Одессадағы Хабад үйі – 12 мың еврей тұратын қаладағы тұрақты жұмыс істеп тұрған екі синагоганың бірі. Ол мамырдың 2-сі күні өртенген кәсіподақтар ғимаратына таяу маңда орналасқан.
Сол өрт кесірінен 40-тан астам адам опат болды. Олардың көбі - Ресейге қосылуды жақтап митингіге шыққандар.
Кәсіподақтар ғимаратында өрт шыққан сәтте синагогада 100-ге жуық адам ғибадат етіп жатқан. Өрт еврейлер ғибатханасынан шықты деген жалған ақпарат тараған. Ақпарат құралдары оқиғаны сан-саққа жүгіртті. Олардың мұнысы еврейлер қауымдастығын тіксінтті.
РЕСЕЙДІҢ ҮГІТ-НАСИХАТЫ
Ресейдің ағылшын тілінде шығатын үгіт-насихат құралы саналатын RT телеарнасы «Автобустар мен қарулы күзетшілер: Одесса еврейлері жаппай эвакуацияға дайын» деген тақырыппен хабар таратты. UralPress сайты «Еврейлер погромға ұшыраудан қорқып отыр» деген мақала жариялады.
Мұндай суыт ақпараттардың тарауына The Jerusalem Post газетінде мамырдың 5-і күні жарық көрген мақала түрткі болған. Израильде шығатын бұл басылым Одессадағы Хабад үйінің басшысы раввин Авраам Вольфқа сілтеме жасап, «Мамырдың 2-сі күнгі оқиғалардан кейін еврейлер 70 автобуспен елден кетуге дайындалып жатыр» деп хабарлаған еді.
Бірақ көп ұзамай одессалық еврей қауымдастығы бұл ақпараттарды жоққа шығарды. Ресей еврей конгресі өкілінің айтуынша, болмашы ақпаратты орыс ақпарат құралдары тым әсірелеп жіберген.
«РАВВИННІҢ СӨЗІН БҰРМАЛАДЫ»
Кәсіподақ ғимаратындағы өрттен бір апта өткен соң синагогаға барған Азаттық тілшісі ғибадат орнының маңынан ешқандай автобус байқамады. Қауіпсіздік қызметі оны ғимараттың ішіне кіргізбей қойды. Көзге шалынған бір ғана күзетшімен сөйлесудің сәті түспеді.
Раввин Авраам Вольф Азаттық тілшісі келген сәтте Одессада болған жоқ, ал Хабад үйінің баспасөз хатшысы міндетін атқаратын Берл Капулькиннің айтуынша, «журналистер раввиннің сөзін бұрмалап берген».
Берл Капулькиннің сөзінше, елдегі саяси ахуал ушығып тұрған сәтте қаладағы жағдай шиеленісіп кетсе, ең алдымен жетімдер үйіндегі балаларды эвакуациялау жоспары болған. Бірақ жаппай шұғыл көшуге қажеттілік жоқ, қаладағы ахуал бірқалыпты.
"Украина азаматтары ретінде еврей қауымдастығы бұл қасіретке қатты қобалжыды. Ал еврейлер қауымдастығына елден ерек төніп тұрған қатер жоқ" деді Капулькин.
АРАНДАТУ
Капулькиннің айтуынша, кейбір ақпарат құралдары еврейлерді Ресейді қолдайтындар мен Киевті жақтайтындардың бір жағына шығару үшін қитұрқы мақалалар жазып жатыр.
Ресей Украинаның жаңа билігін мойындамай отыр және Киевтегі үкіметті «фашистер» мен «антисемиттерді» қолдайды деп айыптайды.
Негізінен Ресейді жақтайтын қарулы сепаратистердің бақылауында тұрған Донецк қаласындағы синагогада еврейлерден тіркелу ақысын талап ететін хабарландырулар таратылған. Онда «Тіркеу ақысын төлемеген еврейлер елден шығарылады» деп жазылған. Сол кезде бұл қақтығысып жатқан саяси күштердің бірі ұйымдастырған арандату әрекеті деген тұжырым жасалған еді.
Осы қаңқу сөздердің әсері болды ма, жоқ па – әйтеуір Украинадан өз еркімен кетіп жатқан еврейлер көбейген. Jewish Agency агенттігінің ақпаратына қарағанда, 2014 жылдың бірінші ширегінде 762 еврей Украинадан Израильге қоныс аударған. Бұл 2013 жылғы көрсеткіштен екі есе көп.
(Глен Кейтстің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)