Accessibility links

Кучма: Украина дағдарысын Батыс қана шеше алады


Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучма. Киев, 28 наурыз 2011 жыл.
Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучма. Киев, 28 наурыз 2011 жыл.

Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучма «қазіргі дағдарыстан тек Батыстың араласуымен ғана шығуға болады» деп санайды. Кучма Азаттыққа эксклюзивтік сұхбат берді.

1994-2004 жылдары Украина президенті болған Кучма Ресейдің Қырымды қосып алуы, елдің шығыс аймақтарындағы тұрақсыздық, Киев пен Мәскеу арасындағы алауыздық, Украинаның қазіргі билігі және болашағы жөніндегі пікірлерімен бөлісті.

Азаттық: - Ресейдің Украинаға қатысты келесі қадамы туралы түрлі болжам айтылып жатыр. Ресей Украинаның басқа да аймақтарын бөліп әкетуге тырыса ма? Ресей президенті Владимир Путинді жақсы білетін адам ретінде не айтар едіңіз?

Кучма: - Ресей әскери шабуыл жасайды деп ойламаймын. Қырымды бір оқ шығармастан бере салдық. Бүгінгі жағдайды болдырмау үшін Украина көп шаруа тындыруы керек еді. Мәскеудің келесі қадамы туралы айтсақ, Ресейдің
Қырымды бір оқ шығармастан бере салдық. Бүгінгі жағдайды болдырмау үшін Украина көп шаруа тындыруы керек еді.
Украинаның шығыс аймақтарында тұрақсыздық орнатқысы келетінін байқаймыз. Белгілі бір деңгейде ол мақсатына жетіп те жатыр, бұл аймақтарда олардың идеологиясы мен орыс тілділерді қорғау акциясы жүріп жатқанымен қоймай, мол қаржы да құйылып жатыр. Оған күмәнім жоқ. Көптеген саяси сарапшылар Ресей Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды ушықтыру үшін ештеңеден аянбайды деп санайды. Украинаның шығыс шекарасында Ресейдің саны мол, ауыр әскері тұр, ол да жағдайға ықпал етеді.

Азаттық: - Бұл жағдайдан шығатын жол қандай?

Кучма: - Бұл мәселені енді тек Батыс пен АҚШ-тың көмегі арқасында ғана шешуге болады. Ресей Киевтегі қазіргі биліктің легитимділігін мойындамайды және онымен келіссөзге бармайды. Украинаның бұл тарапта мүмкіндігі қалмады десе де болады. Украина әуел бастан-ақ бұл бағытта нақты қадамдар жасауы керек еді, бірақ олай істемеді. Мысалы, депутаттар Мәскеуге барып «Біз сіздермен сөйлесуге келдік. Егер оны қаламасаңдар, онда бізбен істес болғыларың келмейді деген сөз» деуі керек еді. Енді Керри (АҚШ мемлекеттік хатшысы) мен Лавров (Ресейдің сыртқы істер министрі) және үшінші жақ - Еуропа Одағы пәтуаға келу үшін келіссөз жүргізіп жатыр.

Азаттық: - Украина Қырымды Ресейден қайтарып алуы мүмкін бе?

Кучма: - Қазіргі жағдайды ескере отырып, Украина Қырымды қайтарып алады деп ойламаймын. Ол Путиннің жеңілгенін мойындағаны болар
Украина Қырымды қайтарып алады деп ойламаймын. Ол Путиннің жеңілгенін мойындағаны болар еді.
еді. Халықаралық қауымдастыққа келсек, әлемде мұндай оқиғалардың ондаған үлгісі бар. Басында бәрі шулайды, сосын әуелде тулап шығатын америкалықтар көңіл-күйлерін бұзғысы келмей, ең бастысы - қаржыларын жоғалтқысы келмей тынышталып қалады. Олардың бәрі – АҚШ, Ресей, Қытай және Франция Украинаның мүддесін қорғаймыз деп уәде берді. Бірақ ешкім қатаң экономикалық санкцияларға барғысы келмейді - бәрі өзінің қаржылық мүддесін ойлайды.

Азаттық: - Ресейдің шектен шығып, Украинаның аумақтық тұтастығын бұзғанына таңғалдыңыз ба?

Кучма: - Ресейдің әрекетін түсіну үшін Путиннің көзқарасын ұғыну керек. Ресей қашанда «НАТО Мәскеудің түбінен шыға келе ме?» деп қорқып келді. Мәскеуге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Украина ешқашан НАТО-ға кірмейді» деген шешімі керек. Бірақ Ресей басқа жолды таңдады, соңғы жылдары көргеніміздей, ол экономикалық қысым жасауға кірісті.

Демек Путин Украинаға, әсіресе оның үкіметіне ешқашан да сенбеген. Ол «бір күні Украина билігіне біреу келіп, ресей-украин достығын ұмытып, оны Еуропа Одағына немесе НАТО-ға қосып жібереді» деп ойлады. Сондықтан болашақтағы жағдайларға алдын ала жоспар жасалған, соның бірі - Қырымды қосып алу. Мұны олар бірден жүзеге асырды.

Азаттық: - Президент сайлауына кандидаттар ішінде Украинаны қазіргі дағдарыстан шығара алатын адам бар ма?
Арсений Яценюк (оң жақта) пен Леонид Кучма (сол жақта). Ялта, 20 қыркүйек 2013 жыл.
Арсений Яценюк (оң жақта) пен Леонид Кучма (сол жақта). Ялта, 20 қыркүйек 2013 жыл.
Кучма: - Өкінішке орай, Украина тұрғындарының басын біріктіруге лайық бірде-бір кандидатты көріп тұрған жоқпын. Себебі олардың бәрі «қызғылт-сары» биліктің адамдары. Болашақ басшылық елдің басын біріктіруі үшін барлық аймаққа сөзін өткізе алатындай болуы тиіс. Егер билікті Украинаның жарты бөлігі ғана қолдаса, басқа бөлігі теріс әрекетін жасай береді. Жаңа үкімет билікке келген бетте бәрін шешіп тастайды деген үмітім жоқ.

Бірақ қазіргі премьер-министр Арсений Яценюктің әрекеті ұнайды, ол барлық аймақтарға үкіметтің саясатын жеткізуге тырысады. Қазіргі таңда биліктегілердің бәрі шығысқа барып, ойын, жоспарын жеткізуі тиіс. Себебі ол жақта орталық билік пен Батыс Украинаға сенім жоқ, ол сенімге қол жеткізу оңай жұмыс емес.

(Дмитрий Волчектің сұхбатын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)
XS
SM
MD
LG