Шілденің 3-і Украинаның Николаев қалалық соты Евгений Дрыжак есімді полицейді әйел зорлаған күдікті ретінде қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол абақтыда тамыздың 15-іне дейін болмақ.
Сот шешімі жүздеген осы облыстың жүздеген тұрғыны қатысқан наразылық акциясынан кейін шықты. Наразы жұрт Николаев облысының Врадиевка ауылындағы полиция бөлімшесінің терезесін сындырып, өртемек болған еді.
Елдің оңтүстігіндегі Николаев облысындағы 29 жастағы әйелді зорлап, соққыға жыққан оқиға бойынша күдікті ретінде үш адам - екі полицей, бір таксист ұсталған болатын. Бірақ шілденің 1-і күні күні полицейлердің бірі тергеуден босап шыққан. Тұрғындар осыған наразы болды.
Бұл өңірде былтыр да осыған ұқсас жағдай болған. Ол кезде жасөспірім қызды әлдекімдер зорлап, буындырып өлтіріп, өртеп жіберген. Полиция ата-аналары бұрын басшы қызметте болған екі күдіктіні босатып жіберген кезде жұрт жаппай көтерілген.