Украина билігі гривнаның арзандауына жол беріп отыр. Олар әлсіз валюта экономикаға серпін берер деп үміттенеді. Бірақ қарапайым украиндықтар «елдегі жағдай асқынып бара жатқандықтан сатып алу мүмкіндігіміз болмай қала ма» деп қорқады.
ҚАУІП
Украин валютасы желтоқсанның басынан бері 3 пайызға арзандап, 23 қаңтар күні долларға шаққандағы құны ең төменгі деңгейге (1 доллар - 8,44 гривна) түсті. Бұл әлемдік қаржы дағдарысы орнаған 2009 жылдан бергі ең төменгі деңгей.
Гривнаның құлдырауына екі ай бұрын басталған көшедегі бүліктер де ықпал етті. 22 қаңтар күні наразылық танытушылардың кейбірі қаза тапты - билікке қарсы екі шеруші оққа ұшты, енді біреуінің сүйегі орманнан табылды.
Берекесі қашқан елдің тұрғындары қаржы дағдарысының жақындап қалғанын сезеді, сондықтан гривнаны тұрақты валютаға айырбастауға тырысып жатыр. Аты-жөнін атамаған Киев тұрғыны: «Гривна құнын жоғалтса, біздің нарық та құрдымға кетеді. Соның кесірінен қолымыздағы қаржымыздан айрыламыз» дейді.
Тұрғындар тұрақты валютаны сақтап қалғысы келеді, "гривнаның арзандауы инфляцияға ұрындырады" деп қорқады.
Азаттыққа сұхбат берген тағы бір украиндық әйел: «Бұл біздің экономикаға ықпал етеді. Барлық дүние қымбаттайды» дейді.
Бірақ сарапшылар гривнаны долларға айырбастаушылар көбейген сайын, валюта құлдырап, Орталық банктің саясаты өзгереді деп санайды.
Лондондағы Standard Bank банкінің еуропалық мемлекеттер бойынша сарапшысы Тим Эш: «Көптеген жылдар бойы Украинаның Орталық банкі валютаны тұрақты сақтау үшін гривнаның долларға қатысты курсын сүйемелдеп келді» дейді. Оның ойынша, енді ол валютаның құлдырауына жағдай жасайды: «Орталық банктің ұстанымында өзгеріс болғандықтан, валюта арзандап отыр. Ресейдің қаржылық көмегі арқасында валютаны барынша тұрақты деңгейге көтеріп аламыз деп ойлайды. Елдің жалпы ішкі өнімі 8 пайыз шамасында тұрғанда 8,2 деген деңгейдің (гривнаның АҚШ долларына қатысты курсы) тұрақты болуы мүмкін емес екеніне көпшілік келіседі деп ойлаймын».
ТӘУЕКЕЛ МЕН КҮДІК
Януковичтің Еуроодақпен әріптес болудан бас тартқаны үшін Мәскеу Киевке 15 миллиард доллар шамасында несие береміз деп уәде еткен еді. Бірақ Эштің айтуынша, Мәскеу ақша ұсына отырып Киевтің валютасын арзандатуға шақырды. Солайша Украинаның экспортқа шығаратын өнімдерін – оның ішінде құрышты бәсекеге қабілетті етпек. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Еуропа Одағы да Украинаға экономикасын қалпына келтіру үшін валюта құнын түсіру керек екенін жиі айтатын.
Валютаны арзандату болашақта украин экономикасын көтеруге ықпал етеді десек те, бақылаушылардың көбі қазіргідей қатерлі кезеңде тәуекелге бел буған Киевке таң қалады.
«Валютаны арзандатып, оны бақылап отыру әр кезде де оңай емес. Бірақ соның арқасында оның резерві сәл алысқа барады. Олар валютасын баяғыда арзандатуы керек еді, қазіргі шоттағы тапшылық мәселенің ертеде туындағанын білдіреді. ХВҚ оны бұрын айтқан. Соңғы бір-екі жылда Украинаның саяси шешімі дұрыс болмады, қазіргі жағдай соны нұсқайды» дейді Лондондағы Renaissance Capital инвестициялық банкінің бас экономисі Чарльз Робертсон.
Енді үкімет "арзандаған валюта мен көшедегі қанды қақтығыс қосылып, халықтың есі шығып, азаматтар гривналарын жанталасып ауыстыра бастамас" деп үміттенеді. Халық ұлттық валютасын тұтас сата бастаса, гривна адам естімеген деңгейге дейін арзандауы мүмкін. Financial Times "елде 2012 жылғы парламенттік сайлауы алдында жұрт доллар сатып алуға ұмтылды, нәтижесінде бір айда 2 миллиард доллар сатылды" деген дерек келтіреді.
Бірақ үкімет нақты шешім қабылдайтын кез жеткенін түсінген сияқты. Янукович экономикалық жағдайды жақсарта алмаса, елді сілкіндірген наразылық акциясын одан әрі ушықтырады. Шерушілер "президент бізді ең жақсы мүмкіндіктен айырды, Еуропа Одағымен тығыз қарым-қатынас жасап, нарықтық реформаны жөндеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті күшейту мүмкіндігінен қақты" деп наразылық білдіреді. Ал Янукович "оның бәріне дәстүрлі экономикалық серіктестер, бұрынғы советтік елдермен бірге жетеміз" деп уәде етті. Оның қазіргі жағдайы адам қызығарлық емес екені анық.
Чарльз Рекнагельдің мақаласын аударған – Динара Әлімжан.