарихы бар ұйым. Ресей мен Орталық Азияға күштеп жер аударылған, кейін отандарына қайтып келген Қырым татарларының өз елінде қайта орнығуының нышаны да – осы Меджлис.
«Қырым татарларының заң шығарушы органы» деп аталғанымен, шын мәнісінде оның қолында атқарушы биліктің функциялары бар. Қырым татарларының ең үлкен саяси органы саналатын, сайланбалы өкілдік орган – Құрылтайда делегаттар арасынан Меджлистің 33 мүшесі сайланады. Бұл құрылтай бес жылда бір рет шақырылады, оған қатысатын делегаттар сайлау механизмдері арқылы таңдалады және оның барысын Қырым татарлары бақылап отырады.
ВИДЕО: Қырым татарлары Меджлисіне прокурор ескертуі
САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУШІ
Ресми сайтындағы ақпаратқа жүгінсек, Меджлистің басты міндеттері – «Совет мемлекетінің Қырым татарларына қатысты жасаған геноцидінің салдарын жою, Қырым татарларының ұлттық және саяси құқықтарын қалпына келтіру және өз жерінде ұлттың өз мәртебесін өзі анықтау принципін жүзеге асыру».
Меджлис Қырым татарларының Қырым үкіметіндегі, Украина үкіметіндегі және халықаралық ұйымдардағы өкілі қызметін атқарады.
Меджлис ресми үкіметтік орган емес. 1991 жылы құрылғалы бері Меджлис пен Украина басшылығы арасында кикілжің аз болған жоқ. 1999 жылы президент жарлығымен оның жұмысы заңдастырылды.
– Жиыны 33 адамнан тұратын Қырым татарлары өкілдерінің кеңесі Украина президентінің 1999 жылғы жарлығымен құрылған. Бұл Меджлистің жұмысын заңдастырды. Ауылдық және аудандық деңгейлерде де жергілікті меджлистер қатысатын дәл осы сияқты кеңестер құрылды. Сөйтіп, Қырым татарларының өзін-өзі басқару органы пайда болды. Біз үкіметпен арадағы делдал рөлін атқарамыз, сайланған өкілдер ел басшылығымен ақылдаса отырып ішкі мәселелерді бірге шешеміз, – дейді Меджлис төрағасы Рефат Чубаров.
Меджлис талқылайтын басты мәселелер – елге қайтып оралған татарларға жер беру, Қырым татарларына мектептер салу, Қырым татары тілінің мәртебесі, мешіттер құрылысы, басқа да осы тақылеттес жайттар.
Алайда 2010 жылы Украина президенті Виктор Янукович Меджлисті орталыққа бағынышты орган етуге, яғни оның құрылымын өзгертіп, мүшелерін Украина президенті тағайындайтын ереже жасауға талпынды. Құрылтай мен Меджлис бұл ұсыныстарға қарсы шығып, жоғарыдан түсірілген бұл форматқа бағынудан бас тартты.
«ҚЫРЫМДЫ УКРАИНАДАҒЫ АВТОНОМИЯ ДЕП БІЛЕДІ»
Қырымның Ресейге қосылуы туралы даулы келісім қабылданғаннан кейін, 2014 жылғы наурыздың 20-сында Украинаның Жоғарғы Радасы Меджлисті формальды түрде мойындап, Қырым татарларына «Украинаның жергілікті халқы» деген мәртебе берді.
Меджлистің көбіне этникалық орыстар көп Қырым өкіметімен қарым-қатынасы тіпті нашар болды. Орыс ұйымдары мен саяси партиялары «заңсыз мемлекеттік институт – Меджлисті тарату керек» деп ұрандаумен келеді.
Елге лек-легімен орала бастағалы бері Қырым татарларының басты талап-тілектерін айтатын бірден-бір ықпалды орган осы Меджлис болып келеді.
– Қырым татарлары елге оралғаннан соң өз отандарына қайтып келу құқығы туралы ғана емес, Қырымның мәртебесіне қатысты өз ұстанымдарын да ашық айта бастады. Олар Қырымды алдымен Совет Одағының, кейін Украинаның құрамындағы ұлттық-аумақтық автономия ретінде көргісі келетіндерін айтты – дейді Рефат Чуваров.
Көп қиындық көріп, геноцидті бастан кешірген ұлт болғандықтан Қырым татарлары – ұйымшыл, бірлігі мықты халық. Меджлистің ондаған мың адамды көшеге шығаруға беделі де, қауқары да жетеді.
Қырым татарлары 16 наурызда өткен Қырымның мәртебесіне қатысты референдумға қатыспасын деген шешімді де Меджлис қабылдаған. Чубаровтың айтуынша, дауыс беруге құқығы бар татарлардың 1 пайызға жуығы ғана референдумға қатысқан.
Меджлис халықты биліктің Қырым татарларының көсемі Мұстафа Джемилевті бес жылға Қырымға кіргізбеу туралы шешіміне қарсы тұруға шақырды. Мыңдаған адам Меджлистің осы бастамасын қолдау танытып, наразылық шарасын өткізді.
ВИДЕО: Қырымға кіре алмаған Джемилевті қолдаушылар
18 мамырда Қырым татарлары қауымдастығы Совет Одағы Қызыл армиясының күшімен отандарынан көшірілгендерінің 70 жылдығын атап өтпек. Ал орыс қауымдары 9 мамырда СССР-дің нацистік Германияны жеңгенінің 69 жылдығын тойламақ.
Қырым татарларының аса беделді көсемі, 1991 жылдан 2013 жылға дейін Меджлистің төрағасы болған Мұстафа Джемилев 18 мамырдағы еске алу шаралары кезінде қантөгіс болуы мүмкін деп ескертті.
– Қырым татарлары өздерінің ұлттық жалаулары мен Украина туын алып шығады. Ал орыс басшылар қызыл көрген бұқадай бұл жалауларға шүйлігетіні белгілі. Олар [Қырым татарларына қарсы] күш қолдануы мүмкін – деді Мұстафа Джемилев 5 мамырда Азаттық радиосының Ккраин қызметіне берген сұхбатында.
ВИДЕО: Мұстафа Джемилевтің Киевтегі баспасөз мәслихаты
Роберт Коалсонның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.