Accessibility links

Ресейшілдер "Донецк республикасын" жариялады


Донецкідегі ресейшіл шерушілер. Украина, 7 сәуір 2014 жыл.
Донецкідегі ресейшіл шерушілер. Украина, 7 сәуір 2014 жыл.
Украинаның Донецк облысында облыстық әкімшілік ғимаратын басып алған ресейшіл күштер аймақты "Донецк халықтық республикасы" деп жариялады деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Жаңа республика жарияланғаны туралы акт облыстық кеңестің отырысында мәлімделген.

Өзін-өзі жариялаған "Донецк республикасы" кеңесі шерушілерге күш көрсетілсе, аймаққа "уақытша бітімгершілік контингентін кіргізуді" сұрап, Ресей президенті Владимир Путинге өтініш білдірді.

ДОНЕЦК, ХАРЬКОВ, ЛУГАНСК - РЕСЕЙШІЛДЕР БЕЛСЕНДІ ҮШ АЙМАҚ

Украинаның шығысындағы үш қалада 6 сәуірде ресейшіл демонстранттар үкіметтік мекемелерге басып кірген еді.

Ондаған адам милиция бөгетін бұзып өтіп, Харьков қаласының әкімшілігін басып алған. Полиция үкіметтік мекемелер үстіне Ресей туларын тіккен адамдарға
Харьковтегі ресейшіл шерушілер. Украина, 7 сәуір 2014 жыл.
Харьковтегі ресейшіл шерушілер. Украина, 7 сәуір 2014 жыл.
қарсы күш қолданған жоқ.

Сол күні Донецкідегі облыстық әкімшілікті, Луганскідегі мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бөлімшесін де басып алған. Донецкіде ресейшіл шерушілер облыстық әкімшілік үстіне Ресей туымен бірге "Донецк республикасы" деген жазуы бар плакат та ілген. Украина телеарналарының хабарлауынша, Луганскіде наразылар Қырымдағыдай референдум өткізуді, соңғы күндері қауіпсіздік қызметі ұстаған бірнеше адамды босатуды талап еткен.

Украина мемлекеттік қауіпсіздік қызметі 6 сәуірде Луганск облысында "билікті құлатуға астыртын сөз байласты" деген күдікпен 15 адамды ұстаған. Мұның алдында Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі "Ресейде шабуылдар жасамақ болды" деген күдікпен 25 украиналық азаматты тұтқындағаны хабарланған еді.

Тәртіпсіздіктерге байланысты Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов 7 сәуірде Литваға жоспарлаған сапарын тоқтатты. Украина
Луганскідегі қауіпсіздік мекемесі кеңсесін басып алған ресейшіл шерушілер. Украина, 7 сәуір 2014 жыл.
Луганскідегі қауіпсіздік мекемесі кеңсесін басып алған ресейшіл шерушілер. Украина, 7 сәуір 2014 жыл.
ішкі істер министрі Арсен Аваков Ресей президенті Владимир Путин мен Украинаның биліктен тайдырылған бұрынғы президенті Виктор Януковичті елдің шығысындағы "сепаратистік іс-әрекеттерге қолдау көрсетіп отыр" деп айыптады. Аваков елдің шығысында зорлық-зомбылықсыз тәртіп орнатуға шақырды.

Оқиға орнында жүрген Арсен Аваков Харьков облыстық әкімшілігін басып алған ресейшіл топтар ғимараттан шығарылды деп хабарлады бүгін Facebook-тегі парақшасында. Оның айтуынша, әкімшілік қызметкерлері жұмыстарына кіріскен.

Ал Донбасс тұрғындары Украина билігіне өздерін "сепаратистер әрекетінен қорғауды" сұрап ашық хат жазған. Тұрғындар құқық қорғау органдарының тәртіпсіздіктерге қатысушыларды жауапқа тартпай отырғанын айтқан.

Украина билігі елдің шығысындағы тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық іс қозғаған.

Чехия президенті Милош Земан "егер Ресей Украинаның шығыс бөлігін аннексиялап алуға ұмтылса, Батыс елдері қатаң шаралар қарастыруы тиіс" деп мәлімдеді. Ол Украинаның шығыс аймағын басып алу қаупі төнсе, бұл елге НАТО әскерін кіргізу қажет екенін айтты.

Ақпан айының соңында Украинада президент Виктор Янукович биліктен кетірілген соң Ресей Қырым аймағына әскер кіргізген. Наурыз айында Қырымда Мәскеудің бақылауымен референдум өткізіліп, оның нәтижесі бойынша Ресей аймақты өзіне қосып алған.
XS
SM
MD
LG