Киевтің Еуропа Одағына (ЕО) қосылу туралы келісім-шартты кейінге қалдыру жөніндегі шешіміне наразылық танытып, шеруге шыққан украиндықтардың негізін студенттер құрайды. Президент Виктор Януковичтің Ресейді таңдап, Еуропадан теріс айналған саясатына қарсылық танытқан студенттер сабақтарына бармады.
«СТУДЕНТТЕР ЕУРОПАҒА ҚОСЫЛУДЫ ҚАЛАЙДЫ»
Сәрсенбі, 27 қараша күні он мыңдаған студент дабылдатып, еуропалық бағытты қолдайтын ұрандарын ұстап, шеруге шықты, Януковичтен шешімін өзгертуді талап етті.
Наразылықтың орталығына айналған, елдің батысындағы Львов қаласында 30 мыңға жуық студент сейсенбі күні көшеге шықты. Ауыл шаруашылық институтының 23 жастағы студенті Борис Пошивак – Львовтегі шеруді бастағандардың бірі.
– Студенттер өздерін еуропалық ретінде сезінгісі келеді. Олар Украинаның ЕО мүшесі болғанын қалайды. Біз лайықты өмір сүргіміз келеді, – дейді ол.
Тәуелсіз Украинада туып-өскен жаңа буын өкілдері шеруге шығудан жасқанбайды. Олар өздерін еуропалықпыз деп санайды, саясатқа көңілдері толмайды және оппозиционерлермен де келіспейді.
– Қазір Украинада ұрпақтар арасына жік түскеніне, олардың бағыты екіге айрылғанына куәгер болып отырмыз. Жас украиндықтар жас итальялықтар мен чехтарға, поляктар мен немістерге ұқсайды. Олар 50 жастағы және одан да егде украиндықтардан бөлек. Бұл буын Еуропаға бірігуді аңсайды, аймақтық әріптестеріне қарайлағысы келмейді. Олар – «қызғылт-сары төңкерістің» құрдастары, мүлдем басқа буын, – дейді Львов қаласында тұратын тарихшы Яроцлав Грицак.
«ЕУРОМАЙДАН»
Януковичті «сайлауды бұрмалады» деп айыптап, билікке келтірмеген 2004 жылғы төңкерістен кейін Украина астанасына жиналған шерушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл шара 2004 жылғы төңкерістің уақытына тұспа-тұс келгендіктен және сол оқиға болған алаңда өтіп жатқандықтан ерекше әсер етті. Жаңа наразылықты «Еуромайдан» деп атап үлгерді.
Шерушілердің бәрі Еуропаға қосылуды көздегенімен, әдістері әртүрлі. Студенттер мен жастар азаматтық наразылық акциясын өткіземіз десе де, саяси партиялардың ықпалына түскісі келмейді. Ал ересек оппозиция белсенділері митингіге саяси реңк бергісі келеді, партиялық жалаулары мен ұрандарын ары-бері сермейді.
Оппозиция жетекшілерінің көбі студенттердің партиялық белгілерді алып тастайық деген ұсынысын қабылдамады.
– Ту ұстамай шығып, жалған наразылық таныту – биліктің мүддесін білдіреді. Олар адамдарға кедергі келтіргісі келеді. Саяси жалауы жоқ адамның саяси талабы да болмайды. ЕО-ға қосылу келісімін талап ету саяси талап емес пе? – дейді әсіреұлтшыл бүкілукраиналық «Свобода» партиясының жетекшісі Олег Тягнибок.
Киевте екі топтың арасындағы алшақтық ерекше байқалады – сейсенбіде мақсаттары бір екенін мәлімдегендеріне қарамастан, екі топтың митингісі екі бөлек өтті.
Күн суытып кетсе де, студенттер 29 қарашада Вильнюстегі саммит аяқталғанша алаңда түнейміз дейді. Олар өз арасынан қауіпсіздік қарауылын сайлап қойды. Ұйымдастыру комитеті құрылып, еріктілер азық-түлік пен жылы киім, жамылғы таратты. Киевте де ұйымдастыру комитеті басқа қаладан келген шерушілерге баспана тауып берді.
Қарсылық акциясын халықаралық «Оккупай» қозғалысымен салыстыруға болады. Бұл шара да әлеуметтік желіге негізделген, әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті жоюға шақырады, дәстүрлі саясатқа сенбейді.
– 2004 жылғы оқиғаға қарағанда биылғы наразылық «Оккупай» қозғалысына көбірек ұқсайды. Олар саясаткерлерге сенбейді, наразылықтың қозғаушы күші – жастар. Олар өз болашағы үшін күресіп жатыр, – дейді Яроцлав Грицак.
Азаттық тілшісі Клэр Биггтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.