10:30 – Достарыма хабарластым. Біреуі әкімдік маңынан ресейшіл белсенділерді көрген. Ол «Ғимараттағы ту жоқ, есігі ашық жатыр» деді. Тағы бір досым депутаттардың әлі де жұмыс істеп жатқанын, бірақ екінші қабатта полиция мен ресейшіл адамдардың жүргенін айтты. Осыған қарамастан, Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков «ғимаратты бақылауда ұстап отырмыз» деп мәлімдеді. Оның мұнысы адамдарды аң-таң етті.
13:00 – Әкімдік алдындағы Бостандық алаңынан өттім. Онда Ленин ескерткіші бар. Алаңның ұзындығы - Прагадағы Вацлав алаңы тәрізді 800 метр, бірақ ені одан екі есе кең. Ресейдегі ешбір алаңды онымен салыстыруға келмейді, мұнда Қызыл алаңдағыдай кірпіштер төселген. Еуропадағы алаңдармен де салыстыра алмайсыз. Бұл жерден советтік гигантизм мен адамгершілік қатар көрінеді. Сәулет өнері туралы бірінші рет осындай ойға қалдым. Оқиғаның бәрі үкімет үйінің алдында (500х500 метр кеңістікте) болды. Шамамен 2 мыңдай ресейшіл адам ғимарат алдында тұрды (Мәскеудегі сыртқы істер министрлігі ғимаратына ұқсайтын сталиндік дәуір құрылысы). Ал оларға қарсы «майданшылар» қарасы да 2 мыңдай. Олар Украина туын ұстап, «Көтеріл, алып ел!» деп айғайлап тұрды.
13:05 – Ғимараттың оң қапталында үш түтін құтысы жарылды. Бірақ түтіні тез тарады, көпір үстінде төбелес басталды. «Титушкалар» (ресейшілдерді айтады - ред.) «майданшыл» белсенділерді ұрып-соға бастады. Қай жақтан екені белгісіз - оқ атылды. Украинаның туы құлады. Ресейшіл шерушілер Сумская көшесінен Шевченко саябағына қарай жылжыды, бес минуттың ішінде он шақты қан-жоса төбелес көрдім. Жедел жәрдем келді. «Титушкалар» жылдам жүгіреді, адамдарды құлатып, тепкілеп, сойылмен ұрады. Олар медициналық маска, кроссовка мен бас киім, капюшон киген.
13:15 – Шевченко саябағының бас жағындағы шыршалардың арасына жасырынып тұрып Сумскаядағы үш шайқасты көрдім. Суретке түсіру өте қауіпті еді. Полициялар бұл ұрысты байқамаған түр танытты.
Ресейшіл күштердің қасында тұрған бірнеше қыз «кеше Сумская мен Рымарская көшелерінде майданшыларды қалай ұрғандарын» айтып жатты. Олардың біреуі тіпті жаңалықтарға шығыпты. Ол әлем-жәлем боянып алған, қара, сары жолақтары бар күрте киген. Екінші қыз жеңіне қызыл крест тағып алған. Үш егде әйел олардың әңгімесіне араласуға тырысты, бірақ оларынан түк шықпады. «Майданға» қарсы қыздар еліріп алған, арақ исі мүңкиді. Мен бұл «театрды» тығылып тұрып көрдім. Сумская көшесіне біреулер жанғыш шөлмек лақтырды. Екі адам қан-жоса болып, таяқ жеді. Тағы екеуі бастарын байлап алған.
13:30 – Харьковтегі «Майдан» шеруінің ұйымдастырушысымен хабарластым. Біз үкімет ғимаратының сол жақ бұрышында кездестік. Алаңнан майданшыларды қуып жіберген соң, оның қасында 300-ден астам ғана жақтасы қалды.
Киев қалалық радасының депутаты Олесь Доний мырза бұл адамдардан кеше болған жағдайды сұрастырып жатты. Адамдар «полиция ресейлік белсенділердің әкімдік ғимаратына кіруіне қарсылық көрсетпеді» деді. Олар «ғимаратқа 10 минуттың ішінде кірудің мүмкін емес екенін, қақпалардың жабық болғанын» айтты. Тұрғындар шоқпар ұстаған «титушкалардан» шошып, полицияға «сендер неге қарап тұрсыңдар?» деп айғайлаған.
Бұрын кісі өлімін тексеру бөлімінің детективі болған кәрі офицер «полиция «Майдан» шерушісіне қарсы пневматикалық тапаншадан оқ атқан адамды тұтқындаумен шектелді» дейді. Бірақ азаматтық киім киген офицер оны кейін босатып жіберген. Өйткені біреулер келіп оған «жібере сал, біздің адам» деген. Кәрі офицер бұрынғы бастығынан тапанша атқан адамды полицейдің неге жібере салғанын сұрады. Бастығы оған «бұл жерден аман-есен кетіп қалуға» кеңес берді.
Доний «Харьковтегі қауіпсіздік қызметі, Киевтегі қауіпсіздік қызметі басшыларын да дереу ауыстыру керек» дейді. Бірақ ол «Радада отырғандардың бұл сөзіне құлақ асатынына сенбейді». Депутат Қырым Ресейге Рада мен Кремль арасындағы келісім бойынша берілді деп санайды. Ол Харьковтің украинашыл тұрғындарына бір ғана кеңес береді - тұрғындар өздерін өздері қорғауы керек. Алаңнан совет дәуіріндегі хитке айналған әндер естіліп тұрды.
18:10 – Харьковтің орталығы өте әдемі, шағын. Бірақ мен метроның «Бекетов» станциясынан қақтығыстар болған Бостандық алаңына баруға қанша уақыт кететінін дұрыс есептей алмаппын. «Майдан» шеруіне 10 минут кешігіп келдім. Украина туын ұстаған «Майдан» шерушілері аймақтық әкімдік ғимаратын қоршап алған ресейшілдерге қарсы келіп тұрды. Әр жақтан 1 500 шамасында адам бар. Олардың арасын полицияның үш кордоны бөліп тұрды.
Георгий лентасын таққан байкерлер мен велосипедшілер бірінші кордонның тұсында, ғимаратқа жақын тұрды. Екінші кордонның қасынан жаяу жүргіншілер мен трамвайлар тыныш өтіп жатыр. Шерушілердің екі тобы да айғайлап ән салып тұр. Ресейшілдер «Ресей» деп айғайласа, украиналықтар «Украина өлмейді» деген сөзді аянышты дауыспен қайталайды. Кейде күлкің келеді. Бірақ ресейшіл, жас әрі мықты жігіттердің сойыл ұстап тұрғанын көргенде күлкің қашып кетеді. Олар жаңа, қымбат кроссовка мен жемпір киген, спортпен айналысатындары білініп тұр, маска киіп алған, түрлері ашулы. Мәскеулік спорт брендтерін кигендеріне қарап, оларды жақсы қаржыландыратынын аңғаруға болады.
19:00 – Үкімет ғимаратының алдында тұрған ресейшіл шерушілер өздері сайлаған «балама» депутаттарды жариялады. Олардың мұнысы саясатқа қатысы жоқ, өздері ойлап тапқан ақылға сыйымсыз қойылымға ұқсап тұрды.
19:20 – Спорттық киім киген 200-ге жуық ер адам сойыл ұстап ғимараттың оң жағында, майданшылар мен ресейшілдердің арасында жүгіріп жүрді. Оларды көрген бетте адам қаша жөнелгісі келеді. Мен де әрине олардан аулақ кетіп, алаңның екінші бетіне өттім. Жүгіріп бара жатқанымда бес түтін құтысы таңертеңгі орыннан атылды. Полиция оған мән бермеді. Екінші жаққа өткенде «майданшылардың» Ленин ескерткішіне қарай жүгіргенін көрдім. Титушкалар оларды ығыстырып барады. Бір кезде ресейшілдер алаңды тұтас басып алды.
Алаңның шетіндегі ғимарат қабырғасына жабысып тұрмын. Мені 65 жас шамасындағы ер адам қорғап тұрды. Екеуміз әзілдесіп қоямыз. Ол ресейшіл белсенділерді қолдайды, бірақ өзі іске білек сыбанып кіріспейді. Ол «Майдан» шерушілерінің Харьковке Украинаның батысынан келгеніне сенімді. Кенеттен «Қызым, бұл жерден кет, сіз Харьков тілінде сөйлемейсіз. Кететін уақытың келді» деді. Ресейшілдер майданшыларды Ленин ескерткішінен төмен қуып тастады, ол жерде шайқас жүріп жатты. Иә, кететін уақытым келді. Сумская көшесінен Шевченко ескерткішіне бардым. Маған қарай Георгий лентасын таққан, қолдарына сойыл ұстаған, жүздері қып-қызыл ресейшілдер жүгіріп келе жатты. Олардың бірі: «Полициядан сытылып кеттік, аналарды жайратып салдым ғой» деп қойды.
(Елена Фанайлованың күнделігін аударған – Динара Әлімжан)